Несіпбаев Іөлеутай биология гылымдарының докторы, профессор, Кдзақстан



Pdf көрінісі
бет138/157
Дата10.04.2022
өлшемі13,53 Mb.
#30525
1   ...   134   135   136   137   138   139   140   141   ...   157
мидалық торшалар құрайды. Олар ми қыртысы беткейінде вертикаль 
(тігінен) орналасады жөне үшбұрыш пішіндес келеді. Бүл торшалар- 
дан жоғары қарай Т-төрізді тармақталған дендрит, ал төменгі табаны- 
нан аксон басталады да, ол ми қыртысыньщ басқа аймақтарына бағыт- 
талатын, немесе қыртыстан басталатын, төмендеу жолына қосылады.
Қыртыс нейрондарының келесі тобын майда жулдызша торшалар 
қүрайды. Олардың өсінділерінен қыртыстық байланыстар түзеледі.
Нейрондардың үшінші тобын шуйкелі (үршық төрізді) торшалар 
түзеді. Олардың аксондары горизонтальды не тік бағытта жайылады. 
Аталған нейрондар топтарының денесі мен өсінділері белгілі ретпен 
орналасады да,  ми  қыртысын  алты  горизонтальды  қабатқа  бөледі. 
Олар сыртқы молекулалық қабат, сыртқы дөнді қабат, сыртқы пира- 
мидалық торшалар қабаты, ішкі дөнді, ішкі пирамидалы қ торшалар 
қабаты жоне өртекті (полиморфты), немесе шүйкелі, торшалар.
Анатомиялық түрғыдан ми қыртысы төрт бөлікке - маңцай, төбе, 
шүйде  жөне  самай,  бөлінеді.  Бұл  бөліктердің  өрқайсысы  сезімтал 
(проекциялық) жөне жалғастырушы аймақтарға бөлінеді. М и қы р- 
тысының арнаулы афференттік жолдар тірелетін жерлерін сезімтал 
(проекциялық, сенсорлық) аймак, дейді. Оларға соматосенсорлық (төбе 
бөлігінде),  көру (шүйде бөлігінде),  есту (самай бөлігінде), дәм сезу 
(төбе бөлігінде) аймақтары жатады.
Жалгастыргыш (ассоциативтік) аймақтар үлкен ми жарты шар- 
ларының мандай, самай, төбе, шүйде бөлікгерінде орналасады. Бүл 
аймақтар импульстерді не сезімтал аймақтардан, не басқа жалгастыр­
гыш аймақтардан қабылап отырады.
М и  қыртысының  қозгагыш  аймақтары  бұлш ы қ ет  өрекеттерін 
басқарады.  Олар  алдыңғы  орталық  иірімде  жөне  ми  қыртысының 
медиальдық беткейінде орналасады.
277-сүрақ.  Пирамидалық және экстрапирамидалық жуйе деген не?
Алдыңғы ми торшаларының өсінділері ми қыртысының өткізгіш 
жолдарын  түзеді.  Олар  жанама,  жалгастыргыш,  көлденең  жөне 
проекциялық болып бөлінеді. Жанама, немесе коллатеральдық жол-
263


дар, үлкен ми сыңарларының беткейіне параллель орналасады да, ми 
қыртысын  жеке-жеке  қабаттарға  бөледі.  Жалгастыргыш,  немесе 
ассоциативтік жолдар, өр жарты шардың түрлі бөлікгерін бір-бірімен 
жалғастырады.  Көлденең, немесе комиссуральдық жолдар, жарты ша- 
ралардың  симметриялы  бөліктерін  жалғастырады.  Ал,  проекциялық 
жолдар - ми қыртысын мидың төменгі бөлімдерімен байл аныстырады.
Ми қыртысының қозғағыш аймақтары нейрондарының аксонда- 
ры прирамидалық (қыртыс-жұлывдық) жөне экстрапирамидалық жол 
қүрайды.  Пирамидалық жол ми  қыртысынан жүлын  арқылы тұлға 
мен аяқ-қо л  бұлш ы қ еттеріне таралатын маңызды төмендеу (орта- 
лықтан тепкіш) жолы болып табылады.  Бұл жол бұлшық етгің шап- 
шаң  (фазалық)  жөне  баяу  (тонустық)  өрекеттерін,  күрделі  ерікті 
қимылдарды реттейді. Ал, организмнің қимыл-өрекеттерін, кейпін, 
бүлш ы қ ет тонусын,  сатылы түрде өр  түрлі  ми  қүрылымдары ар- 
қылы қамтамасыз ететін жолды экстрапирамидалық жол дейді.  Бұл 
жағдайда импульстер ми қыртысыньщ қозғағыш аймағынан бұлшық 
еттерге  ж олақ  дене,  қара  төсемік,  қызыл  ядро,  торлы  құрылым, 
жүлын мотонейрондары арқылы бағытталады. Эволюциялық түрғы- 
дан бұл ерте пайда болған жол,  еріксіз атқарылатын  қимылдарды 
қамтамасыз етеді.
11-ТАРАУ
Ж ОҒАРЫ  ДӘРЕЖ ЕЛІ Ж ҮЙКЕЛІК ҚЫ ЗМ ЕТ
278-сурақ. Жогары дәрежелі ж уйкелік қызмет дегеніміз не жэне 
оны қандай эдістермен зерттейді?
Адам  мен  жануарлардың  үлкен  ми  сыңарлары  қыртысының 
өрекетін жоғары дөрежелі жүйкелік қызмет  (ЖДЖ Қ) деп  аттайды. 
Ж Д Ж Қ  организмнің күрделі мінез-қылығының нейрофизиология- 
л ы к   негізі  болып табылады.  Үлкен ми жарты  шаралары  қыртысы, 
алдыңғы мидың қыртыс асты ядролы, аралық ми құрылымдары оның 
морфологиялық негізі болып саналады. Ж ДЖ Қ организмнің сыртқы 
ортаның құбылмалы жағдайларына бейімделуін, оның қоршаған ор- 
тамен күрделі қарым - қатынасын қамтамасыз етеді.  Функционал- 
д ы қ  түрғыдан  Ж Д Ж Қ   организмнің  сыртқы  орта  жағдайларына 
мүлтіксіз бейімделуін қамтамасыз ететін туа қалыптасқан жөне жүре 
пайда болған механизмдердің жиынтығы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   134   135   136   137   138   139   140   141   ...   157




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет