Нұр-Сұлтан қ. Халықаралық мектебі Бастауыш сынып мұғалімдері



бет2/2
Дата06.01.2022
өлшемі76,75 Kb.
#16505
1   2
«МЕНтұжырымдамасы» деп атайды, яғни адамның  өзі жайлы жалпы ұстанымдар жүйесі. «Мен-тұжырымдамасының» сипаттамалық құрамдас бөлігін көбінесе «Мен образы» немесе «Мен картинасы» деп атайды.

Көптеген белгілі ғалымдарға саятын болсақ (Л.С. Выготский, А.Н. Леонтьев, С.Л. Рубинштейн, К. Роджерс, Дж. Брунер), адамның Мен-тұжырымдамасы қалыптасуының ерекше маңыздылығы кіші мектеп жасында пайда болады. Карл Роджерстің айтуынша «Мен тұжырымдамасы өзіміздің қандай екеніміз туралы біздің қабылдауымызды, түсінігімізді ғана емес, сонымен бірге қандай болуды қалайтынымыз, қандай болуымыз тиіс деп пайымдауымызды қамтиды. Бұл «Мен» компоненті «Идеалдық Мен» деп аталады. Адамның барлығынан артық бағалайтыны және барлығынан артық ұмтылатыны - бұл «Мен».

Оқушының Мен- тұжырымдамасы мектеп оқушысының жеке тұлғалық тиімді дамуының маңызды шарты болып табылады. И.С.Конның айтуынша «Өзінің құрдастарының қоғамына қосылу баланың өзінің тұлға ретінде танылуының мүмкіндіктерін кеңейтеді, оған жаңа рөлдер мен өзін өзі бағалаудың критерийлерін ұсынады». «Біз» деген сөзбен айқындалатын оның тиесілік шеңберінің ұлғаю және көбеюіне қарай, «Мен образы» да күрделене береді. (1984, 96 б.) Мен –тұжырымдамасы әлеуметтендірудің өнімі болып табылады. (Роджерс, 1997).

«Мен –тұжырымдамасының» құрылымын халықаралық зерттеулерін талдаудың негізінде (Бернс, 86; Джеймс, 1991; Бизяева 2004; Синчурина 2012), «Мен-тұжырымдамасы» өзіне бағытталған мақсаттардың жиынтығы ретінде қарастырылады. Осы жиынтықта 3 құрылымдық компонент бөлінеді:


  1. когнитивтік компонент – «Мен бейнесі» (англ. self-image), бұған өзі туралы түсінігі жатады;




  1. эмоционалды-құндылық (аффективті) компонентке өзін өзі бағалау жүйесін жатқызады (англ. self-esteem);



  1. мінез-құлықтық компонент, мінез-құлықтағы (соның ішінде сөйлеуде, өзі туралы айтатын сөздерінде, пікірлерінде) когнитивті және бағалау компоненттерінің байқалуымен сипатталады.

Синчуринаның (2012) айтуы бойынша алғашқы екі компонентті – Мен образын және өзін өзі бағалауды - тек шартты концептуалды айыруға беріледі, себебі психологиялық тұрғыдан алғанда олар өзара тығыз байланысты екенін ескеру қажет. Компоненттермен қатар Мен-тұжырымдамасының үш негізгі модальдылығы бөлінеді, яғни бағдарлар 3 категорияға топтастырылады:


1) шынайы (реалды) Мен: адам өзінің өзекті қабілеттерін, рөлін, өзекті мәртебесін қалай қабылдайды, яғни индивидтің дәл осы мезетте өзін-өзі қабылдауы.
2)айнадағы Мен: Адамның өзін басқа адамдардың қалай көруі туралы түсінігі. (индивидтің ойынша қоршағандары қалай қабылдайтындығы жайлы). Айнадағы «Мен» адамның талаптарын және оның өзі туралы көзқарасын өздік түзетуінің маңызды қызметін орындайды.
3)идеалды Мен - индивидтің болғысы келетін бейнесі, Идеалды Мен адам өзінің бойында көргісі келетін және өзі атқарғысы келетін қасиеттері мен мінездемелердің, рөлдерінің біршама жиынтығы ретінде қалыптасады.
Кеңес дәуірінен кейінгі елдердің мәнмәтінінде мектепте оқытудың интерактивті элементтерінің мектеп оқушысының «Мен образын» дамытуға ықпалын меңгеруге бағытталған эмпирикалық зерттеулердің жетіспеушілігі байқалады. Мұғалім мен оқушы арасындағы өзара әрекет, сонымен қатар оқушылардың өздерінің араларындағы ынтымақтастық, серіктестік бастауыш мектеп оқушыларының жеке тұлға ретінде дамуына тікелей әсер етеді. Дәл осы жылдары баланың тұрақты дүниетанымын қалыптастырудың іргетасы қаланады. Баланың жеке тұлғалық өсуі және дүниетанымының дамуы жолында өзін өзі адекватты бағалаусыз, өз мүмкіндіктерін терең елестете алусыз алдыға жылжу мүмкін емес.

Сәйкесінше, бастауыш мектеп оқушыларының бойындағы «Мен –тұжырымдамасы» феноменін зерттеудің өзектілігі туындайды. Астана қ. Халықаралық мектебі бастауыш мектеп оқушыларының бойында Мен-тұжырымдамасын қалыптастырудың педагогикалық шарттарын зерттеудің ерекшелігі және маңыздылығы PYP Халықаралық Бакалавриатының1 бастауыш мектеп бағдарламасы бойынша олардың оқушылық тәжірибесінен көрінеді.



Аталмыш зерттеу кейс-стади (Yin, 2014) болып табылады. Зерттеуші -Тәжірибеші ретінде мен алдыма зерттеудің екі мақсатын қойдым:
1)өзін өзі бағалау өлшемдерінің тиісті әдістемесі арқылы Астана қ. Халықаралық мектебі бастауыш мектеп оқушыларының «Мен-тұжырымдамасы» дамуының деңгейі мен ерекшеліктерін анықтау.
2) «мұғалім-оқушы-оқушылар тобы», сонымен қатар «мұғалім-оқушы-ата-ана» саласында тиімді өзара әрекетті ұйымдастыру мақсатында, «Астана қ. Халықаралық мектебі бастауыш мектеп оқушысының моделінің негізінде 7-10 жастағы балалардың Мен –тұжырымдамасын дамытудың бағдарламасын дайындау.
Зерттеудің бірінші мақсатына жету үшін бізбен Дембо-Рубинштейн (1985) жасап шығарған өзіндік бағалауды өлшеу бойынша әдістеме пайдаланылды. Әдістеме екі бөліктен тұрады. Бірінші бөлігі тура бағалау әдістемесіне құрылған, екіншісінің сипаты проективті. Біз Астана қ. Халықаралық мектебінің бастауыш мектебінің 20 оқушысына сауалнама жүргіздік.

Дембо-Рубинштейннің әдістемесінің көмегімен оқушылардың өздерін «шынайы» және «идеалды» жағдайда қалай бағалайтынына талдау жасалды. Талдау нәтижесі диаграммада көрсетілген. Сыныптағы 22 оқушының он бесі реалды жағдайда өздерін қалыпты бағалайды. Бұл тұлғаның өзін жеткілікті реалистік тұрғыда бағалайтынын және өзінің бағасын жақсы білетінін көрсетеді. Үш оқушының өзін бағалауы төмен. Төмен- адамның жеке әл-ауқатын қалыптасуында үлкен қиындықтары барын және өзінің мүмкіндіктеріне сенімсіздік танытатынын, шешім қабылдай алмайтынын көрсетеді. Төрт оқушының өзіндік бағалауы жоғары болды. Жоғары бағалау - жеке қасиеттерінің қалыптастыруда кейбір проблемалар барын және бала өз жұмысын (нәтижесін), қарым-қатынастарын дұрыс бағалай алмайтынын көрсетеді. Ескертулерге, кеңеске жəне бағалауға сезімтал емес тұлға.

Ал «идеалды» жағдайда бағалау нәтижелері бойынша 22 оқушының он жетісінің өзіндік бағалауы қалыпты. Қалыпты жағдай - адамның өз мүмкіндіктерін шынайы дұрыс бағалайтынын, өзіне сыни көзбен қарайтынын көрсетеді. Екі оқушы өзін төмен бағалайды. Төмен бағалау адамның өзінің мүмкіндіктеріне сенімсіздікпен қарайтынын және ондай адамның қалыпты дами алмайтынын көрсетеді. Ол ештеңеге қол жеткізгісі келмейді. Үш оқушы идеалды жағдайда өзін жоғары бағалайды. Жоғары – өзін және мүмкіндіктерін асыра бағалауға бейім тұлға. Өзін-өзі сынаудың болмауы.

Н.А.Маслова көрсеткендей, «Педагогтың басқарушылық міндеті, оқушының физикалық Зерттеудің екінші мақсаты Дембо-Рубинштейн әдістемесінің көмегі арқылы оқушылармен сауалнама жүргізу барысында алынған деректерді талдауға тікелей байланысты болды, интеллектуалдық, шығармашылық, мінез-құлқылық қасиеттерін сезінуі, өзін өзі бағалау және өзін өзі бақылауы, сыртқы әсерлерді субъективті қабылдауы жататын «Мен-тұжырымдамасының» барлық құрамдас бөліктерін табысты дамыту үшін жағдайлар жасау болып табылады. Мәселенің көптеген аспектілері бүгінгі таңда немесе декларативті деңгейде қалып отыр, немесе мұғалімдердің тәжірибесінде жекелеген тұстарында жүзеге асырылған». (2008, с. 27)

Зерттеудің екінші мақсатына жету үшін жүргізілген жұмыс кезінде, біз мұғалімдердің және оқушылардың ата-аналары арасында Халықаралық мектеп оқушысы моделі туралы көзқарастары мәселелері бойынша бірқатар интервьюлер өткіздік. Зерттеудің сонылығы, яғни ерекшелігі өздеріне «Халықаралық мектептің оқушысы болу деген не?» деген сұрақты қоя отырып интервьюді оқушылардың өздері өткізуінде болып отыр. Осылайша, біз 20-дан астам ата-аналардан және PYP Халықаралық Бакалавриатының бастауыш мектеп оқушыларымен тікелей жұмыс істейтін 15-нан астам мұғалімдерден жауап алдық. Жинақталған сапалы деректер (интервьюлердің транскриптілері) мектеп оқушыларының ұмтылыстарын өзіндік реттеу функиялары және олардың өздері туралы көзқарастары түріндегі оқушылар үшін талдауды және кері байланысты қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. («Айнадағы - Мен»). Зерттеуден кейін оқушылар өздерінің зерттеу жұмысына рефлексия жасады.

Зерттеу нәтижелері бастауыш сыныптары оқушыларының Мен –тұжырымдамасын қалыптастыруға жағымды әсер ететін жағдайларды (шарттарды) анықтауға жол сілтейді. Алынған сандық (оқушылардың өздерінің арасында жүргізілген сауалнама нәтижелері) және сапалық (жүргізілген интервьюлер нәтижелері) деректер Астана қ. Халықаралық мектебінің оқушысы моделінің негізінде 7-10 жастағы балалардың Мен-тұжырымдамасын дамыту бағдарламасын жасауға ықпалын тигізді. Оқушылар ата-аналарының, ұстаздардың және өздерінің пікірлерінің негізінде оқушы моделінің қандай болу керектігіне жаңаша көзқараспен қарап: «Адамның іс-әрекеті, оқуы, жетістігі және оған өзгелердің қарым-қатынасы –тікелей оның өзіне деген сенімі мен өзіне деген көзқарасына байланысты»-деген тұжырымға келді. Зерттеудің қосымша әсері сыныптағы оқушылар арасында кері байланыс мәдениетінің прогрессивті дамуы болып табылады.

Әдебиеттер:
Бернс Р. Мен тұжырымдамасын дамыту және тәрбие /ағылш.тіл.аударылған– М.: Прогресс, 1986. – 420 п.

Пекарева М.П. Мен–тұжырымдамасы түсінігінің және оның қалыптасуының шетелдік тәсілдемелерін талдау.


Бизяева А. А. Ойлампаз мұғалімнің психологиясы: педагогикалық рефлексия//Псков: СМ Киров атындағы ПМПИ– 2004. – Т. 216.
Джеймс.У. (1991). Психология / Л.А.Петровской редакциясында – М.: Педагогика.
Маслова Н.А. Кіші мектеп оқушыларының «Мен-тұжырымдамасын» дамыту тәжірибесінен // Бастауыш мектеп, ай сайын шығарылатын ғылыми -әдістемелік журнал- 2008. №3.
Кон И. С. Өзімді іздеу жолында. Жеке тұлға және оның сана-сезімі – М.: Саяси баспа (Политиздат), 1984. – 336 п.
Роджерс К. Клиентке бағдарланған терапия //М.: Рефл-бук. – 1997.
Синчурина М. Г. Мен-тұжырымдамасы құрылымы: ғылыми көзқарастардың интеграциясы //Сібір педагогикалық журналы. – 2012. – №. 2.
Инь Р. К. Тақырыптық зерттеулерді талдаудың жолдары мен әдістері. (әлеуметтік зерттеулердің қолданыстағы әдістері) // Лондон и Сингапур: Мудрец. - 2009. (Yin R. K. Case study research: Design and methods (applied social research methods) // London and Singapore: Sage. – 2009.)



1 Халықаралық Бакалавриат бағдарламасының негізгі мақсаты – оқушылардың өз бетімен жұмыс істеу дағдыларын, жеке және ұжымдық эксперименттер мен зерттеулерді жоспарлауды және өткізуді дамыту. Бағдарлама оқушылардың шығармашылық мүмкіндіктерін жан-жақты дамытуға, олардың тұлғасын қалыптастыруға бағытталған.. (web-источник: http://nis.edu.kz/ru/schools/International-school/)




Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет