Несіпбаев Іөлеутай биология гылымдарының докторы, профессор, Кдзақстан



Pdf көрінісі
бет135/157
Дата10.04.2022
өлшемі13,53 Mb.
#30525
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   157
273-сурақ. Аралық м и қандай қызмет атқарады?
Аралық ми - көру төмпегі - таламус, төмпек асты аймақ - гипота­
ламус, жөне төмпекгің үстіңгі қосалқысы - эпиталамус атты қүры- 
лымдардан түрады (48-сурет).
Көру төмпегі (таламус) - мидың ең көне бөлігі.  Онда сұр заттан 
түзілген көптеген (40-қа жуық) ядролар шоғырланады. Бұл ядролар 
алдыңғы, медиальдық жөне латеральдық болып бөлінеді.
Таламус иістік импульстерден басқа үлкен ми жарты шарларына 
бағытталған  барлық  афференттік  импульстердің  қақпасы  болып 
есептеледі. Таламус ядроларында жанасу, проприо-, термо-, ауырсы- 
ну, дөм сезу рецепторларынан бағытталған импульстер тоғысады.
Қызметі жағынан таламус ядролары арнаулы жөне жалпылама бо­
лып бөлінеді. Арнаулы ядролардан тараған импульстер ми қыртысы- 
ның үшінші немесе төртінші қабатының нақтылы сезімтал (сенсор-
48-сурет .
Гипоталамус ядросы:
1
-паравентрикулярлық ядро, 
2
-шың (спайк), 
3-күмбез, 4-қасаң дене, 5-көру төмпегі 
(таламус), 
6
- эпифиз, 7-ми суағары, 
8
-ортаңғы ми, 9-артқы ядро,  10- еміздікше 
дене, 
11
-дорсомедиальды ядро, 
12-латериальды ядро,  13-вентромедиальды 
ядро,  14- нейрогипофиз,  15-аденогипофиз, 
16-көру жолының қиылысы,
17-супраоптикалық ядро.
258
лық) жөне жалғастырғыш (ассоциативтік) аймақтарына шоғырлана 
бағытталады,  олар белгілі түйсік туғызады. Ал жалпылама ядролар­
дан  тараған  импульстер  ми  қыртысына  шашырай  жайылады,  ми 
белсенділігін жандандырады.
Таламуста белгілі дөрежеде өр түрлі тітіркеністерді талдау, жинақ- 
тау процестері де жүреді. Таламус бүлш ық еттің икемділік тонусын 
реттеуге қатысады. Икемділік тонусы нәтижесінде дене өр түрлі кейіп 
қабылдай алады.
Эпиталамуста  иіс  сезу  орталығы  мен  ішкі  секрециялық  без  - 
эпифиз орналасады.
Гипоталамус — көлемі жағынан кішкентай ғана қүрылым,  бірақ 
онда көптеген ядролар шоғырланады. Олардың негізгілері паравент- 
рикулярлық, супраоптикалық ядролар, сур төмпек, еміздікиіе дене.  Ги­
поталамус аймағында жалпы алғанда 32 жұп ядро орналасады.
Гипоталамус кору төмпегі мен ми қыртысын вегетативтік жүйке 
жүйесімен жалғастырушы буын болып табылады.  Осыдан гипотала­
мус вегетативтік функцияларды, симпатикалық жөне парасимпати- 
калық реакцияларды ретгеуде маңызды рөл атқарады. Супрараопти- 
калық ядроны тітіркендіргенде мал иеді, ал паравентрикулярлық яд- 
роны тітіркендіргенде  — исінеді.  Гипоталамустың артқы ядролары 
симпатикалық,  ал алдыңғы ядролары парасимпатикалық реакция­
ларды реттейді деген болжам бар.
Гипоталамус дене температурасын ретгеуге қатысады. Сүр төмпекті 
зақымдағаннан кейін жануарлар организміндегі жылу түзу жөне жылу 
бөлу процестері бұзыльш, дене температурасының тұрақтыльпы сақ- 
талмайды. Гипоталамусте белокгьщ, майдың, көмірсулардың, су мен 
минералды затгардьщ алмасуын ретгейтін орталықтар орналасады.
Гипоталамус түрлі эмоцияларды, организм мен сыртқы орта ара- 
сындағы байланысты қалыптастыруда маңызды рөл атқарады. Оның 
жыныстық жөне агрессивті қорганыстық рефлекстерге қатысы дө- 
лелденген. Гипоталамустың вентромедиальдық ядроларында тояттау, 
бүйір ядроларында — ашығу, ал супраоптикалық ядролардан дорсо- 
латералдық бағытга — сусау (шөлдеу) орталықтары орналасады.
Гипоталамустың преоптикалық аймағында организмнің ішкі ор- 
тасындағы осмостық қысым деңгейін реттеуге қатысатьш ерекше ос- 
морецепторлы нейрондар орналасады. Бүл нейрондар ішінде осмос­
тык, қысымы түрақты деңгейде болатын торш алық сүйы ққа толған 
вакуоль болады. Осы сүйық пен торша сыртындағы сұйықтың осмос­
тык, қысымының айырмасына байланысты нейрон белсенділігі өзгеріп, 
денедегі осмостық қысымның тұрақтылығын сақтауға бағытталған 
физиологиялық өрекеттер туьшдайды.
259




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   157




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет