«Қазақ әдебиеті сынының тарихы» пәнінен практикалық сабақтарының тақырыптары. 1 –тақырып: Көркем әдебиеттің табиғаты, ерекшелігі және мәндері.
Қамтылатын мәселелер: 1.1.Әдеби сын халық өмір сүрген сәттен бастап пайда болды.
1.2.Халық ауыз әдебиетіндегі әдеби сынның көрінісі.
1.4.Мақал,мәтелдердегі тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні,аңыз әңгімелердегі суырып салма айтқыштық пен тапқырлық ,билер сөзінің философиялық мәні.
Практикалық сабақтарға тапсырмалар: - Қазақтың сыни пікірінің оянуы және әдебиет сынының пайда болуы. Халықтық эстетика. Қазақ әдебиетіндегі сыншылдық ойлардың негіздері жайлы саралау.
- Қазақ әдебиеті сынының ғылымы және оның міндеті мен мақсатын анықта.
- Қазақ әдебиеті сынының ғылымының маңызын айқында.
- Қазақ әдебиеті сынының ғылымының қалыптасуы жайлы мағлұматтар жинау.
- Қазақ әдебиеті сынының ғылымын зерттеген ғалымдар еңбектерімен танысу.
Бақылау сұрақтары:
- Қазақ әдебиеті сыныны ғылымы және оның міндеті мен мақсаты не?
- Қазақ әдебиеті сыныны ғылымының маңызы неде?
- Қазақ әдебиеті сыныны ғылымының қалыптасу тарихы қандай?
- Қазақ әдебиеті сыныны ғылымын зерттеген ғалымдар кімдер?
СӨЖ тапсырмалары:
- Қазақ әдебиеті сыныны ғылымы және оның міндеті мен мақсатын айқындап өзіндік жұмыс жаз.
- Қазақ әдебиеті сыныны ғылымын зерттеген ғалымдар жайлы глоссарий жаса.
Пайдаланатын әдебиеттер: Д.Ысқақұлы Сын өнері. А., 2001