Орталық ЖҮйке жүйесінің физиологиясы



бет27/30
Дата07.05.2023
өлшемі406 Kb.
#90894
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30
Гипофиздің артқы бөлігі: Нейрогипофиз глия клеткасына ұқсаған клеткалардан тұрады,басқаша айтқанда,питуциттер.Бұл клеткалар гипофиз аяқтары арқылы жүретін нерв талшықтары мен реттеуші гипоталамус нейрондарының өсінділері болып табылады.Гипофиздің артқы бөлігі функциясының төмендеуі қантсыз зәр бөліну деген аурудың пайда болуына әкеледі(қантсыз диабет).Соның салдарынан аурудан зәр өте көп мөлшерде бөлінеді,(кейде тәулігіне он литр)құрамында қант жоқ.Соның салдарынан адам көп шөлдейді.Егер препаратты енгізсе,зәр шығару бұрынғы қалпына келеді.Екі препарат бөлініп,аяғында біріншісі антидиурезді гормоны немесе зәрдің бөлінуі төмендейді,қан қысымы көтеріледі,екіншісі вазопрессин,окситоцин жатырдың етінің жиырылуын күшейтеді .Вазопресиннің әсерінен бүйректің жинағыш түтікшілерінің қабырғасынан судың қайта сіңуі күшейеді.Сонымен қатар қантамырларының бірыңғай салалы еттерінің еттерінің жиырылуын реттейді,соның салдарынан артериядағы қан қысымы көтеріледі.Окситоцин-жатырдың бірңғай салалы еттерінің жиырылуын күшейтеді,әсіресе,бала туар кезде.

2. Бүйрек үсті бездері. Бүйрек үсті безінің гормондары, олардың ролі.
Бүйрекүсті бездері бүйректердің жоғары жағында ораналасқан.Олардың салмақтары 6-12 г.Әрқайсысы қыртысты және милы қабаттан тұрады.Қыртысты қабат без салмағының 4/5 ,милы қабаты 1/5 бөлігін алып жатыр.Милы және қыртысты қабаттардың шығу тегі,құрылысы және қызметі жағынан әртүрлі.Олардың қанмен қамтамасыздануы ерекше.Бүйрекүсті бездерінің салмағы аз болғанымен тіршілік маңызы өте зор.Егер жануардың екі безін де сылып алып тастаса 7-10 күннің ішінде ол өліп қалады.Мұндай жағдайда жануар еттері әлсіреп,тамақтан қалады,өте тез арықтап салмағы азаяды,кейіннен сіңірі тартып,ішкен тамағын құса береді,жүрек қан тамырлар жүйесінің,тыныс ағзаларының, ас қорыту,бүйрек ,зәр шығару қызметтері нашарлайды қантамырлары қабырғасының өткізгіштігі күшейеді,қаны қоюланады және басқа өзгерістер пайда болады.Жеке бөліп алынған қыртысты және милы қабаттарға жасалған тәжірибелер арқылы аталған өзгерістердің көбі қыртысты қабаттың ішкі сөлініс қызметіне байланысты екені анықталды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет