Национальной академии наук республики казахстан


Гений казахстанской исторической науки



Pdf көрінісі
бет35/38
Дата03.03.2017
өлшемі3,9 Mb.
#7070
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   38

Гений казахстанской исторической науки 
Резюме 
 
Статья посвящается ученому археологу-этнографу, профессору Толеубаеву Абдешу Ташкеновичу. 
 
Genius of Kazakhstan historical science 
Summary 
 
The article is dedicated to the scientific to ethnographer, professor Тоleubayev Abdesh Tashkenovich. 
 
 
 

Известия Национальной Академии наук Республики Казахстан  
 
 
   
244  
УДК 579.71 
 
1
Қ.Ə.ЖҰМАҒҰЛОВА, ДОЦЕНТ, П.Ғ.К. 
2
Б.А.ОСПАНОВА, ПРОФЕССОР, П.Ғ.Д 
А.Е.ТАШБУЛАТОВА, ДОКТОРАНТ PHD 
 
1
АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ АЛМАТЫ 
2
А. ЯССАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ ТҮРКІСТАН 
 
ОҚУ ҮДЕРІСІНДЕ БОЛАШАҚ МАМАНДАРДЫҢ  КРЕАТИВТІ ТҰЛҒАСЫН 
ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ  ТЕОРИЯЛЫҚ-ƏДІСНАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 
 
Аннотация 
 
Бұл  мақаланың  мақсаты:  оқу  үдерісінде  болашақ  мамандардың    креативті  тұлғасын  қалыптастырудың  
теориялық-əдіснамалық негіздері   талдау жасап, оның  құрылымы мен мазмұнын анықтау болып табылады.  
Ғалымдардың  креативтілік  туралы  айтқан    түсініктемелерін  талдай  келе,  біз  төмендегідей  анақытама 
беруге тырыстық.     
Креативтілікті  өз  бетінше  шешім  қабылдауға,  əртүрлі  ерекше  идеяларды  тудыруға,  жаңаша  білім 
формаларын  қалыптастырып,  педагогикалық  міндеттерді  шешудің  жаңа  əдістерін  табуға  бағытталған 
адамның шығармашылық əрекеті ретінде түсінеміз. 
Зерттеу мақсатында бірнеше əдістер қолданылды, атап айтсақ:  
 -теориялық талдау; 
- синтез. 
 
Тірек сөздер: креативтілік, шығармашылық, ассоциация,  тұлға, анализ, синтез. 
Ключевые слова: креативность, познавательность, ассоциация, индивид, анализ, синтез. 
Keywords: creativity, cognition, association, individual, analysis, synthesis. 
 
Креативтілікті  писхология  жəне  педагогика  ғылымдарының  категориясы  ретінде    қарастырар 
болсақ,  «креативтілік»  ұғымына    көптеген  ғылыми  еңбектерде  біртектес  анықтамалар  беріліп, 
ұқсас  пікірлер айтылған.  
Креативтілік  ұғымының педагогикалық-психологиялық əдебиеттердегі  көрінісін талдай келе, 
біз A.B.Хуторской  мен отандық ғалым Ш.Таубаеваның креативтілік ұғымына берген анықтамасы   
«креативтілік  дегеніміз  жеке  шығармашылық  əрекеттің  жемісі»  жəне    «Креативтік –  бұл 
индивидтердің  саналы  құндылықтар  жасау,  стандартты  емес  шешім  қабылдаудың  терең  қасиетін 
көрсететін қабілеттілік» - деген пікіріне қосыламыз.    
Осы айтылған ұғымдарды жеке-жеке талдадық, оны  төмендегі кестеден көрулеріңізге болады.  
 
Кесте 1 – «Креативтілік» ұғымының педагогикалық-психологиялық əдебиеттердегі көрінісі 
 
№ 
р/с 
Авторлары 
«Креативтілік» ұғымының анықтамасы 
1. 
Н.В.Кузьмина, 
A.B.Морозов, 
 Д.В. Чернилевский  
Креативтілік  –бұл  «тұлғаның  жаңа  ұғымдар  мен  жаңаша  дағдыларды  қалыптастыра 
білу қабілеттері  
2. 
Дж.Гилфорд, 
 В.Н. Козленко 
Креативтілік  –бұл  «іздену  қайта  құру    белсенділігі  артқан  кезде  пайда  болатын 
тұлғаның шындыққты іздеу-қайта құра білу қажеттілігін түсінуі»   
3. 
Д.Б.Богоявленская, 
В.Н. Дружинин 
  Креативтілік  –бұл  «тұлғаның  əлемнің  түрліше  бейнесін  түсіне  білетін  бейсаналы 
шығармашылық қабілеті » 
4. A.M.Анохин, 
 В.В. Петухов 
Креативтілік –бұл «өз қабілеттерін пайдалана жəне дамыта  білуге дайындығы» 
5. 
Ш.А.Амонашвили, 
Д.Б. Богоявленская)  
Креативтілік –бұл «берілген жағдаяттың аясынан шыға білу қабілеті, жеке мақсат құра 
білу қабілеті» 
 6. 
Е.Торренс 
Креативтілік  –бұл  «білімдегі  олқылықтарды,  жетіпейтін  элементтерді,  үйлесімсіздікті 
т.б. өткір сезіне білу қабілеті» 
 
 

№2. 2014 
 
 
245 
Кестенің жалғасы 
7. S.A.Mednick 
 
Креативтілік  –бұл  «элементтерді  кейбір  арнайы  талаптарға  жəне  пайдалылық 
талаптарына сай жаңа комбинациялармен қайта құра білу қабілеттілігі» 
8. J.Renzulli 
Креативтілік  –бұл  «тұлғаның  өнім  алуда,  мəселелерді  шешуде,  мəселелерге  əртүрлі  
көзқарастар  тұрғысынан  қарай  білу  əдістерінен  байқалатын  ерекше  іс-əрекеттері  мен 
мінез-құлықтары 
9. 
Маккелар 
Креативтілік  –бұл  жаңа  тəсілдер  арқылы  санадағы  түрлі  түсініктерді  қосу, 
қорытындылай білу қабілеті» 
10. 
Кюби 
Креативтілік –бұл «жаңа байланыстарды таба білу қабілеті» 
11.  
Роджерс 
Креативтілік –бұл «жаңа қатынастардың пайда болуы» 
12. 
Лассуэль 
Креативтілік –бұл «жаңалықты жасауға жəне білуге деген құмарлық 
13. 
Жерар 
Креативтілік –бұл жаңа ұғымдарды тудыратын ақыл-ой əрекеті 
14. 
Тейлор 
Креативтілік –бұл тəжірибені жаңаша ұйымдастыру, қолдану қабілеті»   
15. 
Гизелин 
Креативтілік –бұл ұғым-түсініктердің жаңа мəн-мағынасын елестету» 
16. 
А.В. Хуторской 
Креативтілік –бұл жаңа өнім алуға бағытталған жеке шығармашылық əрекет » 
17. 
Серве 
Креативтілік –бұл «жан-жақты ойлауға, сезінуге жəне əрекет етуге деген потенциалдық 
қуат-күш» 
18. 
Б.А. Оспанова  
1)  Креативтік –  бұл  ерекше  жағдаятты,  мотив  көздері  мен  тұрақтылық  деңгейін 
таңдауды,  өзінің  əлеуетін  енгізу  мен  жүзеге  асырудың  тəсілдерін  түсіну  жəне  саналы 
түрде аңғару дəрежесіне байланысты кез келген əрекетке жүзеге асырудың өзіндік дара 
стилін қамтамасыз ететін ықпалдасқан көпқырлы құбылыс.  
2) Креативтік – бұл  шығармашылықтың қалыптасуы мен көрінуіне ықпал ететін ойлау 
мен тұлғалық ерекшеліктерінің кейбір жиынты. 
3)  Креативтік –  бұл  кəсіби  əрекет  пен  тұлғаның  басқа  аумақтағы  мінез-құлқында 
өнімді  қайта  түрленуді  жəне  оның  даму  ядросының  құрамын  қамтамасыз  ететін 
тəжірибе-бағытталған, кəсіби-маңызды категория. 
19. 
Ш.Т.Таубаева 
Креативтік –  бұл индивидтердің саналы құндылықтар жасау, стандартты емес шешім 
қабылдаудың терең қасиетін көрсететін қабілеттілік. 
 
Ерекше  шығармашылық  қабілеттер,  айрықша  дарындылық,  сол  сияқты  адамның  басқа  да 
ерекше қасиеттерінің құпиясы бұрыннан бері адамзатты қызықтырып келеді. 
Шығармашылық  қабілеттерді  зерттеуші  американдық  ғалым                                      Е.Торренс ,  
креативтіліктің моделін ұсына отырып, оның үш түрлі маңызды факторларын жіктеп көрсетеді:   
1)
 
Жылдамдық – аяқ  астынан  туындайтын  немесе  мақсатты  түрде  белгілі  бір  уақыт  ішінде 
пайда болатын идеялардың көптігімен  сипатталады. 
2)
 
Бейімділік -  идеялардың  əр  алуандылығымен  сипатталады.  Ойлауға  деген  бейімділік    - 
жағдайдың  өзгеруіне  байланысты  міндеттерді  шешу  əдістерін  өзгерте  білу, «таптаурынды» 
шешімдер мен бас тарта білу немесе оны құбылту, өзгерту қабілеттері.   
3)
 
Айрықшалық – ерекше ассоциациалар мен айрықша жауаптарды ойлап таба білу қабілеті.    
 Бұл  жағдайда  креативтіліктік  алғышарты  нəтиженің  сапасы  емес,  шығармашылық  өнімді 
арттыратын сипаттар мен үдерістер болып табылады. 
Креативтілікке байланысты осындай көзқарасты  J.Renzulli ұстанады [1, 2].  
Ол  креативтілікті    нəтижеге  қол  жеткізуде,  мəселелерді  шешуде  мəселеге  əртүрлі  көзқарас 
тұрғысынан  қарайтын,  жаңаша  шешім  табуға  ұмтылатын    тұлғаның  ерекше  іс-əрекеті  ретінде 
қарастырады.  
Креативтілік  мəселесін  зерттей  келе,  əртүрлі  авторлардың  креативтілік  туралы  түрліше 
көзқарастарды  ұстанғанымен,  олардың  пікірлерінің  тоғысатын  жері –  əрбір  тұлғаның  өзіне  тəн 
қасиеттері мен шығармашылық қабілеттерінің болатындығы.   Ғалымдардың креативтілік туралы 
айтқан  түсініктемелерін талдай келе, біз төмендегідей анақытама беруге тырыстық.     
Креативтілікті өз бетінше шешім қабылдауға, əртүрлі ерекше идеяларды тудыруға, жаңаша 
білім формаларын қалыптастырып, педагогикалық міндеттерді шешудің жаңа əдістерін табуға 
бағытталған адамның шығармашылық əрекеті ретінде түсінеміз
Жалпы шығармашылықты, соның ішінде педагогикалық шығармашылық мəселелерін зерттеуге 
арналған  еңбектерде    көбінесе  тұлғаның  шығармашылық  белсенділігінің  көрінуінің  үш  түрлі 
сапалық деңгейлері көрсетіледі: 
Бірінші  деңгей – пассив    немесе  стимулдық-продуктивтік,  бұл  деңгейде  педагог  өзінің  жеке 
ұсынысын  білдірмейді  жəне  берілген  тапсырма  бойынша  немесе  алғашқы  табылған  əрекет  ету 
əдісіне орай  жұмыс істейді. 

Известия Национальной Академии наук Республики Казахстан  
 
 
   
246  
Екінші  деңгей  -эвристикалық  деңгей,  мұнда  педагог  өзінің  əрекет  ету  əдістері  мен  тəсілдерін 
жетілдіреді, бірақ бұл əрекеттің сипатын өзгертпейді.    
Үшінші  деңгей - креативтік,  бұл  деңгейе  педагог  ешкім  талап  етпесе  де,  мақсатты  түрде 
қандайда  бір  міндеттерді  шешудің  жаңа  жолдарын  қарастырады,  мұнда  мақсат  оның  өзінің  ішкі 
уəжіне байланысты туындайды.    
Креативтілік  ұғымының  құрылымын  зерттеу  барысында        креативтілік  деңгейінің  алдындағы 
əрекет  ретінде  эвристикалық  əрекетке  баса  назар  аударған  жөн.  Философиялық  сөздіктерде 
аталмыш  ұғымға  былайша  анықтама  берілген: «Эвристика  (греч.еипзко - іздеймін,  табамын) – 
шығармашылық əрекетті зерттейтін ғылым, оқытуда жаңалық ашу үшін  қолданылатын əдіс». 
Ұстанған  көзқарасқа,  дүниетанымдық  ұстанымдарға  немесе  қарастырылып  отырған  ғылым 
саласына  байланысты    эвристика  ұғымын  былай  түсіндіруге  болады:  жалпы  тəжірибеге  сүйене 
отырып міндеттерді шешуде жасалатын болжамдар. 
Теориялық зерттеулер мен модельдерде құрылымдау əрекеттерін жүзеге асыруда қолданылатын 
тəсілдер немесе логикалық тəсілдер жиынтығы.     
 Жаңалықты ашу əдістері (шындықты), соның ішінде байқау жəне қателесу əдістерін де атауға 
болады. Оқыту əдісі (əдістер жиынтығы), мысалы дискуссия.      
  Шығармашылық ойлау жəне шығармалышықпен іздену үдерістерін сипаттайтын əрекет.    
  
 Психология    шығармашылық  əрекетті  зерттейтін  ғылым  саласы.  Шығармашылықты 
зерттеуге  арналған  көптеген  ғылыми  еңбектер  адамның  қабілеттері  мəселелерін  шығармашылық 
тұлға  мəселелерімен  бірлікте  қарастырады.  Ерекше  шығармашылық  қабілеттер  болмайды,  тек 
нақтылы  мотивациялары  мен  айрықша  мінез-құлыққа  ие  тұлғалар  болады.    Интеллектуалдық 
дарын үнемі адамның шығармашылық табысына əсер ете бермейді, егер креативтілік қасиеттерін 
дамыту барысында   тұлғаның шығармашылық істерді істеуге нақтылы мотивациясы болса,    онда 
кез келген адамның мұндай қабілетін креативтілік қасиет ден тануға болады.    
Универсалды  танымдық    шығармашылық  қабілет  ретіндегі  креативтілік  тұжырымы      Дж. 
Гилфордтің еңбектері жарық көргеннен кейін кеңінен қарастырыла бастады. 
Дж.Гилфорд  дивергенция  операциясын,  қайта  құру,  импликация  əрекеттерімен  қатар  қойып, 
жалпы шығармашылық қабілет ретінде,  креативтіліктің негізі ретінде қарастырады [3].  
Ол креативтіліктің негізгі төрт өлшемін атап өтеді: 
1.
 
Даралық  факторы,  ол  болашағы  зор,  айрықша  идеяларды  тудыруды  анықтайды.  Бұл    - 
əдеттегі  іс-əрекеттер  аясынан  шығып,   бұрын  игерілген  білімге  ұқсамайтын  жаңа  нəрсені  тани 
жəне  пайдалана  білу  қабілеті.  Яғни    айтылған  ойлардың  ерекшелігі,  даралығы    интеллектуалдық 
даралыққа ұмтылу.   
Шапшаңдық  -  əрқилы  мəселелерді    жағдайдың  даму  бағытын  ескере  отырып,  тез  арада  асқан 
дəлдікпен шеше білу қабілеті.      
Идея шапшаңдығы  - аз  уақытта мейлінше көп идеяларды тудыру қабілеті. 
  
Ассоциациялау  жылдамдығы — идеялар  арасындағы  ассоциативтік  байланысты    жүзеге 
асыру. 
Сөйлеу  жылдамдығы - екінші  сигналдық  жүйемен,  сөйлеу  əрекетінің  дамуымен  тығыз 
байланысты.    
  Ой жылдамдығы - əр сатының бірізділігін ұстану негізінде тез шешім қабылдау.    
2.
 
Икемділік  факторы – бұл  белгілі  бір  түрдің  өзгеруі:  пікірдің,  түсіндірудің,  міндеттерді 
орындау стратегиясының, ойлау тəсілдерінің өзгеруі.   
Семантикалық  кездейсоқ  икемділік,  яғни  кездейсоқ    жағдайларда    əртүрлі  күтпеген  ойларды 
ойлап, жүзеге асыру қабілеті.   
Стихиялық  икемділік-  бір  құбылыстан  екінші  құбылысқа  жеңіл  əрі  жылдам  өте  білу  қабілеті.  
Бұл ақпараттарды іздеуге қажетті маңызды  қабілет болып табылады. 
          Бейнелік  бейіндік  икемділік,  яғни  объектінің  (қоршаған  ортаның)  байқалмайтын,  құпия, 
жаңа қырларын көре білу қабілеті.     
 
Семантикалық    икемділік,  яғни  объектіге  жаңаша  көзбен  қарау,  оның  жаңа  қолданысын 
табу,  тəжірибедегі қолданылу аясын кеңейту.   
3) Табандылық, адамның алдында тұрған міндеттерді шешуге жауапкершілікпен қарауы.   
Кереативтілік  тұжырымы  жөніндегі  соңғы    көзқарастардың  бірі - Р.Стернбер  ұсынған 
«инвестициялау теориясы» .  

№2. 2014 
 
 
247 
Автордың пайымдауынша шығармашылық құбылысы төрт түрлі фактор арқылы анықталады:  
1) интеллектуалдық қабілет;  
2) білім арқылы;  
3) ойлау үрдісі арқылы;  
4) тұлғалық қасиеттер арқылы;  
5) мотивация;  
6) сыртқы орта арқылы. 
Шығармашылық қабілеттің көрінуі үшін интеллектінің келесі құрамдас бөліктері маңызды рөл 
атқарады: 1) синтетикалық қабілет- мəселені  жаңа  қырынан  көре  білу,  қалыпты  сананың шегінен 
шыға білу; 2) аналитикалық қабілет -  əрі қарай жұмыс жасауға қажетті идеяларды ұсына білу; 3) 
практикалық  (тəжірибелік)  қабілет – басқаларға  өз  идеясының  құндылығын  дəлелдей  білу.  Егер 
тұлғаның басқа екеуіне қарағанда аналитикалық  қабілеті озық болатын болса,  онда ол адам жақсы 
сыншы  бола  алады,  бірақ  шығармашыл  адам  емес.  Аналитикалық  қабілетке  бекімеген 
синтетикалық  қабілет,  жаңа  идеяларды  тудырады,  бірақ  олардың  ғылыми  негізі  мен  пайдасы  
болумауы  мүмкін.  Ал  практикалық  қабілет  қалған  екеуінсіз  көпшілікке  пайдасы  жоқ  «сапасыз»    
идеяларды сатумен бірдей болмақ.  
Р.Стернбергтің  пікір  бойынша  креативтілік    орынды  жерде  тəуекелге  бара  білу  қабілеті, 
кедергілерді жеңе білу,   айқын емес нəрсеге, бегісіздікке  төзімділікпен қарау,  қоршаған ортаның 
пікіріне қарсы тұра білу. Шығармашылық орта болмаған жағдайда, креативтілік қабілеттің көрінуі 
мүмкін емес.   
Оқу орнында шығармашылыққа қолайлы орта қалыптастыру  студенттің, тұлғаның жалпы жəне 
кəсіби тұрғыдан  дамыту  механизмдерін  іске  қосуға  мүмкіндік  туады.  Бұл  студенттердің кəсіби-
маңызды жеке- дара қасиеттерін дамытуға ықпал етеді.    
Ғалымдар шығармашылық қабілеттерді түрліше топтастырады: (отандық ғылымда бұл термин 
креативтілік ұғымының баламасы ретінде қолданылады): 
1. Шын  мəнінде шығармашылық қабілет  (креативтілік)  жоқ.  Интеллектуалдық дарын қажетті 
нəрсе,  бірақ    тұлғаның  шығармашылық  белсенділігі  үшін  қажетті  жағдаят  болып  саналмайды.  
Шығармашылық  əрекеттерді  айқындауда    мотивация,  құндылықтар,  тұлғаның  жеке  қасиеттері  
маңызды рөл атқарады  (А.Танненбаум, А.Олах, Д.Б.Богоявленская, А.Маслоу т.б.). Бұл ғалымдар 
шығармашылық тұлғаның негізгі қасиеттері ретінде  когнитивтік дарынын, мəселерді сезіне білуін,  
белгісіз жəне күрделі жағдайларда еркін əрекет ете білуін айрықша атап өтеді. 
Д.Б.Богоявленскаяның  креативтілік  туралы    ғылыми  тұжырымына  келер  болсақ,  ол  тұлғаның 
креативтік белсенділігі туралы түсінікті енгізген. Ғалым креативтік белсенділік креативтік типтегі 
тұлғаның    нақтылы  психикалық  құрылымына  байланысты  болады  деп  тұжырымдайды. 
Д.Б.Богоявленскаяның пікірінше шығармашылық стимулдық емес - жағдаяттық белсенділік болып 
табылады жəне ол берілген мəселенің аясынан шығуға ұмтылған жағдайда пайда болады.  Барлық 
новаторлар  креативтік  типтегі  тұлғаға  жатады:  сынақшы-ұшқыштар,  суретшілер,  музыканттар, 
өнертапқыштар [4]. 
Шығармашылық  қабілет  (креативтілік)  интеллектіге  тəуілсіз  өзінше  жеке  фактор  болып 
табылады    (Дж.  Гилфорд,  К.Тейлор,  Г.Грубер,  Я.А.Пономарев).  Бұл  теорияны  басқаша 
түсіндіретін  болсақ,  интеллектуалдық  деңгей  мен    креативтілік  деңгейі  арасында  аздаған  
корреляция (айырмашылық) бар.   
Бір таңқаларлығы  Е.Торренстің пайымдаулары  Д.Перкинстің пікірімен тоғысып жатыр,  оның 
ойынша  əрбір  мамандыққа  байланысты  интеллекті  дамуының  төменгі  шегі  бар.  Көрсетілген 
шектен аспайтын адамдар, аталмыш мамандықтың иесі бола алмайды,  егер  10 аталған деңгейден  
жоғары  болса,  онда  ителлекті  мен  даму  дəрежесі  арасында  байланыс  жоқ.   Жұмыстың 
табыстылығын айқындауда  тұлғаның жеке құндылықтары мен қасиеттері басты рөл атқарады. 
Интеллектінің жоғары даму дəрежесі шығармашылық қабілеттің жоғары деңгейінің кепілі жəне 
керісінше жоғары шығармашылық жоғары интеллектінің көрінісі деуге болады. Мұнда психикалық 
белсенділіктің  арнайы  формасы  ретінде  шығармашылық  үдеріс  жоқ.  Бұл  көзқарасты  интеллект 
құбылысын зерттеп жүрген барлық дерлік ғалымдар қолдайды. (Г.Айзенк, Д.Векслер, Р. Уайсберг, 
Л.Термен,  Р.Стернберг  т.б.).  Р.Стернберг  пен  С.Любарт  өздерінің  креативтіліктің  инвестициялық 
теориясы бойынша шығармашылық қабілеттің пайда болуының  6   шартын атап көрсетеді:  
1)  интеллектуалдық  қабілет  (синтетикалық  қабілет,  мəселені  жаңа  қырынан  тани  білуге  жəне  

Известия Национальной Академии наук Республики Казахстан  
 
 
   
248  
қалыпты  ойлау  əдісінен  арылуға  ықпал  етеді;  аналитикалық  қабілет,  идеяларды  бағалауға 
мүмкіндік  береді;     практикалық-контекстуалдық  қабілет,  идеясының  құндылығын  басқаларға 
мойындата білу); 
2) білімділік  (өзі қзымет ететін  саласында жеткілікті білімді игеру); 
3) заңды ойлау үрдісі (өзідік ойлау қағидалары мен заңдары болуы шарт); 
4) тұлғалық қасиет (кедергілермен күресе білу қабілеті, белгілі бір дəрежеде тəуекелге бел буу, 
белгісіздікке төзу); 
5) ішкі мотивация, міндеттерді шешуге зейін қоя білу; 
6) қоршаған ортаның қолдауы. 
 Балалардың  шығармашылығын  зерттеуге  арналған  отандық  əдебиеттерде    дарындылықтың 
келесі белгіліері сараланып көрсетілген:    тəуекелге бара білу қабілеті, өзгеше  ойлау жəне əрекет 
ете  білу  қабілеті,  ойдың  жылдамдығы,  ерекше  идеяларды  айта  білу  қабілеті,  жаңа  нəрсені  ойлап 
таба  білу,  қиялы  жүйрік  болу;  əртүрлі    заттар  мен  құбылыстарды  қабылдай  білу;  жоғары 
эстетикалық  құндылықтар,  жоғары  дамыған  интуиция  (түйсік).  Дарын  ұғымы  «талант»  жəне 
«данышпан» ұғымдарымен астасып жатады. Дарынды оқушыларды «талант», тіптен – «данышпан» 
деп атап жатады  [5]. 
Қорыта келе жоғарыдағы əдебиеттерді талдай келе, студент өзін белгілі бір қызмет саласында 
неғұрлым жақсы көрсете білсе,  соғұрлым ол сол салада талантты   болып есептеледі.     
Тұлғаның шығармашылық сапасының жүйесі практикалық тұрғыдан маңызды болып табылады. 
Ол тұлғаның  6 түрлі өзара байланысты қасиеттері мен сапаларының жиынтығынан құралады: 
1)
 
қоғамдық маңызы бар жаңа  салмақты мақсаттың болуы (немесе мақсаттар жүйесі); 
2)
 
бағдарламаның  болуы  (немесе  бағдарлама  жобасы)  қойылған  мақсатқа  жетудің  жəне  
бағдарламаның жүзеге асуын қадағалау; 
3)
 
жоспарланған жоспар бойынша көп жұмыс істеуге  деген құштарлық жəне жұмысты жүзеге 
асыру; 
4)
 
 мақсатқа  жетер жолда кездесетін міндеттерді шешу техникасы;   
5)
 
өз    ойын  дəлелдей  білу,  көпшілікті  мойындата  білу;   «қиыншылыққа  қарсы  тұру», 
мақсатқа адалдық; 
6)
 
 алынған  нəтижелердің  қойылған  мақсаттарға  сəйкестігі    (немесе  олардың  көлемінің 
сəйкестігі) . 
 
ƏДЕБИЕТ 
 
 
1
 
Taylor C.W. Various Approaches to and Definitions of Creativity // The Nature of Creativity/ Sternberg R.J. (Ed.). - 
Cambridge: Cambridge Univ. Press, 1988. - P.99-124. 
2
 
Torrance E.P. Teaching creative and gifted learners // Handbook of research on teaching. Ed. by M.C.Wittrock. 3 rd ed. 
N.Y.: Macmillan, 1986. P. 630647. 
3
 
Айзенк Г.Ю. Интеллект: новый взгляд // Вопросы психологии. - 1995.-№1.-С. 111-113. 
4
 
Оспанова Б.А. Мамандарды даярлаудағы кəсіби-бағыттық технологиялардың ерекшелігі. «12-жылдық білім 
беруге өту жағдайында педагогтардың кəсіби біліктілігін қалыптастыру мəселелері» атты Халықаралық  ғылыми-
практикалық коференция.  Семей, 2007 г. 
5
 
Оспанова Б.А. Бəсекеге қабілетті маманның кəсіби-креативті əлеуетін дамыту аспектілері// Қазақстан жоғары 
мектебі. Алматы, 2005. №2. 
 
Теоретико-методические основы развития креативности личности в процессе обучения будущих специалистов 
Резюме 
 
В  статье  авторы        анализируют    научную  и  методическую  литературу  по  теме  исследования,  это  показало,  что 
проблема  креативности  рассматривается  с  различных  точек  зрения  в  рамках  целого  ряда  научных  отраслей.  Большое 
количество  работ  посвящено  развитию  креативности  детей,  учащихся,  учителей,  преподавателей,  развитию  же 
креативности студентов уделено мало исследований, тем более при изучении отдельных учебных дисциплин. 
 
 
Theory-methodical bases of development of creativity of personality in the process of educating of future specialists 
Summary 
 
The authors analyze the scientific and methodological literature on the topic of research showed that the problem of creativity 
is seen from different perspectives through a variety of scientific fields. A large number of works devoted to the development of 
creativity of children, students, teachers, professors, students develop creativity as paid little research, especially in studies of 
individual disciplines. 
 

№2. 2014 
 
 
249 
УДК 575.27 
                              
А.В.ТАҢЖАРЫҚОВА 
 
Абай атындағы Қазақ  ұлттық педагогикалық университеті 
 
ПРОЗАЛЫҚ ШЫҒАРМАЛАРДАҒЫ  ЭТНО-ФОЛЬКЛОРЛЫҚ САРЫНДАР 
 
Аннотация 
 
Бұл мақалада этно-фольклорлық мотивтердің қазақ прозасында көрінуі жайлы ой қозғалған. Прозада этно 
- фольклорлық негізді өз шығармаларына арқау еткен бірталай жазушылардың  туындыларына осы бағытта 
жүйелі  талдау  жасалған.  Қазіргі  ақпараттану  мен  жаһандану  дəуірінде    ұлттық  руханиятқа  барынша  назар 
аудару - болашақ  ұрпақ  алдындағы  кемелді  міндет.  Ықылым  заманнан  дəстүрлік  желімен  бізге  жеткен 
мифтік оқиғалардың көркем шығармада бірде басталуына, бірде шарықтау шегіне, бірде шешіміне əсер етуі 
қарастырылды. Көне түсінік бойынша адам фəниден бақиға озғанда бұрынғы өміріндегі мінез-ерекшелігіне 
байланысты о дүниеде   не аңға, не құсқа айналады деген түсініктің, құбылудың түрлерінің  қазіргі прозадағы 
сəулесі бағамдалды.Ғ.Мүсіреповтің, Ə.Кекілбаевтың, М.Ысқақбаевтың, туындылары осы негізде зерделенді.  

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет