Несіпбаев Іөлеутай биология гылымдарының докторы, профессор, Кдзақстан



Pdf көрінісі
бет146/157
Дата10.04.2022
өлшемі13,53 Mb.
#30525
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   ...   157
көз бүршагы орналасады.  Ол сыртынан белдемшелі ж ұқа қабықпен 
қапталады.  Қ абы қ  белдеміне  циннов  байламы  бекиді.  Бүл  байлам 
тамырлы  қабы қты ң  қүрылымы  -  кірпекше  еттермен  жалғасады. 
Кірпікшелі дененің жиырылуы нөтижесінде көз бүршағының пішіні 
280
өзіеріп, ол не қабысып, не дөңестеліп отырады. Қасаң қабы қ пен көз 
қарашығының арасындағы қуысты көздің алдыңгы камерасы, ал қара- 
ш ы қ пен көз бүршағы арасындағы қуысты - көздің артқы камерасы 
деп атайды.  Бүл  камералар мөлдір сүйықпен -  шылауықпен толған. 
Көз  алмасының  көз  бүршағының  артында  жатқан  қуысын  шыны 
тәрізді дене деп аталатын түссіз, мөлдір, қоймалжың сүйы қ зат тол- 
тырып тұрады. Аталған қүрылымдар - қасаң қабы қ, шылауық, көз 
бұршағы және шыны төрізді дене,  -  көздің оптикалық,  немесе  сын- 
дырушы жуйесі, деп аталады. Оптикалық жүйе, өсіресе көз бүршағы, 
көздің өртүрлі қашықтықтан айқы н көруге бейімделуін - аккомода­
ция процесін, - қамтамасыз етеді.
Торлы қабықта жарық сезгіш рецепторлар - таяқшалар мен сау- 
ытшалар орналасады, сондықтан оны жарық сезгіш, немесе фоторе- 
цепциялық, бөлім деп атайды.
Торлы қабықтың қүрылымы өте күрделі, ол  10 қабаттан тұрады. 
Оның тамырлы қабықпен жанасатын сыртқы қабатын пигменпі тор- 
шалар  түзеді.  Бұл  торшалар  қүрамында  жарықтың  шағылысуына 
мүмкіңцік бермейтін фусцин деген пигмент болады. Пигментгі қабат- 
тың ішкі бетінен онымен жанасатын келесі бетгі бойлай орналасатын 
өсінділер шығып, олар фоторецепциялық торшаларды қоршап жата- 
ды.  Көзге тым күшті ж арық түссе, пигмент дөндері эпителиальдық 
торшалардан олардьщ өсінділеріне ығысьш, таяқшалар мен сауытша- 
ларды күшті жарықтан қалқалайды.
Түнгі тіршілікке бейімделген жануарларда пигменггі торшалар 
мен фоторецепторлар арасында ерекше кристалдан, немесе талшық- 
тан, құралған жарықты кері шағыл ыстыратын қабат болады. Ж арық- 
ты ң кері шағылысуы нөтижесінде жарық түскенде түнгі жануарлар 
көзі жарқырап тұрады.  Осыдан фоторецепторларға тікелей түскен 
сөуле ғана емес, шағылысқан сәуле де эсер етіп, олардың қараңғыда 
жарықты  сезіну  мүмкіндігі  артады.  Кейбір  жануарлардың  (сиыр, 
жылқы,  мысық)  қараңгыда  көзі  ж арқырап  тұрады.  Бұл  көздің 
түбінде, тамырлы қабы қты ң алдында ерекш е шағылдырғыш жар- 
ғақтың (тапетум) болуына байланысты. Аталған жарғақ күміс крис- 
талдар  сіңген талшықтардан  құралады да,  көзге  түскен  жарықты 
кері шағылыстырады.
Торлы қабықтың келесі кдбаты таяқшалар мен сауытшалардан кура- 
лады.  Сауытшалар күндізгі кору аппараты, олар күшті жарқыраған 
жарықпен ғана тітіркенеді, ал таяқіиалар түнгі кору аппараты, олар 
өлсіз, қарауытқан сөулелердің өсерімен тітіркенеді. Таяқшалардың 
жалпы саны 130 млн., сауытшалар саны 9 млн. Үй құстарында (тауық, 
үйрек) сауытшалар көп болады. Торлы қабықтың ортаңғы бөлімшде 
сауытшалар, ал шет жағында таяқшалар көбірек шоғырланады.
281


Фоторецепторлар екі буыннан - ішкі жөне сыртқы, - тұрады. Сырт- 
қы,  пигментті қабатқа жақын орналасқан буында жарыққа сезімтал 
көру  пигменті болады,  ал  ішкі  буында торшалардағы  қуат алмасуын 
қамтамасыз ететін ядро мен митохондриялар орналасады. Фоторецеп­
торлар буыңдары бір-бірінен мембранамен бөлінеді. Бұл мембрана ар- 
қылы 16-18 жіңішке жіпшелерден - фибрилл алардан, құралған шоғыр 
өтеді. Ішкі буыннан өсінділер басталады. Олар арқылы қозу фоторецеп- 
торлардан олармен түйісетін қос ерісті (биполярлы) торшаларга  беріледі.
Қос өрісті торшалар туйінді (ганглиозды) торшалармен жалғасады. 
Соңғы торшалар өсінділері көру жүйкесін құрайды. Әрбір қос өрісті 
торшалар көптеген таяқшалармен байланысады, ал түйінді (ганглиозды) 
торшалар өз кезегінде көптеген қос өрісті торшалармен түйіседі. Ал 
өрбір сауытша тек бір ғана қос өрісті торшамен байланысады,  сиг- 
налды соған ғана береді. Демек, қатар жатқан таяқшалардан ш ыққан 
сигналдар бір-бірімен тоғысса, қатар жатқан сауытшалар сигналдары 
жеке-жеке беріледі.
Көру талдағышының өткізгіш жолын көру жүйкесі құрайды. Бұл 
жүйке арқылы импульстер латеральдық имек дене ядроларымен торт 
төмпешікгің алдыңғы екі төмпешігіне бағытгалады. Ал соңғы құры- 
лымдар нейрондарының аксонымен импульстер үлкен ми жарты шар- 
лары қыртысының шүйде бөлігінде орналасқан көру талдағыціының 
орталығына беріледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   ...   157




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет