Научные труды



Pdf көрінісі
бет22/26
Дата01.01.2017
өлшемі2,13 Mb.
#890
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26

ӘДеБиет
1.  1995  жылғы  31  тамыздағы  “Қазақстан  
Республикасындағы  банктер  және  банктiк  
қызмет  туралы”  Заң  күшi  бар  Қазақстан  
Республикасының Президентiнiң Жарлығы. 
2.  1999  ж.  23  мамырда  Қазақстан  Респуб-
ликасы  Ұлттық  банк  Басқарма  қаулысымен  
бекiтiлген  “Екiншi  деңгейлi  банктерде  актив-
тердi және баланстан тыс талаптарды  жiк-
теу  және  олар  бойынша  провизиция  есептеу  
туралы” Ереже. 
3. 2003 ж. 27 қаңтарда Директорлар  кеңесiнiң 
шешiмiмен бекiтiлген “Қазақстан  Халық  Бан-
кi” АҚ-ң  iшкi  несие саясаты. 
4.  1997  ж.  23  маусымда  ҚР  Ұлттық  банк 
Басқарма қаулысымен бекiтiлген “Пруденциял-
ды  нормативтер туралы” Жарлығы.
5.  “Банковское    дело”  Учебник/  под.ред.  Г.С. 
Сейткасимова.  Алматы:  Қаржы-қаражат, 
2005.
6. “Банковское дело”: учебник / под.ред. О.И. 
Лаврушина. М:фин. и стат., 2005. 
7. Ветрова А. В. “Кредитное бюро: проблемы 
и решения”, журнал “банковское  дело № 11”, 
2006. 
8. Давлетова М.Т. “Кредитная деятельность 
банков  в  Казахстане”.  Алматы:  Экономика, 
2001. 
9. “Деньги, кредит, банки”: Учебник/ под. Ред. 
Г.С. Сейткасимова. Алматы: Экономика, 2002. 
10. Загорий Г.В. “О методах оценки кредит-
ного  риска”,  журнал  “Деньги  и  кредит”,  №6, 
1997. 
11. Зиябеков Б. “Кредитное бюро-инструмент 
выявления рисков”, журнал “Банки  Казахста-
на”, № 3, 2002. 
12. Калиева Г. Т. “Кредитное  дело”. Алматы: 
Қаржы-Қаражат - 1997. 
13. Кошенова Б.А. “Ақша, несие, банктер, ва-
люта    қатынастары”.  Оқу  құралы.  Алматы: 
Экономика, 2000. 
14. “Кредитная политика коммерческих  бан-
ков”.  Учебник/под.ред.  Панова  Г.С./.    М:  ИКЦ 
ДИС, 2004. 
15.  Құсайынов  А.Қ.  “Қазақша–орысша, 
орысша-қазақша терминологиялық сөздiк”. Ал-
маты, 2000. 
16.  Мақыш  С.Б.  “Коммерциялық  банктер  
операциялары”,  оқу  құралы.  Алматы:  Қазақ 
Ұлттық  университетi, 2002.
17. Оразалин К.Ж., Жантасов М.М. “Орысша-
қазақша  қазiргi  уақыттағы  экономикалық  
түсiндiрме  сөздiгi”. Алматы, 2001. 
ЭКОНОМИКА
ЭКОНОМИКА

«Ә
д
іл
ет
т
ің
» 
ғы
л
ы
м
и 
ең
б
ек
т
ер
і №
 1
 (
39

20
12
12
А
нтропоцентристік  бағытта  жүргізілетін  зерттеу-
лерде ең басты мәселе – тілді адам психикасы мен 
менталитетінің  феномені  ретінде  қарастыру  болып 
отыр. 
Сөз  мағынасының  құрамындағы  мәдени  бөлшек  (компо-
нент) кез келген ұлт тіліндегі барлық лексикалық бірліктердің 
негізгі қасиеті деп саналады. Суреткердің өз ой-ниетін сыртқа 
шығару  үшін  іріктеп,  таңдап  алатын  сөз  формаларынан  да 
дүниені  қабылдаудың  этникалық  индивидуалдық  сипаты 
байқалады. Халық менталитетін, сол халықтың тіліндегі пре-
суппозицияларды  түсінуде  Ғаламның  Тілдік  Бейнесі  ерекше 
рөл атқарады.
Ақын  менталдығында  оның  халық  тарихына,  еркіндік 
мәселесіне деген қызығушылығы, адами мүддесі үлкен орын 
алады. Еркіндікке апаратын бірден-бір,  сара жол күрес жолы 
екенін терең ұғынған батырдың әрбір өлеңі, әрбір жолы сол 
күреске үндейді.
Күрес  сандаған  мың  адамдардың  жаппай  қатысуымен 
жүзеге  асырылатын  стихиялық  процесс  болғанымен  оның 
қайнар (көш) басында жеке тұлға тұрады. Қалың көпшілікті 
(он мың сан қолды) соңынан ертіп, басқара білу үшін, керек-
ті жеріне керекті күшті дұрыс бағыттап, дер кезінде орынды 
шешім, қабылдай білу – ол тұлғадан жаужүректік, батылдық, 
білек күшімен қатар асқан көрегендікті де талап етеді. Қазіргі 
әскери іс терминімен айтқанда ол қолбасы үлкен стратег және 
аналитик  болуы  тиіс,  оның  интуициясы  (түйсігі)  жоғары 
деңгейде  болуы керек.
Осы тұста “Исатай – басшы, Мен-қосшы” деп түйінделетін 
Исатай батыр бейнесіне кеңінен тоқталу керек.
Исатайдың жеңілісіне бір себеп болған, қателігі - жалпы ба-
тыр атаулыға тән мінез белгісі – аңғалдық. 
Ақын өзі туралы: 
Аңқау өскен ер едім, 
Бұла болып жасымда - дейді,
Әй, Махамбет, жолдасым,
НИЯТОВА Ш.С.,
Каспий қоғамдық 
университеті
тілдер кафедрасының 
профессоры, 
филология ғылымдарының 
кандидаты
махамбет аҚынның 
индивидуалды – КөрКем ғалам 
бейнесіндегі ұлттыҚ 
менталитет Көрінісі
ФИЛОЛОГИЯ
ФИЛОЛОГИЯ

«Ә
д
іл
ет
т
ің
» 
ғы
л
ы
м
и 
ең
б
ек
т
ер
і №
 1
 (
39

20
12
1
Аш арыстан жолбарысым,
Ісімнің білдім оңбасын...
Оңбаған емей немене,
Өтірік сөзге алданып,
Бақытым ауып басымнан,
Әскерім кетіп қасымнан,
Жапанда жалғыз қалғасын...
Хан сөзіне сенгенім,
Он  күн  срок  бергенім,...  -  деп  өз  қателігін 
“құдайдың тас төбеден ұруы” деп бағалауы осы 
“жазмыштан озмыш” болмайтынын көрсететін 
қателік  екенін  білдіреді.  Махамбеттің  бүкіл 
шығармаларын  сол  қателікке  дейінгі  және 
кейінгі кезеңде жазылған деп екіге бөлуге бо-
лады:
1.  Асау  дарияның  арынын  тоқтатып,  кері 
ағызуға дайын болған, соған қатты сенген ер 
де  өр Махамбет өмірінің жаймашуақ кезеңі;
2.  Көзден  бұл-бұл  ұшқан…қайран  ел  мен 
жерді аңсап жүрген, түздегі өмірі. 
Махамбет  тұлғасы  -  қайталанбас  өзіндік 
бет-бедері  бар  айрықша  құбылыс.  Оның 
өмірі  де,  шығармашылығы  да  қайшылыққа 
толы  –  сайма-сай  батырлығы,  ержүректігі, 
сауаттылығы  т.б.  көптеген  қасиеттерге  бойы 
толы бірегей тұлға ақын батыр немесе батыр 
ақын қандай күресте болсын жеңіске жетуі ке-
рек еді ғой. Іс жүзінде бәрі де керісінше бол-
ды: сөйтсем, сөйтем, сөйту керек дегендерінің 
бәрі «сөйткенде  ғой»…, «сөйтуші едім»... де-
ген сияқты өкініш пен аңсауға ауысып кетеді. 
Бұл  парадокстың  себебін  ақын  жазмыштан, 
Алла  бұйрығы  деп  түсінеді.  Қалай  болғанда 
да, Махамбет тұлғасы уақыттың өзі тудырған 
айрықша құбылыс!
Махамбет айналасында болып жатқан әрбір 
оқиғаны,  адамдардың  кескін-келбетін,  түр-
тұрпатын,  әрбір  қимыл-әрекетін  табиғаттағы 
өзге  де  құбылыстарға,  құстар  мен  аңдардың 
айрықша  белгілері  мен  әрекет-қылықтарына, 
әсіресе  мінез-құлқына  ұқсата  отырып,  дәл 
бейнелейді  және  дөп  басып  тауып  айта-
тын  шеберлігінің  арқасында  оның  аузынан 
шыққан әрбір сөз (метафора) кесек қолданыс 
ретінде жалпы халықтық тіліміздегі образдар 
әлеміне еркін еніп, біржолата тұрақтаған. Күні 
бүгінге дейін өзін нағыз қазақпын деп санай-
тын  қандастарымыздың  ішінде  Махамбеттің 
Жәңгірге айтқан әйгілі өлең жолдарын жатқа 
білмейтін  жан  жоқ  десек  қателеспейміз:  Хан 
емессің қасқырсың, Қас албасты басқырсың!
Осы  тұста  орақ  тілді  ақынның  от  аузынан 
шығып,  дүйім  жұрттың  жадында  сақталып, 
ұрпақ санасына берік орныққан осы бір өлең 
жолдарының халқымыздың тарихында қыруар 
игілікті істер атқарған, ақылы мен білімі, асқан 
ғалымдық  қабілеті  орыс  патшасы  тарапы-
нан  айрықша  бағаланып,  қазақ  топырағында 
тұңғыш  генерал  атағын  алған  Жәңгір 
Бөкейұлының  өмірі  мен  жеке  тұлғасына,  елі 
үшін  еткен  еңбегіне    оң  баға  берілуіне  күні 
кешеге дейін үлкен кедергі болып келгенін ай-
туымыз керек.
Махамбет  көзіне  түскен  заттар  мен 
құбылыстарды (адамдардың әрекетін - әсіресе 
қантөгіс-соғыс  кезіндегі  батырдың  (оның 
атының да) әрбір қимыл-қозғалысын қалт жі-
бермей, дөп басып оған дүниедегі өзге тіршілік 
иелер  әрекетін  (ең  болмағанда  мінез-құлқын, 
сырт белгілерінің бірін) ұқсатады.
Бұл тұста “ер қанаты - ат” десек, оның ішінде-
гі асылы арғымақ пен намысын ту қып ұстаған 
адамзаттың асылы азаматты қатар қояды:
Арғымақтың баласы
Арығанын білдірмес,
Арқамнан қосым қалар деп...
Хас жақсының баласы
Арада тұрып сөйлемес,
Жауым таба қылар деп.
Зерттеуші  А.  Исламның  «Мифологияда 
көрініс тапқан дүниетанымдық құндылықтар»  
деп  аталатын  мақаласында  «ат»  (жылқы)  об-
разына қатысты мынадай қызықты дерек кел-
тірілген:  «Жақұт  (якут)  эпосында  ат  образы 
«жоғарғы», ал сиыр, өгіз т.б. с.с. «төменгі» әлем 
ассоциациясымен  байланысты...  Қазақтарда 
да  жылқы  малы  «ақ»,  ал  сиыр  т.б.  малдар 
«қара  мал»  деп  есептелетіні  белгілі».  Халық 
аңыздарындағы  «қанатты  арғымақ»  (Пегас) 
образы да осымен байланысты қалыптасса ке-
рек.
Ақынның 
азаматтық 
асқақ 
сезімі 
отансүйгіштік рухына негіз болса, туған елге 
деген сол ыстық сезімі кеудесін кернеген кез-
де лапылдаған жалынға айналып, жүрегін отқа 
орайды.
Соншалықты ыстық, жанына жақын, құтты 
мекеннен  “абайсызда  айрылып  қалған” 
ақынның  кеудесі  көкке,  көңілі  шерге  толы. 
Өйткені ол жерімен қоса елінен де аласталған:
Абайламай айрылдым
Ар жақтағы елімнен
ФИЛОЛОГИЯ
ФИЛОЛОГИЯ

«Ә
д
іл
ет
т
ің
» 
ғы
л
ы
м
и 
ең
б
ек
т
ер
і №
 1
 (
39

20
12
1
Анау Нарын деген жерімнен
Тірі кеттім демеймін,
Кем болмады өлімнен...
Көтеріліс  жаншылып,  Исатайдан  айры-
лып  шашыраған  қолды  қайта  жинауға  қанша 
талаптанғанымен,  әрекеті  сәтсіз  болған  ақын 
өзінің  туған  елге  оралуы  мүмкін  еместігін 
түсінеді.  Бұрынғы  сағыныш  сезіміне  енді 
өкініш  пен  аңсау,  зарығу  күйлері  қосылады. 
Жанын  қоярға  жер  таппаған  ақынның 
санасындағы “Алақандай Нарын” енді “адыра 
қалады”:
Кір  жуып,  кіндік  кескен  қасиетті  жерімен 
қоса  асқар  таудай  ата-анасынан,  аға-інісінен, 
әйел-баласынан,  халқынан  түгел  айрылған 
адамның жан күйі, әрине сөзбен айтып жеткіз-
гісіз болатыны белгілі. 
Махамбет  Тілдік  тұлғасының  концептілік 
өрісіндегі  “Туған  жер,  Отан»  образы  жалпы 
адамзаттық құндылықтардың ата-ана, Жан жар, 
бауыр еті – бала, қара шаңырақ, туған ауыл, ел 
тарихы,  халықтың  дәстүрлері  мен  мәдениеті, 
шешендік  өнері,  музыкасы,  қол  өнері,  өскен 
ортасы,  туған  жер  табиғаты,  өсімдіктер  мен 
жануарлар  дүниесі  тағы  басқалар  арқылы 
репрезентацияланады.  Осы  аталғандардың 
мотивациялық деңгейдегі көрінісі. Махамбет-
ті - “өмірдегі қасіреттің синониміне, өнердегі 
қасиеттің  символына  айналған  аса  аяулы  әрі 
ардақты”  (З.  Қабдолов)  азамат,  тілдік  тұлға 
ретінде сипаттайды”. 
ӘДеБиет
1. Колшанский Г.В. Объективная картина 
мира в познании и языке. М.: Наука, 1990. - 
107 с.
2. Белый А. Символизм. М., 1910. - 434 с.
3.  Махамбет.  Алматы:  Арыс,  2001.  -  
160 б.
4. Ай, заман-ай, заман-ай. А., РББ. 1991.
5.  Қайырбаева  Қ.  Қазақ  тіліндегі 
этномәдени  атаулардың  символдық  мәні. 
Ф.ғ.канд.дисс.  қолжазбасы.  Алматы,  2004. 
- 135 б.
6.  С.  Воркачев.  Счастье  как  лингвокуль-
турный концепт. Монография. – М: ИТДК, 
«Гнозис». С. 2004. - 23 б.
7. Ислам А. Мифологияда көрініс тапқан 
дүниетанымдық  құндылықтар.  Республика 
Казахстан  в  глобальном  межкультурном 
пространстве. Материалы международной 
научно-практической  конференции.  Алма-
ты:  КазУМОиМЯ  им.  Абылай  хана,  2003. 
56-60 бб.
ФИЛОЛОГИЯ
ФИЛОЛОГИЯ

«Ә
д
іл
ет
т
ің
» 
ғы
л
ы
м
и 
ең
б
ек
т
ер
і №
 1
 (
39

20
12
1
Т
ағдыр аспаны бұлттан ашылмаған Мағжан ақынның 
поэзиясында бұлт экспрессемасы да ақынның ойын 
жеткізу үшін дәл және салмақты орын алады. 1911-
1917 жылғы өлеңдердегі бұлт экспрессемалары образға айна-
лу  сәтінде  тұрғандай:  Алтын  Күн  аспандағы  қайдан  білсін,/ 
Қаптарын қапылыста қара бұлт! (“Есімде... тек таң атсын!”), 
Қара  бұлт  жауып  айымды,/  Жылаймын,  күйем,  зарлаймын. 
(“Орамал”). Аспанды бұлт шалғаны қандай болса, тағдырдағы 
бұлттың әсері де сондай. Ақын бұлт экспрессемасын жоғары 
мәнерлілікте қолданған.
Н.К. Гей сөздерді артистерге балайды, ал Мағжан өз поэзи-
ясында олардың әрқайсысына тиісті рольдер берген. Экспрес-
сема  дәрежесінде  болсын,  образ  немесе  символ  деңгейінде 
болсын Мағжанның әр сөзі өзіне белгілі бір семантикалық жүк 
көтерген.
Экспрессема  поэтикалық  мәтіннің  минимальдік  бірлігі. 
Ол  мәнерлігімен,  бейнелігімен,  «экспрессиядан  импрессияға 
дейін»  көтерілуге  қабілеттігімен,  мағыналарды,  мәндерді 
«ойнатуға»  қабілеттігімен,  философиялылығымен  ерекшеле-
неді. Сонымен қатар, экспрессема түрлі поэтикалық реңктерде 
мысалға, эпифора, антитеза, реминисценттік деталь, аллегория, 
инверсия және т.б. ретінде көріне алады. Сөздің экспрессема 
дәрежесіне көтерілуіне теңеулер, аллитерация, ассонанс, эпи-
тетация сияқты тәсілдер мүмкіндік береді. Мысалы, жоғарыда 
қарастырылған «Орамал» өлеңіндегі (Қара бұлт жауып айым-
ды,/ Жылаймын, күйем, зарлаймын.) бұлт экспрессемасының 
мәнерлігін қара эпитеті, ассонанс – «а» дауысты дыбысының 
үндесе қайталануы өз мүмкіндігінше күшейтіп тұр.    
Экспрессема – жабық, ал образ – ашық келеді. Экспрессема 
қарым-қатынасқа қабілетті болғанда ғана, образ бола алады. 
Экспрессема  деп  ішкі  формасы  бар  сөз  қолданудың  барлық 
контекстерінің  жиынтығын  түсінсек,  образ  дегеніміз  осы 
жиынтықтың  тақырып-идеялық  қарым-қатынасқа  түсуі.  Н. 
Гей бойынша: “Формирование образа может начаться с неко-
торого гула, ритмического движения или цветового пятна” [1, 
БОКАЕВА А.Т.,
Каспий Қоғамдық 
университетінің
ассоцпрофессоры,
филология ғылымдарының 
кандидаты
«жас өмірімнің Көгін бұлттар 
басҚан Күн...»
(Мағжан өлеңдеріндегі «бұлт» образы)
ФИЛОЛОГИЯ
ФИЛОЛОГИЯ

«Ә
д
іл
ет
т
ің
» 
ғы
л
ы
м
и 
ең
б
ек
т
ер
і №
 1
 (
39

20
12
1
37 б.]. Яғни, образдың жасалуы белгісіз шудан, 
ритмикалық қозғалыстан немесе түсті дақтан 
басталуы мүмкін.    
М. Храпченко көркем образға, көп жағдайда, 
адамның  рухани  мәдениетін  байытушы  деп 
қарайды.  Оның  айтуынша,  көркем  образ 
– бұл адамның рухани мәдениетін байытатын 
шығармашылық  жаңалық  [2,  69  б.].  Көркем 
образға осындай анықтама бере отырып, оның 
“стихиясын” анықтайтын, нақты айтқанда, оны 
ашатын салаларды көрсетеді. [2, 66-67 бб.].  
Қ.  Жұмалиев:  “көркем  сөз  ұғымында  – 
образға теңеу де, эпитет те, троп, фигуралардың 
түрлері де жатады” – дейді [3, 47 б.]. Ал 
Г.З.  Шашкина  образдарды  концептуалдық 
және  денотативтік  жақтары  бойынша  бөледі. 
Денотативтікке  барлық  образдарды  –  троп-
тарды  (метафора,  кейіптеу,  теңеу,  гипербола, 
метонимия,  синекдоха),  ал  концептуалдыққа 
аллегория  және  символды  жатқызады.  [4,  23 
б.].  Көріп  отырғанымыздай,  образ  ұғымы  ту-
ралы  көптеген  зерттеушілердің  көзқарастары 
бір-бірінен аса алшақ кетпейді.  
М.  Жұмабаевтың  образдық  әлемі  өте  бай, 
әрі күрделі. Ақынның образдар жүйесін түсіну 
үшін, сол әлемге ену үшін, Б. Жетпісбаева атап 
өткендей, бізде екі таңдау жолы бар, не оның 
тура мазмұнымен қанағаттану, не поэтикалық 
ойдың түп-тереңдігін, ішкі мәнін түсінуге ты-
рысу [5, 25 б.].
1911-1922  жылдардағы  өлеңдерінде  образ-
дар өз бойына образға тән барлық қасиеттерді 
жинақтаған. Көбісі символ деңгейіне де шығып 
үлгерген. Бұлт образын алатын болсақ, 1911-
1917  жылдарғы  өлеңдерге  қарағанда,  1911-
1922 жылдарғы поэзиясында ақын бұл образ-
ды жиірек пайдаланған. Алғашқы жылдардағы 
екі өлеңде ғана кездессе, кейінгі жылдардағы 
өлеңдердің 17-де қолданған. 
Сұр  бұлттар  –  сорлы  жар,/  Қан  жылап 
күнді  көмеді.  (“Батқан  күн,  атқан  таңның 
жыры”), Тұрса да қара бұлттар көктен төніп. 
(“Қараңғы,  дауылды  түн”),  Түн  еді.  Көкте 
қаптап бұлт тұрды. (“Түн еді”), Бір қарасаң 
–  бетін  қара  бұлт  жауып,/  Жайнап,  ойнап 
тұрған  көгің  түнермек.  (“Ф...ға”),    Мана: 
көкті қаптап еді қара бұлт; Бейне алтындай 
көкте бұлт тұр ғой жайнап,/ Енді жел жоқ 
мазалар оны айдап; Бұлт, тез шық та, бетін 
жап!  (“Жұлдыздарға”),  Қою  қара  көк  бұлт/ 
Жайнап, ойнап, құлпырып,Көкшетауды тұр 
сүйіп.  (“Көкшетау”),  Мұны  көріп  бұлттар,/ 
Күңіреніп етер зар. (“Жазғытұрым”), Бүркеніп 
сұр  бұлттар,/  Жүрегі  жара  алыс  жар. 
(“Күзді күні”), Көңілсіз, салқын, күн бұлтты. 
(“Мені де, өлім, әлдиле”) деген тармақтардағы 
бұлттар – қара, сұр, қою, қара, көк эпитеттері-
мен  қосақталған.  Кейбір  өлеңдерде  бұлттың 
суық реңін жылылайтын ақ эпитеті қолданады. 
Көкте  жалғыз  бұлт  жоқ;  Ақ  бұлттар  тұр 
жусап. (“Жазғы жолда”), Шашың – қара, денең 
– ақ бұлт, жүзің – Ай. (“Сүй, жан сәулем”). 
Аспанды,  өмірдің  көгін  бұлт  қанша  басса 
да, артынан күн шығып, бұлт ашыларына ақын 
кәміл сенеді: Бұлт басса да, алтын Күн/ Бір 
шығар,  жерді  жарық  қылар.  (“Жауға  түскен 
жанға”), Күннің бетін ежелден бұлт жаппақ,/ 
Жапса да, ұзақ тұрмай жөнін таппақ. (М.Д. 
абақтыдан шыққанда).
Бұлт 
образы 
Мағжан 
өлеңдерінде 
қараңғылықты, 
суықты 
білдіретіндей. 
Табиғаттағы  бұлтты  күндер  адам  өміріндегі 
қайғылы  күндермен  ұштасып  жатады. 
Күнбатыс қанға боялғанда қара бұлт қаптайды, 
өлген  күнді  сұр  бұлттар  көмеді,  өмір  көгін 
бұлттар басады, көктен қара бұлт төнсе де, 
ақын  қолындағы  әлсіз  шырағына  үміт  арта-
ды,...  Өмірдің  қатыгез  кездерін  суреттегенде 
ақын бұлт образын пайдаланып, өз өміріндегі, 
қазақ халқының өміріндегі қасіретті шақтарын 
табиғаттың  түрлі  құбылыстарымен  астарлас-
тырып,  ұштастырып,  байланыстырып  әсерлі 
де көркем өлең өрнектерімен жеткізеді. Өмір 
қайғылы жағдайға тап болса, күн батып, көкте 
бұлттар қаптап, жел соғып, дауыл көтеріліп, 
жер  бетінде  бар  қараңғылығымен  түн  орнай-
ды.  Әйелдің  азаттығын  суреттеген  “Түн  еді” 
өлеңіндегі  көрініс  жан  қорқытады.  Түн  еді... 
Жылаған  жел,  долы  дауыл,  қаптаған  бұлт
секірген жындар, жапан тұз, бетпақ шөл, қанды 
тер, ыстық жас, тастар табанды тілгіледі, қарға-
құзғын жүректі шоқыды – осы жағдайлардың 
бәрі  де  күң  әйелдің  өмірін  көрсетеді.  Әрине, 
образдық деңгейде. Бұлт образы болса, өзінше 
бір образ бола тұра, осы өлеңнің бір құрамдас 
бөлігі іспетті. 
Атақты “Күншығыс” өлеңімен бұлт қаптай 
бастайды.  Бұл  сол  кездегі  қазақ  халқының 
тағдырындағы  бұлт,  бұл  Мағжан  азаматтың 
өміріндегі  бұлт,  бұл  ақынның  жүрегіндегі 
бұлт...  Ақынның  өмірі  оңай  болмағаны  бел-
гілі, сондықтан болар, оның көптеген өлеңдері 
ФИЛОЛОГИЯ
ФИЛОЛОГИЯ

«Ә
д
іл
ет
т
ің
» 
ғы
л
ы
м
и 
ең
б
ек
т
ер
і №
 1
 (
39

20
12
1
қоюланған  бұлтқа  толы.  Бар  қараңғылық, 
жамандық атаулы Күнбатыстан келетінін айт-
қан ақын, бұлттың да сол жақтан қаптайтынын 
білдіреді.  Күңіренген  Күншығыс,  тебіренген 
теңіз, ақынның қырағы көзі қаптап қара бұлт 
келетінін көреді. Ақын бұлтқа көбіне қара эпи-
тетін  қолданады.  Бұл  өлеңнің  салмағы  ауыр: 
Мағжан  ең  ірі,  қомақты  образдарды  біріктіре 
отырып, үлкен кең сурет жасаған. 
Өмірінің  көп  жылдарына  бұлт  төнген 
Мағжан ақынның бұлт образы ерекше: Көкте 
– бұлт, жерде – желмін гулеген. (“Мен кім?”), 
Жас өмірімнің көгін бұлттар басқан күн. (“...
ға”), Өмір – зәндем. Қара бұлтты қара түн. 
(“Ж...ға”),  Қалың  қара  бұлт  арылып  басым-
нан,/  Тәңірі  жазса,  өш  алармын  қасымнан. 
(“Ғазизаға”), Өмір осы – бірде ол болар бұлтты; 
Бұлт ашылар – қайғының бәрі бітті. (“Өмір”). 
Еліне  деген  сағынышқа  толы  «Сәлем  хат» 
атты өлеңдегі бұлт та ақынның өмір көгіндегі 
бұлт:  Көкті  басар  қара  бұлттың  қалыңы... 
Мұндай  қалың  қара  бұлттар  ақынның 
көгінде  бірде  қалыңдаса,  бірде  жұқарып  күн 
сәулесі көрінгендей болатын. Өзінің көптеген 
ренішті, қайғылы өлеңдерінде ақын осы образ-
ды  қолданады:  Бұлтты  күні  толғанған  («Ал 
ішіңдер,  бұл  –  қымыз»).  Таң  алдында  қара 
бұлт/  Күңіреніп  көкті  жабады.  Бұл  «Ана» 
өлеңіндегі  сарғайған  ананың  бұлты.  Бесікте-
гі ауру бөбегін түнде тербетумен отырған ана 
жылайды. Көкте де бұлт орнаған. Ананың сол 
аянышты  жағдайына  табиғат  та  үйірілгендей 
болады.
Мағжанның бұлт образы образ дәрежесінде 
көп кідірмей символ дәрежесіне тез көтеріледі. 
Образ өз бойына салмақты символдық мағына 
жинаған. Бұлт – символ ретінде бұл: 
• ақын;
тағдыр қаталдығы;
• өмір;
• қайғы;
• қауіп;
• қараңғылық.
Сонымен,  бұлт  образын  Мағжан  өз 
мағынасын  түрлендіріп,  көркемдік-образдық 
дәрежеде  қолданған.  Жоғарыда  келтірілген 
тармақтардан  көріп  отырғанымыздай,  бұлт 
образына ақын кейіптеу тәсілін қолданып, жан 
бітіреді, бірде ақын өзін де, өмірді де бұлтқа 
теңейді.
ӘДеБиет
1 Гей Н.К. Искусство слова. – М.: Наука, 
1967. – 363 с. 
2  Храпченко  М.Б.  Горизонты  художест-
венного  образа.  –  М.:  Художественная  ли-
тература, 1986. – 439 с. 
3 Жұмалиев Қ. Әдебиет теориясы. – Ал-
маты, Мектеп, 1964. – 248 б. 
4 Шашкина Г.З. Слово в образной системе 
поэта.  (На  материале  поэзии  Олжаса  Су-
лейменова): дисс.  ... канд. филол. н. – Алма-
ты, 1996. – 188 с.   
5  Жетписбаева  Б.А.  Образные  миры  М. 
Жумабаева. – Алматы: АГУ им. Абая, 1997. 
– 151 с.
ФИЛОЛОГИЯ
ФИЛОЛОГИЯ

«Ә
д
іл
ет
т
ің
» 
ғы
л
ы
м
и 
ең
б
ек
т
ер
і №
 1
 (
39

20
12
1
В 
ряде работ, посвящённых проблеме казахско-русско-
го двуязычия в Казахстане, констатируется тот факт, 
что в Алматы, несмотря на изменения в этническом 
составе  горожан  и  произошедшую  внутреннюю  миграцию  в 
стране,  на  сегодняшний  день  сохранилось  доминирование 
русского языка и что его функционирование в качестве языка 
межэтнического общения продолжает оставаться стабильным. 
Южная столица – студенческий город, а в студенческой среде 
по-прежнему  широко  используется  казахско-русское  двуязы-
чие  в  разных  коммуникативных  ситуациях:  во  время  учёбы, 
вне её, в быту, при общении с друзьями, знакомыми и незнако-
мыми людьми. При этом все студенты-казахи обнаруживают 
определённую степень владения русским языком как вторым,  
хотя уровень их языковой компетенции различен /1:32/. Инте-
ресно, что переход с родного языка на русский происходит не 
только при контактах с людьми, не владеющими государствен-
ным языком, но и зачастую при разговорах с соплеменниками-
казахами. То есть налицо «смешение языков».
В процессе работы над характеристикой языковой личности 
казаха-билингва мы провели опрос 86 студентов-нефтяников 1 
и 2 курсов, закончивших казахские школы в Западном Казах-
стане и обучающихся в Алматы. Респонденты должны были 
ответить на вопрос: «Почему ты прибегаешь к русскому языку 
в разговоре с казахами?» 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет