Пайдалынылатын әдебиеттер:
Д.Ысқақұлы Сын өнері. А., 2001
Т.Кәкішев Қазақ әдебиет сынының тарихы. А., 1996
Т.Кәкішев Сын сапары. А., 1974
Т.Кәкішев Оңаша отау. А., 1974
Ә.Нарымбетов Қазақ әдебиет. әдебиеттану, сын және өнердің библиографиялық көрсеткіші ІІІ том, 1956-1960, А., 1997
М.Қаратаев Әдебиет және эстетика. А., 1970
8 –тақырып: Қазақ әдебиеттану ғылымының қалыптасуы және сынның дамуы.
Қамтылатын мәселелер:
8.1 40-50ж. қазақ әдебиетінің табыстары.
8.2 Әдебиеттегі «жылымық», оның әдеби қозғалыс пен сынға әсері.
8.3 М.Әуезов, С.Мұқанов, А.Нұрхатов т.б. ғалымдардың сын-зерттеу еңбектері.
Практикалық сабақтарға тапсырмалар:
Соғыс жылдарындағы қазақ әдебиетінде М.Әуезов, С.Мұқанов,
Ғ.Мүсірепов, Ғ.Мұстафин, Ә.Тәжібаев, А.Тоқмағамбетов, Ғ.Ормановтар, майданда Ә.Сәрсенбаев, Қ.Аманжолов, Т.Жароков, Ж.Саин, Д.Әбілев, А.Жұмағалиев, Б.Бұлқышев, Б.Момышұлы, С.Сейітов, Ж.Молдағалиев, Х.Ерғалиев, С.Мәуленов сияқты ақындар қару жастана жүріп қаламды қолдарынан тастамады. Аты аталған ақын-жазушылардың шығармаларымен танысу.
Соғыс кезіндегі Жамбыл шығармашылығы турылы мағлұматтар жинау.
- Соғыс жылдарындағы сында елеулі еңбек еткен сыншы-ғалымдардың, жазушылардың еңбектерімен танысу. (Е.Ысмайылов, Б.Кенжебаев, Қ.Жұмалиев, Т.Нұртазин, С.Төлешев, Б.Шалабаев, А.Лекеров, М.Бөжеев, Қ.Жармағамбетовтар, М.Әуезов, С.Мұқанов, Ғ.Мүсірепов, Ә.Тәжібаев)
Бақылау сұрақтары:
Ғ.Мүсіреповтің мақаласында Қ.Аманжоловтың «Абдолла» поэмасы соғыс
кезіндегі қазақ поэзиясының аса ірі табысы ретінде бағаланғаны туралы баяндау.
Соғыс жылдарында жазылған Ә.Тәжібаевтың «Қазақ әдебиетінің бүгінгі
міндеттері» («Әдебиет майданы», 1941, №4), М.Әуезовтің «Ерлік-елдің сыны» («Социалистік Қазақстан», 1941, 30-шілде), Қ.Бекхожиннің «Ерлікті жырлайық» («Лениншіл жас», 1941, 10шілде), Б.Кенжебаевтың «Қаһарлы сөз қамал бұзады» («Социалистік Қазақстан», 1941, 4-қыркүйек), Қ.Жармағамбетовтың «Жауға өшпенділікті кернете түседі» («Социалистік Қазақстан», 1942, 29-қараша) мақаларымен танысу.
Достарыңызбен бөлісу: |