Практикалық сабақтарға тапсырмалар: - Ағартушы-демократтардың негізгі ұстанған бағытын анықтау.
- Уалихановтың, Алтынсариннің сын өнерінің қалыптасып, дамуына қосқан үлесін анықтау.
- Абайдың эстетикалық көзқарасына талдау жасау.
Бақылау сұрақтары: - Бағыттың басты сипаты мен көрнекті өкілдері кімдер?
Спандияр Көбеевтің қандай еңбектерінде сыни ой-пікірлері көрінеді?
Ы. Алтынсариннің әдеби жанрлардың, әдеби сынның қалыптасуына тигізген әсер-ықпалы қандай?
Абай өлеңдерінде, қарасөздерінде көрінген сынның маңызы қандай?
СӨЖ тапсырмалары:
«Сын болмай шын болмайды» атты тақырыпқа өзіндік зерттеу жұмысын жаса.
Пайдаланылатын әдебиеттер: Д.Ысқақұлы Сын өнері. А., 2001
Т.Кәкішев Қазақ әдебиет сынының тарихы. А., 1996
Т.Кәкішев Сын сапары. А., 1974
Т.Кәкішев Оңаша отау. А., 1974
Ә.Нарымбетов Қазақ әдебиет. әдебиеттану, сын және өнердің библиографиялық көрсеткіші ІІІ том, 1956-1960, А., 1997
М.Қаратаев Әдебиет және эстетика. А., 1970
4–тақырып:Баспасөз және сын.
Қамтылатын мәселелер: 4.1 «Дала уалаяты», «Түркістан уалаяты»басылымдарында әдебиет туралы пікірлердің көрінуі.
4.2 «Айқап», «Қазақ» баспасөзінде ұлттық әдебиет жөніндегі мәселелердің басылуы.
4.3 Оқулықтар,қазақ тілінің тазалығы,халық ауыз әдебиетінің үлгілері туралы рецензиялар,сын мақалалардың жариялануы
Практикалық сабақтарға тапсырмалар: - ХІХ ғасыр және ХХ ғасырдың басындағы алғашқы қазақ баспасөзі туралы материалдар жина.
- " Айқап ", " Қазақ " газеттерінің қазақ әдебиеті сынының дамуына тигізген әсерін, маңызын анықта.
- Алғашқы сыни мақалалар, олардың кемшіліктерін, бағытын анықта.