Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті



Pdf көрінісі
бет49/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   832
Нуржігіт Алтынбеков 
50
Дистрофия 
ЖАЛПЫ МАҒЛҰМАТ
Дистрофия
(грекше: dys – бұзылу және 
trophe
– қоректендіремін) – тіннің 
(жасушаның) метаболизмі (зат алмасуы) бұзылуынан құрылымдық өзгерістер 
дамитын күрделі патологиялық үдеріс. Дистрофия – зақымның бір түрі. 
Трофика
– тін (жасуша) өзінің арнаулы қызметін атқару үшін қажетті, оның 
метаболизмі мен құрылысының қалыптасуын қамтамасыз ететін механизмдер 
жиынтығын қамтитын ұғым. Бұл механизмдерің – 
жасушалық
және 
жасушадан
тысқы
деп аталатын аса маңызды екі түрі бар (26-сурет). 
Жасушалық механизмдер жасуша құрылысының қалыптасу ерекшеліктері және 
оның өздігінен реттелуі арқылы жүзеге асырылады. Сонымен, жасушаның 
трофикасы – өздігінен реттелетін күрделі жүйе – жасушаның өзіне ғана тән 
қасиет. Жасушаның тіршілік әрекетін оны «қоршаған орта» қамтамасыз етіп
организмнің бірқатар жүйелері реттейді. Сондықтан трофиканың жасушадан 
тысқы мезханизмдері тасымалдау (қан, лимфа, микроциркуляциялық арна) және 
интеграциялық (нейроэндокриндік, нейрогуморальдық) жүйелерді қамтиды. 
Қорыта айтсақ, дистрофияны дамытатын 
тікелей
себеп
жасушалық 
механизмдердің де, жасушадан тыс механизмдердің де бұзылуымен 
байланысты бола алатыны түсінікті. 


Нуржігіт Алтынбеков 
51
26-сурет. Трофиканы реттейтін механизмдер
( М.Г. Балштан алынды).
 
1. Жасушаның өздігінен реттелуінің бұзылуы әртүрлі факторлардың 
(гиперфункцияның – қызметі артуының; улы заттардың, радиацияның, 
тұқымқуалайтын фермент тапшылығының немесе ферменттің болмауының
т.б.) әсерінен дамуы ықтимал және ол 
жасушада энергия тапшылығы
мен 
ферменттік үдерістердің
бұзылуына әкеліп соғады. Заттар алмасуы әртүрлі 
ультрақұрылымдардың қызметін «үйлестіріп реттейтін» ген – рецепторлар 
«сынғанда» да бұзылады. Сөйтіп, трофиканың жасушалық механизмдері 
бұзылғанда 
тұқымқуалайтын 
немесе 
жүре 
болатын 
ферментпатия




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет