Не журналистика кафедрасы



бет19/51
Дата02.11.2022
өлшемі462,36 Kb.
#46937
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   51
Байланысты:
keshen s n tar.2022-2023

Бақылау сұрақтары:
1. XX ғасырдың алғашқы ширегіндегі қазақ әдебиетінің жалпы жағдайы қандай болды?
2. XX ғасырдың алғашқы кезеңінде әдебиетте қандай ағымдар мен бағыттар пайда болды?
- М. Әуезовтің журналистік, сыншылдық қызметін нақты мысалдар келтіре отырып дәлелде.
- Алғашқы әдеби мақалалары: "Абайдың өнері һәм қызметі", "Қазақ әдебиетінің бүгінгі дәуірі", "Қызыл сұңқарлар" қандай мәселелерді көтереді?
Пайдаланылатын әдебиеттер:

  1. Д.Ысқақұлы Сын өнері. А., 2001

  2. Т.Кәкішев Қазақ әдебиет сынының тарихы. А., 1996

  3. Т.Кәкішев Сын сапары. А., 1974

  4. Т.Кәкішев Оңаша отау. А., 1974

  5. Ә.Нарымбетов Қазақ әдебиет. әдебиеттану, сын және өнердің библиографиялық көрсеткіші ІІІ том, 1956-1960, А., 1997

  6. М.Қаратаев Әдебиет және эстетика. А., 1970

6-лекция: ХХғ. 20 жылдардағы қазақ әдеби сынының дамуы. Коммунистік партияның әдебиет саласындағы саясаты. Қазақ әдебиетінің дамуы жайлы пікірталастар.
Қамтылатын мәселелер:
- ХХғ. 20 жылдардағы қазақ әдеби сынының дамуы.
- Коммунистік партияның әдебиет саласындағы саясаты.
- Қазақ әдебиетінің дамуы жайлы пікірталастар.
-Нәзір Төреқұловтың сыни еңбектері
XX ғасырдың 20-30 жылдарындағы сынның көтерген мәселелері
Ұлт тағдырына қауіп төнген кезде Ресей құрамындағы түркі тектес ұлттардың зиялы азаматтары өздерінің де басқалар сияқты ұлт екендігін дәлелдеу мақсатымен азаматтық тарихын, ұлттық әдебиетін, мәдениетін іздей бастады. Қазақтың да бұрыннан келе жатқан ұлт, дамыған ұлттық әдебиеті, мәдениеті бар халық екендігін дәлелдеп, жазылған мақаланың бірі Смағұл Сәдуақасовтың «Қырғыз әдебиеті» («Трудовая Сибирь», 1919, №1) тақырыбындағы тарихи-сыни очеркі болды. Орыс тілінде жазылған мақаланың негізгі мақсаты қазақ халқының мәдениеті, әдебиеті төмен деп түсінетін орыс оқырмандарына өткен дәуірлерде ұлттық әдебиеттің, әсіресе ауыз әдебиетінің дамыған, бай түрі болғандығын, оның өзгелерге ұқсамайтын өзіндік ерекшеліктерін таныстыру болған. Смағұл қазақтың жазба әдебиетінің тарихын Мәшһүр Жүсіптен, Абайдан бастаған. Қазақ әдебиетінің ірі өкілдері ретінде М. Дулатовтың, А. Байтұрсыновтың, М. Жұмабаевтың, С. Дөнентаевтың, Ғ.Қарашевтің, Ш. Құдайбердиевтің, С. Торайғыровтың, А. Мәметовтің, С. Сейфуллиннің, т. б. шығармаларын талдап, сипаттамалар берген.
Осы кездерде бұрындары қазақ әдебиеті болды ма, болса, қай кезден бастап бар деген мәселе көтерілді. Отаршылдар негізінен, қазақтарда шын мәніндегі әдебиет болған жоқ деген таптық ілімге сүйенген бағытты ұстанса, ұлтжанды қазақ зиялылары әдебиет болғандығын дәлелдеуге кірісті М. Жұмабаев 1923 жылы қазақта бұрындары дамыған әдебиет болмаған дегендерге қарсы «Өткен дәуірдегі теңіздей тұңғиық әдебиетіміздің бізге бұл күнде адасқан ұщқындары, тентіреген тамшылары ғана жетіп отыр. Көбі, көбі болғанда ең сұлулары ұмытылған, желдей өскен жыраулармен бірге топыраққа айналған. Баяғыда отыз күн, отыз түн айтылатын Қобыландылардың ауызда адасып, азғантайы ғана қалған. Талай түндерге созылған ертегілердің басы қайырылып, аяғына жетіп, шоп-шолақ қалған» (М. Жұмабаев. Шығармалары. А., 1989, 340-бет) – деп, өткен замандарда жасалынған әдеби мұрамыздың ұмытылып бара жатқандығына жұртшылық назарын аударды.
Ұлттық дамудың әдебиеттегі рухани тамырларын үзіп тастау мақсатымен жүзеге асырыла бастаған пролетарлық мәдениет бағытына қарсы Мағжан 1924-1926 жылдары «Алқаның» бағдарламасын дайындады. Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, Ж. Аймауытов, Ж. Тілеулин, С. Дөнентаев, М. Әуезов, С. Сәдуақасов, Е. Омаров, С. Қожанұлы, Е. Алдоңғарұлы, Ж. Сәрсенбіұлы сияқты қазақтың біртуар алашшыл азаматтары қолдаған бағдарламада да бұрындары қазақ халқының бай әдебиеті болғандығын дәлелдей түскен. Мағжан әдебиеттің деңгейі қоғамдық дамумен тікелей байланысты болуына орай феодалдық дәуірде өмір сүрген қазақ халқының әдебиеті де төмен деген пікірдің сыңаржақ екендігін айта келіп, «техника мәдениеті тіпті төмен болғанымен», «өзінше терең әдебиеті болған һәм бар» деп дәлелдеді. Дәлелге «кешегі Мұрат, Махамбет, Базар, Шортанбай, Ақан сері сықылды ақындардың елдің мұңын, зарын, ой-қиялын жырлай білген шын жыраулар екенін» алға тартты. Осында ол қазақтың ұлы ақыны Абайдың поэзиясын аса жоғары бағалады.
Келтірілген мысалдардан қазақ әдебиетінің тарихына қатысты алғашқы зерттеулердің алдымен, ұлттық әдебиеттің ғасырлар бойы дамып келе жатқан бай тарихы бар екендігін дәлелдеуден басталғандығын көреміз. Қоғамдық өмірде үстемдік құрған таптық идеологияны әдебиет пен мәдениетке де қолданып, тұрпайылықпен жүзеге асыра бастаған кездерде оған қарсылық ретінде айтылған осы сияқты пікірлердің болашақта жасалар қазақ әдебиетінің тарихы үшін саяси жағынан да, ғылыми жағынан да практикалық маңызы аса зор болды. Саяси қудалауларға қарамастан, алашшыл азаматтар халықтың болашағы үшін ұлттық әдебиет тарихын жасаудың аса қажеттілігін, оны қай бағытта жазу керектігін батыл көрсетіп берді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет