Курстық жұмыс Пәні: Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі Тақырыбы: Сәбит Дөнентаевтың шығармаларын оқыту Орындаған: Жүсіп Аяулым Тобы: ҚТ-19-01 Тексерген: Шормакова а нұр-сұлтан 2021 Жоспар Кіріспе Негізгі бөлім
Курстық жұмыс Пәні: Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі
Тақырыбы: Сәбит Дөнентаевтың шығармаларын оқыту
Орындаған: Жүсіп Аяулым
Тобы: ҚТ-19-01
Тексерген: Шормакова А
Нұр-сұлтан 2021
Жоспар Кіріспе....................................................................................................3-4 Негізгі бөлім С. Дөнентаевтың өмір жолы мен шығармашылығы...........................5-6
1.1 С. Дөнентаев шығармаларындағы өмір шындығы.........................7-10
1.2 С. Дөнентаетың журналистік қызметі..............................................11-15
2 С.Дөнентаев-мысал жанрының шебері..............................................16-19
Қорытынды..............................................................................................20 Пайдаланылған әдебиеттер....................................................................21
Кіріспе Курстық жұмыстың өзектілігі: Сәбит Дөнентаев қазақ әдебиетінің даму тарихында аса бағалы әдеби мұра қалдырған ақын. XX ғасырдың басындағы және совет дәуіріндегі Сәбиттің алатын орны ерекше. Ешкімге ұқсамайтын, ешкімді қайталамайтын Сәбит өзінің шығармаларын алдымен сатиралық жанырда дамытқан. Сәбит өзіне дейінгі және өзі тұстас әдебиет үлгілерін, әсіресе орыс, татар халқының озық әдебиет үлгілерін молынан пайдалана отырып, өзінің идеялық, творчестволық жолын анықтап отырды.
Ұлы Октябрь социолистік революциясы ақын талантының кең құлашпен қанаттанып, реалистік жаңа шығармалар жазуына толық мүмкіндік тудырды. Бұрынғы бұқаршыл, ұсақ буржуазияшыл бағыттағы ақын совет дәуірінде социалистік реализм әдісімен күрделі шығармалар берген көрнекті совет ақыны болу дәрежесіне көтерілді. Сәбит Дөнентаевтың әдеби мұрасы тек совет дәуірінде ғана жан-жақты зерттеліп, бүкіл халықтық игілікке айналып отырды.
Ақынның шығармашылық ізденісінің қайнар көзі ел санасын оятып, ұлт тәуелсіздігін жырлаған әдебиеттің идеялық арнасы мен сабақтасып жатыр. Ұлтты ояту, ел қамын жеу, қазақ халқының азаттығы-Сәбит шығармасының басты өзегі.Өз кезегінде Сәбиттің ең алғашқы өлеңдері де елдікті темір етіп, халық сабасына азаттық пен азаматтың, ағартушылық пен адамгершілікті ізгі қаситеттер дарытқан «Айқап», «Қазақ» басылымдарында жарияланды.
Оның поэзиясы терең мазмұнды, ойлы болумен бірге көркемдік қырларымен, өзіндік өзгешеліктерімен де ерекшеленеді. Ең алдымен ақынның көптеген өлеңдерінде нақтылық сипат, тұжырымдылық басым. Оның поэзиясының тілі таза, қарапайым және сонымен бірге бейнелі де көркем. Сәбит поэзиясында сырттай жарқылдақтық, асқақ лептілік жоқ. Ол өмір шындығын боямасыз қалпында, реалистік сарында суреттейді. Ақын ойға жомарт, сөзге сараң болуға көп көңіл бөледі.
Сонымен қатар, Сәбит Дөнентаев - сатира жанрында айрықша тұлғаланған талант. Қазақ әдебиетіндегі фельетон, сықақ, әзіл-қалжың, мысал жанрының дамуына айтарлықтай үлес қосқан болатын.
Міне,Сәбит Дөнентаев шығармашылығын оқушылармен таныстыру мұғалім үшін өте маңызды. Себебі, Сәбиттің шығармаларында балаларды өз тарихын, қоғамдық даму барысын, ғылым-білімге, дара қасиетті болуға үйретеді. Сол себепті де, Сәбит шығармаларын балаларға таныстыру өте қажет. Курстық жұмысымда оқушыларды Сәбиттің шығармаларымен таныстырып, шығармалардың тәрбиелік мәнін ұғындыратын боламын.