ӘУЕЗОВТЩ БӨРЛІДЕГІ МҰРА ЖАЙ ҮЙІ - Мұхтар Әуезовтің туған жері Бөрлідегі Әуез әулеті қыстауында орналасқан мәдени
мекеме (Қазіргі Шығыс Қазақстан обл. Абай ауд). Мұражай жазушының туғанына 90 жыл толар
қарсаңында (1987. қыркүйек) ашылған. ЮНЕСКО-ның шешімімен дүниежүз. ауқымда аталып
өткен ұлы жазушының туғанына 100 жыл толу салтанаты алдында (1997. қыркүйек)
мұражай қайта жабдықталды. Мұражай экспозициясы 8 бөлімнен тұрады: 1) Әуез бөлмесі; 2)
Мұхтардың балалық және жастық шағы; 3) Анасының бөлмесі; 4) "Абай жолы" романы; 5)
Мұхтар отбасы; 6) Мұхтар шет елдерде; 7) Мұхтардың туған елге соңғы келуі; 8) Сыйлықтар залы.
Барлығы 1000-ға жуық экспонат қойылған. Оның 610-ы негізгі қорда. Мұнда жазушының өмірі
мен өскен ортасын жан-жақты көрсететін мұрағаттармен танысып, ұлы суреткер мұрасы мен
өміріне қатысты оқиғалар туралы түсірілген деректі фильмдерді көруге болады. Мұражай
төңірегінде Омархан мен Нұржамалдың, Ақылбайдың, Әйгерім мен Ділдәнің кесенелері бар.