а) XX ғасырдың 30 ж. көркем әдебиет ұйымдарын құру туралы шаралар ҚазАПП (1925 — 1932) ұйымына он шақты ғана жазушы мүше болып, қалғандары идеялық тұрғыдан сыналып, саяси құғынға ұшырады. Соңы 1929 ж. қазақ қаламгерлері көпшілігінің жазықсыз жазалануларына ұласты. Шығарманың көркемдік қасиеттерінен гөрі идеялық жағына маңыз берген солақай сындар бүкіл соғысқа дейінгі дәуір бойы үстемдік құрып, ақыры 1937 ж. жазушыларды екінші дүркін жаппай жазалауға ұрындырды. Соғыстан соңғы кезеңде Ә. с-ның көкжиегі кеңіп, әдеби ой-толғамдардың ғыл. негізі арта түскенімен, әдебиеттің партиялық принципі барынша қадағаланып отырды. Көркем әдебиетте, сын-зерттеу саласында саяси қырағылықты күшейту мақсатында жүргізілген істердің барысында бірсыпыра қаламгерлер тағы да қуғынға ұшырады. “Ұлтшылдыққа”, “ескілшілдікке” қарсы саяси науқанның барысында әдебиеттің бүкіл тарихы Абайымен қоса теріске шығарылды. Алғашқы екі кітабы жарық көрген “Абай жолы” эпопеясында қазақтық өткен ғ-дағы өмірінің суреттелуінен бастап, бар қадір-қасиеті жоққа шығарылып, теріс идеялар береді деп танылды. Осы саяси науқанның салдарынан Ысмайылов, Жұмалиев, Қ. Мұқамедханов т.б. қудаланып, әдебиеттен шеттетілді. Кенжебаев, Т. Нұртазин, Қоңыратбаев т.б. құғындалды. Республикада алғашқылардың бірі болып ұлттық әдебиет пен мәдениетті дамыту және насихаттау ісімен айналысқан Түркістан өлкесіндегі «Талап» қоғамы. Басқарманың құрылтайшысы және жетекшілері жазушы М.Әуезов, этнограф Ә.Диваев,профессорлар Х.Досмұхамедов, А.Шмидт, Н. Архангельский, М. Тынышпаев, М. Есболов, И. Тоқтыбаев, Қ. Тыныстановтар болды. Қоғам Жарғысының жобасын Түркістан ағарту ісі жөніндегі халық комиссариаты мемлекеттік ғалымдар кеңесі бекітті. 1923 жылы 4 желтоқсандағы «Талап» қоғамының мақсаты мен қызмет шеңбері төмендегідей болды:
қазақ әдеби тілінің, терминологиясы мен орфографиясы, т.б. мәселелерін қарастыру; І
қазақ ғылыми қызметкерлері мен қазақ өнері қайраткерлеріне көмек көрсету.
Қоғам құрамына А.Байтұрсынұлы, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, М Дулатұлы, Қ.Кемеңгеров, т.б. енді.
Осы кезеңде жаңа кеңестік әдебиет қалыптаса бастайды. Оның Қазақстандағы өкілдері С.Сейфуллин, С.Мұқанов, Б.Ізтөлин жөнө т.б. болды. Олардың шығармашылығы айқын социалистік реализм және пролетарлық интернационализм ұстанымына негізделді.
20—30-жылдар қазақ кеңес әдебиетінде проза, драматургия және әдеби сын сияқты жаңа жанрлар дамыған кезең болды. І.Жансүгіров «Жолдастар» романын жазды, С.Мұқанов «Байдың ұлы», «Достар», «Ботагөз» романдарын тудырды. Қазақ драматургиясын дамытуда Мұхтар Әуезовтің рөлі зор. Қазақ театр өнерінің дамуы оның есімімен тығыз байланысты.Ресми билік құптаған негізгі тақырып — кеңестік қоғамның құрылуы және дамуы, қазақтардың туған өлкесін түлетуге қосқан үлесі, жергілікті халықтың социалистік еңбектегі ерлігі, т.б. болып саналды. 1934 жылы республикада Қазақ әдебиеті баспасы ашылды.Баспадан социалистік реализм рухындағы әр түрлі жанрдағы шығармалар жарық көре бастады. Бұл кезде Қазақстанда тұратын өзге ұлт өкілдері — И.Шухов, П.Кузнецов, Г.Шарипов, т.б. жазушылар көпшілікке танылды. Д.Снегиннің «Шығыстан соққан жел», «Жетісу» жөне «Менің қалам» атты жинақтары жарық көрді.Латиф Ансари жас ұйғыр ақындарының «Таңғы сәуле» атты өлеңдер жинағын құрастырды.Сонымен бірге Коммунистік партия тарапынан идеологиялық бақылаудың күшеюіне байланысты көптеген әдебиет өкілдері қудалауға түсе бастады. 1937—1938 жылдардағы қуғын-сүргін барысында қазақ әдебиеті өзінің бетке ұстар өкілдерінен айырылды.Қазақ әдебиетінің ұлттық ағымының өкілдері — Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев, Ш.Құдайбердіұлы, Ө.Бөкейханов, А.Байтұрсынұлы, т.б. қуғын-сүргінге ұшырады. Осы жылдары қазақ кеңес әдебиетінің көрнекті өкілдері — С.Сейфуллин, І.Жансүгіров, Б.Майлин, т.б. да қудаланған болатын. Саяси қуғын-сүргін қазақ әдебиеті мен тілінің дамуына айтарлықтай зиянын тигізді.1932 жылы 9 мамырда БК(б)П-ның Қазақстан Өлкелік Комитетінің секретарияты «Көркемөнер мен әдебиет ұйымдарын қайта құру туралы» қаулы қабылдады. Қазақстан одағының ұйымдастыру комитеті құрылды. Ұйымдастыру комитетінің Төрағасы болып ақын Ілияс Жансүгіров тағайындалды.Сол жылы 26-31 желтоқсанда Қазақстан Жазушылар Одағы ұйымдастыру комитетінің 1 пленумы өтті. Пленумда І.Жансүгіров «Әдеби ұйымды қайта құру және Қазақстан жазушыларының міндеттері», Ғ.Мүсірепов «Қазақ жазушыларының жаңа шығармалары», М.Баталов «Қазақстан орыс әдебиетінде» деген баяндамалар жасады.
1934 жылы 12-18 маусым аралығында Алматы қаласында Қазақстан жазушыларының 1 съезі өтті. Съезді С.Сейфулин кіріспе сөзбен ашты. Съезд І.Жансүгіровтың «Қазақ кеңес әдебиетінің бүгінгі күйі, сынының сабақты мәселелері», М.Әуезовтың «Драматургияның бүгінгі жайы мен алдағы міндеттері», О.Бековтың «Қазақ театры мен драматургиясының өсу белеңдері», С.Мұқановтың «Қазақ поэзиясының халі және келешектегі міндеттері туралы» баяндамаларын талқылады. Съезде Қазақстан Жазушылар Одағы басқармасының Төрағасы болып ақын Ілияс Жансүгіров тағайындалды.
1920-30 жылдардағы идеялық талас-тартыстардан кейін пайда болған жазушылар одағы cовет өкіметімен бірге қилы кезеңдерден өтіп, тәуелсіз Қазақстанның қазіргі «биігіне» шықты. Қазіргі одақ мүшелері бір адамның ұзақ уақыт төраға болуына қарсы - бірақ олар шексіз ел билеуді орынды деп санайды.
Осыдан 78 жыл бұрын, яғни 1934 жылдың жазында Қазақстан совет жазушыларының 1-съезі өтті. Қазақстан жазушылары ұйымы алғашқы съезге 1932 жылдың желтоқсан айынан бастап екпінді дайындыққа кірісті. Бұл ұйым «көркем әдебиет ұйымдарын большевикше қайта құруға» жұмылған кезде қазақ халқының жартысына жуығы аштан қырылып жатқан еді.
Ал 1935 жылы СССР әдеби қорының қазақ бөлімшесі құрылып, Қазақстан жазушылар одағын мемлекет тарапынан қаржыландыруға кірісті. Осыдан әрі қарай жазушылар одағы совет өкіметінің идеология саласындағы оң қолына айналды.