Бақылау сұрақтары:
- «Т. Тоқбергенов - әдебиет сыншысы» тақырыбына баяндама дайында.
- С. Әшімов еңбектеріне талдау жаса.
- Қазіргі қазақ әдебиетінің басты бағыты қандай?
Пайдалынылатын әдебиеттер:
2 Т.Кәкішев Қазақ әдебиет сынының тарихы. А., 1996
Т.Кәкішев Сын сапары. А., 1974
Т.Кәкішев Оңаша отау. А., 1974
Ә.Нарымбетов Қазақ әдебиет. әдебиеттану, сын және өнердің библиографиялық көрсеткіші ІІІ том, 1956-1960, А., 1997
М.Қаратаев Әдебиет және эстетика. А., 1970
6. Ахметов З. Поэтика эпопеи "Путь Абая" в свете истории ее создания. А., 1984 г.
7. Қазақ әдебиетінің тарихы. 8 том. А., 2004 ж. -130-169 б.б.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ҚОРҚЫТ АТА АТЫНДАҒЫ ҚЫЗЫЛОРДА УНИВЕРСИТЕТІ
ГУМАНИТАРЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ФАКУЛТЕТ
ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ ЖӘНЕ ЖУРНАЛИСТИКА КАФЕДРАСЫ
АЙТИМОВ М.К.
«Қазақ әдеби сынының тарихы» пәніненен 5В011700 – қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы студенттеріне арналған практикалық сабақтар бойынша
әдістемелік нұсқау
Оқу түрі: күндізгі
Қызылорда,2022
Әдістемелік нұсқау пәннің оқу жоспары мен бағдарламасының талаптарына сәйкес құрастырылған, мұнда практикалық сабақтарға қажетті барлық мәліметтер қамтылған. Әдістемелік нұсқау 6В01721 – қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы студенттеріне арналған Әдістемелік нұсқау оқытудың несиелік жүйесіне сай студенттердің өз бетінше терең ізденіп, шығармашылықпен жұмыс жасауына негізделген.
«Қазақ әдебиеті сынының тарихы» пәнінен практикалық сабақ қазақ сынының тарихын жан-жақты түсіндірумен ерекшеленді.
КІРІСПЕ
Әдебиет сыны әрқашан дәл өз тұсындағы әдебиеттің тірі процессіне белсене араласып, нақты әдеби туындыны жан – жақты талдау, оның идеялық көркемдік құнын белгілеу, өз кезінің эстетикасы үшін мәні мен маңызын анықтау арқылы, бір жағынан жазушыға жазғандарының бағалы қасиеттерін, ерекшеліктері мен кемшіліктерін көрсетіп, оның творчестволық өсуіне тікелей көмек жасаса, екінші жағына оқырманды оқығандарының байыбына барып, оны жете түсініп, дұрыс бағалауға баулиды.
Әдеби сында көркем шығарманы бағалаудың жолдары, тәсілдері, шарттары, ережелері бар. Көркемдік критерий, ең алдымен, әдеби шығармашылық бағалы жағын көре білу сынның ең үлкен міндетінің өзі осы.
Практикалық (семинар) сабақтарының мақсаты мен міндеттері
Қазақ әдебиеттану нақты мәселелерді зерттеуде әдебиеттің ішкі даму заңдылықтарын, жанрлардың ерекшеліктері мен туу жолдарын анықтауға батыл қадам жасап отырған бүгінгі таңда әдебиетімізге зерттеліп жүрген проза, поэзия, драматургия жанрлары сияқты әдебиет сынының да тарихы мен қалыптасу процестері, өзіне тән шығармашылық жекелеген мәселелері зерттеуді қажет етеді. Осымен байланысты қазақ әдебиетінің сыны мен ғылымының тарихы кезеңдерін білу және қазіргі кезеңдегі сынның эстетикалық деңгейлерін студенттерге таныту пәннің негізгі мақсаты болып табылады. Сондай-ақ, әдеби сынның табиғаты мен әдістері, қызметі (функциясы) принциптері, түрлері, жанрлары туралы оқып үйрету “Қазақ әдебиеті сын тарихы” курсының мақсаты болып табылады.
ІІ Практикалық сабақтардың мазмұны.
Әдебиет сыны әрқашан дәл өз тұсындағы әдебиеттің тірі процессіне белсене араласып, нақты әдеби туындыны жан – жақты талдау, оның идеялық көркемдік құнын белгілеу, өз кезінің эстетикасы үшін мәні мен маңызын анықтау арқылы, бір жағынан жазушыға жазғандарының бағалы қасиеттерін, ерекшеліктері мен кемшіліктерін көрсетіп, оның творчестволық өсуіне тікелей көмек жасаса, екінші жағына оқырманды оқығандарының байыбына барып, оны жете түсініп, дұрыс бағалауға баулиды.
Әдеби сында көркем шығарманы бағалаудың жолдары, тәсілдері, шарттары, ережелері бар. Көркемдік критерий, ең алдымен, әдеби шығармашылық бағалы жағын көре білу сынның ең үлкен міндетінің өзі осы.
Қазақ әдебиеттану нақты мәселелерді зерттеуде әдебиеттің ішкі даму заңдылықтарын, жанрлардың ерекшеліктері мен туу жолдарын анықтауға батыл қадам жасап отырған бүгінгі таңда әдебиетімізге зерттеліп жүрген проза, поэзия, драматургия жанрлары сияқты әдебиет сынының да тарихы мен қалыптасу процестері, өзіне тән шығармашылық жекелеген мәселелері зерттеуді қажет етеді.
ІІІ Техникалық құрал-жабдықтар. Магнитофон, диктофон, электронды оқу құралдары. Т.б.
ІҮ Сабақ өткізу тәртібі. Алдын ала берілген практикалық сабақтың сұрақтары бойынша әр түрлі әдістермен студенттердің білімін, өз бетінше іздену шеберліктерін, оқыған материалдарын еске сақтау қабілетін жан-жақты бақылау.
Достарыңызбен бөлісу: |