НұСҚаулар «Э лектрлік шамаларды өлшеу»



бет33/37
Дата19.12.2023
өлшемі0,86 Mb.
#140861
түріНұсқаулар
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   37
Әдістемелік ұсыныстар

1. Тұрақты ток тізбегінде токты, кернеуді және қуатты өлшеуді қарастыру кезінде амперметрмен және вольтметрмен тұтынылатын қуатқа көңіл бөлу.


2. Айнымалы ток тізбегінде токты, кернеуді және қуатты өлшеуді қарастыру кезінде аспаптардың өлшенетін шамалардың әрекеттік мәндерін көрсететініне, сондай-ақ ваттметрдің қосылу сұлбасына және өлшеуштік трансформаторлардың қосылу сұлбаларына көңіл бөлу.
3. Үш фазалы ток тізбегінде токты, кернеуді және қуатты өлшеуді қарастыру кезінде желілік және токтар мен кернеулердің арасындағы қатынастарға көңіл бөлу.


Өз бетінше дайындалуға тапсырмалар

1. Амперметрдің номиналды тогының мәні 50 А және кедергісі 3 Ом тең болғанда амперметр тұтынатын қуатты анықтау керек.


2. Вольтметрдің номиналды кернеуінің мәні 100 В және кедергісі 30 кОм тең болғанда вольтметр тұтынатын қуатты анықтау керек.
3. Кернеудің максимал мәні 100 В тең болғанда кернеудің әрекеттік мәнін анықтау керек.
4. Токтың максимал мәні 14 А тең болғанда токтың әрекеттік мәнін анықтау керек.
5. Трансформациялық коэффициент 20 тең болғанда ток бойынша өлшеуіштік трансформатордың екінші орамасында токты анықтау керек,.
6. Тізбектің кернеуі 30 кВ, ал өлшеуіштік трансформатордың екінші орамасындағы кернеу 50 В тең болғанда трансформациялық коэффициентті анықтау керек.
8. Үш фазалы ток. Қабылдағыштар «жұлдызша» сұлбасы бойынша қосылған. Амперметрмен өлшенген фазалық ток 10А. Желілік токты анықтау керек.
9. Үш фазалы ток. Қабылдағыштар «үшбұрышша» сұлбасы бойынша қосылған. Амперметрмен өлшенген желілік фазалық ток 17,3 А. Фазалық токты анықтау керек.
10. Үш фазалы ток. Қабылдағыштар «жұлдызша» сұлбасы бойынша қосылған. Жүктеме симметриялы. Вольтметрмен өлшенген фазалық ток 220 В. Желілік кернеуді анықтау керек.


Бақылау сұрақтары


1. Электр тізбегімен тұтынылатын қуат қандай аспаппен өлшенеді?
2. Вольтметрдің қосылу сұлбасы.
3. Амперметрдің қосылу сұлбасы.
4. Ваттметрдің қосылу сұлбасы.
5. Үлкен және аз токтарды өлшеу ерекшеліктері қандай?
6. Үлкен және аз кернеулерді өлшеу ерекшеліктері қандай?
7. Айнымалы ток тізбектерінде токтар мен кернеулерді өлшеу ерекшеліктері қандай?
8. Амперметрді қосу кезінде өлшеу қателігі немен анықталады?
9. Вольтметрді қосу кезінде өлшеу қателігі немен анықталады?
14-тәжірибелік сабақ


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет