Несіпбаев Іөлеутай биология гылымдарының докторы, профессор, Кдзақстан



Pdf көрінісі
бет142/157
Дата10.04.2022
өлшемі13,53 Mb.
#30525
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   157
Шартты  тежеу  -  шартты  рефлекс  тудыратын  сигналға  бөгде 
тітіркендіргішті  қосарлап,  қабаттастырып,  оны  шартсыз  тітір- 
кендіргішпен  бекітпегенде  байқалады.  Мүндай  жағдайда тітіркен- 
діргіиггер қосындысы белсенді өрекет тудырмайды, тежелудің баста- 
уына себепкер болады.
283- 
сурақ.  Жогары  дәрежелі  ж уйкелік  қызметті  атқаруда  қозу 
мен  тежелу процестері арасында қандай әсерлестік байқалады?
Ж ДЖ Қ-нің негізгі ерекшелікгері үлкен ми жарты шарларындағы 
қозу мен тежелу процестерінің өзара өсерлестіііне байланысты. Шарт­
ты рефлекстің қалыптасуы, уақытша байланыстың түйықталуы үлкен 
ми жарты шарлары қыртысында қозу жөне тежелу процестерінің белгілі 
зандылықпен таралуы, алмасуы нөтижесінде жүзеге асады. Бұл күрделі 
процесс бірнеше сатыда дамиды.
Алдымен қозу мен тежелудің жайылу (иррадиация) жөне иіогырла- 
ну  (концентрация)  процесі жүреді.  Иррадиация  деп  қозу  не  тежелу 
процесінің өзінің бастапқы пайда болған аймағынан таралуын, жай- 
ылуын айтады.  Бұл процестердің белгілі бір шекке дейін жайылып, 
қайтадан бастапқы пайда болған орталығына оралуын, жиналуын - 
иіогырлану дейді.
Ми қыртысында да ОЖ Ж -нің басқа бөлімдеріндегі сияқты  қозу 
жөне  тежелу процестерінің  әрекеттестігі -  индукциясы байқалады. 
Олардың арасында белгілі тендестік қалыптасады да, не оң, не теріс 
индукция өршиді.
Индукция өзінің табиғаты, бейнеленуі жағынан иррадиацияға кері 
процесс.  Иррадиация нөтижесінде бір магыналы процесс (не қозу,  не 
тежелу) таралатын болса, индукция, керісіниіе, қарама-қарсы сипат- 
тагы процесті тудырады жөне иррадиацияны шектейді.
Қозу мен тежелу процестерінің арасындағы мерзімдік жөне ауқым- 
ды қ өрекеттестік нөтижесінде анализ және синтез процестері жүреді. 
Аталған процестердің тендестігі, парабиоздық табигаты ми қырты- 
сындағы анализ жөне синтез процестерінің бір - бірімен тығыз бай­
ланысты екенінің дөлелі.
284-  сурақ.  Үйқы деген не, оның табигатын қалай тусініге болады?
Үйқы - организмнің мезгіл-мезгіл қайталанып отыратын тіршілікгік 
мөні зор функционалдық күйі. Ол организмнің жалпы өрекетінің бө- 
сеңдеп, сыртқы тітіркендіргішке жауап-реакцияларының нашарлауы-
271


мен, ми нейроңцарының ерекше белсенділігінің қалыптасуымен сипат- 
талады. Үйқы организмнің ішкі табиғи мұқтаждығы болып табылады.
Үйқының екі түрі болады: жалгыз фазалы жөне көп фазалы. Жал- 
ғыз фазалы ұйқыға күндізгі, немесе түнгі, ұйқы мен ояу күйдің төу- 
лік бойына  бір  рет  қана  алмасуы тән.  Көп  фазалы  ұйқыда  ояу күй 
мен ұйқы төулік ішінде бірнеше рет қайталанып, алмасып отырады.
Ү йқы ны ң қай түрінде болмасын екі саты байқалады:  баяу тол- 
қынды  (сергек),  немесе  ортодоксалдық,  үйқы және  шапшаң  (терең), 
немесе парадоксалдық, үйқы.  Сергек үйқы кезінде ЭЭГ-да жоғары ам- 
плитудалы дельта - толқындар, ал терең үйқы кезінде кіші  амплиту- 
далы  толқындар  жазылады.  Сергек  ұйқы  кезінде  тамырдың соғуы 
сиреп,  артериялық  қысым  төмендейді,  терең  ұйқы  жағдайында 
“вегетативтік дауыл” соғып,  тыныс жиілейді, тамырдың соғуы жиілеп
артериялық қысым жоғарлайды, гормондардың белсенділігі артады, 
дене  қимылдап,  жұтыну,  қас  қағу  сияқты   қимылдар  байқалады. 
Т ерең   (парадоксалды қ)  ұ й қ ы   эволю ц и ялы қ  даму  барысы нда 
кейінірек пайда болған қүбылыс.  Бауырымен жорғалаушыларда ол 
байқалмайды, құстарда нашар дамыған, сүт қоректілер қатарында 
оны ң үлесі көбейе бастайды.
Ү йқы   -  күрделі  нейрогуморалдық  қүбылыс.  Оның  табиғатын 
зерттеу барысында екі түрлі теория  -  гуморальдық жөне  нервтік,  - 
ұсыны лған.  А лғаш қы   теория  ү й қ ы н ы   организмде  зат  алмасу 
өнім дерінің - ерекше гипнотоксиндердің жиналуымен байланысты- 
рады.  Екінші теория  ұйқыны   тудыратын  арнаулы  орталық  болады 
деп түжырымдайды. Ал,  И.П.Павлов ұйқыны үлкен ми жарты шар- 
лары қыртысында жайыла таралып, біраз қыртыс асты қүрылымдар- 
ды қамтитын тежелу процесі деп түсіндірген.
И.  П.  Павлов ұйқыны белсенді (активті) жөне ырықсыз (пассивті) 
деп бөлген. Белсенді үйқы ми қыртысыңда жайылып, қыртыс асты түйін- 
дерді  қамтитын  ішкі  тежелу болып  табылады.  Ал,  ырықсыз  үйқы  ми 
қыртысына келетін импульстердің күрт азаюы нөтижесінде туындайды.
П.К.Апохин концепциясы бойынша ұйқы ми қыртысы, гипота­
ламус жөне таламус-торлы құрылым жүйесінщ өзара өрекетгестігіндеіі 
айналымды өзгерістерге байланысты туындайды.  Ояу,  сергек кезде 
ми қыртысы гипоталамустағы ұйқыны тудыратын  вентромедиаль- 
д ы қ ядроны тежеп отырады. Ми қьіртысында ішкі тежелу жайылса, 
оның гипоталамус орталығына әсері тоқтайды.  Осыдан гипоталамус 
орталығының белсенділігі артып,  оның торлы құрылым қызметіне 
тежеуші өсері күшейеді де, таламус деңгейінде ми қыртысына бағыт- 
талған белсендіруші импульстардың өтуі тоқталады. Осының салда- 
рьшан ми қыртысының тонусы одан өрі төмендеп, ұйқы басталады.
272


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   157




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет