НұСҚаулар «Э лектрлік шамаларды өлшеу»


Әртүрлі түрдегі электр тізбектерінде электрлік шамаларды өлшеу



бет31/37
Дата19.12.2023
өлшемі0,86 Mb.
#140861
түріНұсқаулар
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   37
Әртүрлі түрдегі электр тізбектерінде электрлік шамаларды өлшеу


Сабақ жоспары

1. Тұрақты ток тізбектеріндегі ток пен кернеуді өлшеу ерекшеліктерін оқып зерделеу.


2. Айнымалы ток тізбектеріндегі ток пен кернеуді өлшеу ерекшеліктерін оқып зерделеу. Өлшеуіштік ток және кернеу трансформаторларын қосу сұлбалары.
3. Үш фазалы ток тізбектеріндегі токты, кернеуді өлшеу ерекшеліктерін оқып зерделеу.
13.1 Тұрақты ток тізбектерінде ток пен кернеуді, қуатты өлшеу

Ток пен кернеуді өлшеу кезінде 13.1, 13.2-суреттерде көрсетілген сұлбалар пайдаланылады.





13.1-сурет. Токты өлшеу сұлбасы 13.2-сурет. Кернеуді өлшеу сұлбасы

Ішкі кедергісі RA бар амперметр арқылы I тогы өткенде амперметрмен тұтынылатын қуат PА = I· RA тең болады.


Кернеуді өлшеу кезінде вольтметрмен тұтынылатын қуат PV = U /RV тең.
Электр механикалық аспаптардың ішінде магнит электрлік және электр статикалық аспаптар қуатты аз тұтынады.


3.2 Айнымалы токтар мен кернеулерді өлшеу


Айнымалы токтар мен кернеулерді өлшеудің жұмыстық құралдары ретінде амперметрлер (микро-, милли-, килоамперметрлер), вольтметрлер (микро-, милли-, киловольтметрлер), айнымалы ток компенсаторлары, әмбебап және аралас аспаптар, сонымен қатар тіркеуші аспаптар және электронды осциллографтар жатады.
Айнымалы токтар мен кернеулерді өлшеу ерекшелігіне, олардың уақыттан өзгеретіндігі жатады. Жалпы жағдайда уақыттан өзгеретін шамалар кез келген уақыт мезетінде лездік мәндермен толық көрсетілуі мүмкін. Сонымен қатар уақыттан өзгермелі шамалар өздерінің жеке параметрлерімен (мысалы, амплитудасымен) немесе интегралды параметрлерімен сипатталуы мүмкін.
Аз мәнді айнымалы токтарды сандық, электрондық және түзеткіш аспаптармен, аз мәнді айнымалы кернеулерді – электронды вольтметрмен өлшейді. Мәндері килоамперден жоғары айнымалы токтарды және киловольттан жоғары айнымалы кернеулерді сыртқа орналасатын өлшеуіштік ток және кернеу трансформаторлардың көмегімен электр магниттік, түзеткіштік және электр динамикалық аспаптармен өлшейді.
Жоғары кернеулер мен токтарды өлшеу үшін өлшеуіштік трансформаторларды пайдаланады.
Өлшеуіш трансформаторларының 2 түрі болады: өлшеуіштік ток трансформаторы, өлшеуіштік кернеу трансформаторы.
Өлшеуіштік трансформаторлар қосымша кедергілер мен шунттарға қарағанда қуатты аз тұтынады және үлкен токтар мен жоғары кернеулерді үлкен дәлдікпен өлшеуді қамтамасыз етеді. Бұл трансформторларды қолданғанда тізбекте өлшеу мен аспаптың арасында электрлік байланыс болмайды. Өлшеуіштік трансформаторларды қызмет көрсететін персоналдың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
Өлшеуіштік ток трансформаторын қолдану кезінде оның екінші орамасына тізбектей амперметр қосылады да, ал бірінші орамасына өлшеу жүргізетін тізбек қосылады (13.3-сурет).



13.3-сурет. Өлшеуіштік ток трансформаторының қосылу сұлбасы

Ток трансформаторының бірінші орамасының қысқыштарын Ж1 және Ж2 (желі) әріптерімен, ал екінші орамасының қысқышын Ө1 және Ө2 (өлшеу) әріптерімен белгілейді. Екінші орамының бір қысқышын қауіпсіздік үшін корпусымен қосып жерлендіріледі.


Өлшеуіштік ток трансформаторында w1 < w2 болады, мұндағы w1 және w2, трансформатордың бірінші және екінші орамаларындағы орам саны.
Ток трансформаторының номиналды трансформациялық коэффициенті К келесі формула бойынша анықталады:


К = I / I, (13.1)
Номиналды трансформациялық коэффициенті трансформатордың негізгі параметрі болып есептеледі және оның қалқанында (щитінде) көрсетіледі.
Өлшеуіш ток трансформаторының нақты трансформациялық коэффициенті КI келесі формула бойынша анықталады:


КI = I1 / I2 , (13.2)

мұндағы I1, I2 - трансформатордың бірінші және екінші орамаларының токтарының нақты мәні.


Нақты трансформациялық коэффициенті трансформатордың жұмыс режимінен, ток жиілігінен және трансформатордың құрылымдық берілгенінен тәуелді болады. Өлшеуіш ток трансформаторының жұмысын трансформатордың дәлдік класын анықтайтын келтірілген қателік бойынша бағалайды. Өлшеуіш ток трансформаторының келтірілген қателігін былай анықтайды:
,

мұндағы gкел - келтірілген қателік.


Өлшеуіштік кернеу трансформаторын қолдану кезінде оның екінші орамасына тізбектей вольтметр қосылады да, ал бірінші орамасына өлшейтін тізбек қосылады (13.4-сурет).



13.4-сурет. Өлшеуіштік кернеу трансформаторының қосылу сұлбасы

Екінші орамасының бір қысқышын қауіпсіздік үшін корпусымен қосып, жерлендіреді. Кернеу трансформаторында да w1 > w2 болады.


Өлшеуіштік кернеу трансформаторының номиналды трансформация коэффициенті КUN келесі формула бойынша анықталады:


К = U / U2 Н, (13.3)

мұндағы U , U - кернеу трансформаторының бірінші және екінші орамаларының номинал кернеуі.


Өлшеуіштік кернеу трансформаторының нақты трансформациялық коэффициенті КU келесі формуламен есептеледі:




КU = U1 / U2 , (13.4)
мұндағы U1, U2 - трансформатордың бірінші және екінші орамаларының нақты кернеуі.

Нақты трансформациялық коэффициенті трансформатордың жұмыс режимінен, кернеу жиілігінен және оның құрылымдық берілгенінен тәуелді болады. Өлшеуіштік кернеу трансформаторының жұмысын трансформатордың дәлдік класын анықтайтын келтірілген қателік бойынша бағалайды. Өлшеуіштік кернеу трансформаторының келтірілген қателігін былай анықтайды:




, (13.5)

мұндағы gкел - келтірілген қателік.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет