жарияланып, "Тастүлек" (1935), "Ескілік көлеңкесінде" (1935), "Қараш-Қараш" (1936) әңгімелер
жинағы жарық көрген. Ә. сценарийі бойынша "Райхан" көркем фильмі түсірілген (1940).
Л.Соболевпен бірігіп "Дала жыры" аталатын жинақ құрастырып, оған алғы сөз жазған (1940). Осы
жылдары "Абай" романын жазуға кірісіп, оның 1-кітабы 1942 ж.. 2-кітабы 1947 ж. жарық көрген.
1949 ж. "Абай" романы үшін (алғашқы екі кітабына) Ә-ке бірінші дәрежелі Сталиндік сыйл. (кейінгі
КСРО Мемл. сыйл.) берілген. 1950 ж. роман-эпопеяның "Ақын аға" аталатын үшінші кітабы
жарық көрген. 1943 жылдан Тіл. әдебиет және тарих ғыл.-зерт. ин-тының аға ғыл. қызметкері.
кейін ҚазҰУ-дың қазақ әдебиеті кафедрасына проф. болып орналасып, өмірінің соңына дейін
сонда дәріс оқыған. Ұлы Отан соғысы жылдарында "Сын сағатта" (1941), "Намыс гвардиясы"
(Ә.Әбішевпен бірігіп, 1942), "Қынаптан қылыш" (1945) пьесалары мен "Абай" операсының
либреттосын (1944), "Абай әндері" фильмінің сценарийін (1945) жазған. 1946 ж. Қазақстан ҒА
құрылғанда, оның толық мүшесі (№ 1 академик куәлігі беріліп) болып сайланған. филол. ғыл. докт..
проф. атағы беріледі. Ол "Қазақ ССР тарихының" әдебиет тарихы бөлімін жазып, "Қазақсовет
әдебиеті тарихын жазуға жетекшілік еткен. 1947 ж. "Төлеген Тоқтаров" операсының либреттосын
жазады. 1951 - 54 ж. Ә. саяси-идеол. тұрғыдан тағы да қыспаққа алынып, оны
"ұлтшыл-алашордашыл" ретінде жаппай сынау науқаны басталады. Мерзімді баспасөзде Ә. туралы
сыңаржақ сындар мен оны "халық жауы" ретінде әшкерелеген мақалалар басылды. Соған
қарамастан, ол 1952 ж. Фрунзе (қазіргі Бішкек) қ-ндағы "Манас" жыры туралы конференцияда сөз
сөйлеп, қырғыз халқының ұлы эпосын ақтап алуға зор үлес қосады. Өзі жазғандай, "басын қатерге
тіге отырып, ел үшін тәуекелге барады", 1953 ж. қамауға алыну қаупі төнгенде. Мәскеуге жасырын
аттанып кетуге мәжбүр болады. Онда А.Фадеев, К.Симонов, В.Кожевников, Н.Тихонов.т.б. орыс
жазушылары араша түсіп, Ә-ті жазықсыз жазадан аман алып қалған. 1953 - 54 ж. Мәскеу мемл.
ун-тінің проф. болып қызмет істеген. 1954 ж. Алматыға қайтып оралып, "Абай жолы"
роман-эпопеясын түпкілікті аяқтаған. Бұл эпикалық шығарма әлем әдебиетіндегі ерекше құбылыс
ретінде бағаланады. (қ. "Абай жолы"). 1959 ж. "Абай жолы" романы эпопеясында КСРО-дағы ең
жоғарғы сыйлық - Лениндік сыйлық берілді. Ә. 1957 - 61 ж. Қазақстан ҒА Тіл және әдебиет
ин-тында бөлім меңгерушісі қызметін атқарған. "Бес дос" (1956), "Дос -Бедел дос" (1958), "Алуа",
"Асыл нәсілдер" пьесаларын, "Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы" монографиясын (1959), "Өскен
өркен" (1960 -61) романын жазған. Ә. 2 мәрте Еңбек Қызыл Ту (1945. 1957), "Құрмет белгісі"
(1951), Ленин ордендерімен (1957) марапатталған. Ұлы жазушы кенеттен қайтыс болған соң,
оның еңбегін бағалау, есімін қүрметтеу шаралары қолға алынды. 1961 ж. Қазақстан үкіметінің
қаулысымен Қазақстан ҒА-ның Әдебиет және өнер ин-на оның есімі берілді, ин-т құрамында ғыл
бөлім ретінде
Әуезов үйі ашылды (1963). ескерткіштер орнатылды. Қазақ драма театры, Алматы,
Астана, Семей және басқа қалалар мен облыстардағы аудан, ауыл, көше, мектептер Ә. есімімен
аталады. Ұлы жазушының туғанына 100 жыл толуы ЮНЕСКО шешімімен дүниежүзілік деңгейде
аталып өтті (1997). ЮНЕСКО-ның Париждегі штаб пәтерінде Ә. шығарм-ғына арналған халықар.
конференция өтті. Қазақ теледидары ұлы жазушы шығарм-ғына арналған 12 сериялы телехабар
түсірді. Әдебиеттану ғылымында үлы жазушының әдеби және ғыл. мұраларын. өмір жолын
зерттейтін Әуезовтану саласы жеке ғыл. пән ретінде қалыптасты.
Достарыңызбен бөлісу: