7 –тақырып: 30-шы жылдардағы көркем әдебиет ұйымдарын қайта құру шаралары. Жазушылар одағының құрылуы. Қамтылатын мәселелер: - 30-шы жылдардағы көркем әдебиет ұйымдарын қайта құру шаралары.
-Жазушылар одағының құрылуы.
- 30-шы жылдарда жарыққа шыққан көркем әдеби шығармалар.
Практикалық сабақтарға тапсырмалар:
ХХ ғасырдың бас кезіндегі мәдени-әлеуметтік дамудың көріністерін айқында.
Саяси жағдайлардың әдеби дамуға әсерін айқында.
1932 жылы «Көркем әдебиет ұйымдарын қайта құру туралы» қаулының әдебиет пен сынның дамуына әсерін анықта.
М. Әуезовтің, С. Мұқановтың, Е. Ысмайыловтың, З. Ахметовтың т. б. Абай шығармашылығына байланысты жазған еңбетктеріне зерттеу жүргіз.
Бақылау сұрақтары: 1. 30-шы жылдары ақын-жазушылардың әдеби шығармашылық көзқарас танымының қалыптасуына Абай өлеңдерінің әсері қандай блды?
- Осы жылдары Абай шығармаларын жинап, сараптап, жариялау жұмыстары қалай жүрді?
- 1937 жылы Қазақстан жазушыларының кезекті өткен бірінші пленумында С. Мұқановтың «Қазақ совет әдебиетінің хал-жайы және міндеттері», М. Қартаевтың «Қазақ әдебиетіндегі сынның міндеттері», М. Әуезовтің «Қазақ фольклоры туралы» баяндамаларының әдебиет пен сын өнерінің дамуына тигізген әсерін бағдарлау.
СӨЖ тапсырмалары:
«Әдебиет және сын мәселесі» тақырыбында эссе жаз.
- «30-шы жылдардағы көркем әдебиет» тақырыбында сөзжұмбақ дайында.