Бақылау сұрақтары: 1. ХІХ ғасыр және ХХ ғасыр басында қазақ даласында қандай газет-журналдар пайда болды?
2. Абай шығармашылығына байланысты алғашқы мақала қашан шықты?
3. Алғашқы мақалаларда көрінген қандай негізгі кемшіліктер болды?
4. ХХ ғасырдың бас кезіндегі қоғам өмірі жайлы, әдеби шығармалар жайлы М. Әуезовтің қандай мақалалары бар?
СӨЖ тапсырмалары:
«Қазақ газеті қандай болу керек?» тақырыбында өзіндік жұмыс дайында.
«Алғашқы қазақ баспасөзі» тақырыбында сөзжұмбақ дайында.
«Алғашқы қазақ мақалалары, алғашқы қазақ журналистері» тақырыбында глоссарий дайында.
Пайдаланылатын әдебиеттер. Д.Ысқақұлы Сын өнері. А., 2001
5 –тақырып: Жазба әдебиеті және сын. Қамтылатын мәселелер: 5.1 Жазба әдебиет өкілдерінің сын жанрын дүниеге әкелудегі ролі.
5.2 Абай, Сұлтанмахмұт, Сәбит, Мағжан, Сәкен т.б. сынға жасаған ықпалдары
5.3 Сынның сатиралық жанрлары.
Практикалық сабақтарға тапсырмалар:
XX ғасырдың алғашқы ширегіндегі қазақ әдебиетінің жалпы жағдайы жайлы мағлұматтар жинау.
- Алғашқы әдеби мақалалары: "Абайдың өнері һәм қызметі", "Қазақ әдебиетінің бүгінгі дәуірі", "Қызыл сұңқарларды" оқу.
Бақылау сұрақтары: 1. XX ғасырдың алғашқы ширегіндегі қазақ әдебиетінің жалпы жағдайы қандай болды?
2. XX ғасырдың алғашқы кезеңінде әдебиетте қандай ағымдар мен бағыттар пайда болды?
- М. Әуезовтің журналистік, сыншылдық қызметін нақты мысалдар келтіре отырып дәлелде.
- Алғашқы әдеби мақалалары: "Абайдың өнері һәм қызметі", "Қазақ әдебиетінің бүгінгі дәуірі", "Қызыл сұңқарлар" қандай мәселелерді көтереді?