Орталық ЖҮйке жүйесінің физиологиясы


Бүйрекүсті бездерінің гормондары



бет28/30
Дата07.05.2023
өлшемі406 Kb.
#90894
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30
Бүйрекүсті бездерінің гормондары .Бүйрекүсті безінің қыртысты қабаты 40-тан астам кортикостероидтары түзеді.Олардың бәрі де холестериннің туындысына жатады.Мұның ішіндегі тек қана негізгі гормондардың өніміне ,немесе олардың ыдырауынан пайда болған заттарға жатады да көбінесе қанға өтпейді.Физиологиялық қызметіне қарай кортикостероидтар үш топқа бөлінеді:1)глюкокортикостероидтар(ГКС); 2)минералокортикостериоидтар(МКС); 3)андрокортикостериодтар(АКС);
Глюкокортикостериоидтар бүйрекүсті безінің қыртысты қабатының шоғырлы зонасына түзіледі.Бұл топқа кортизон (өте белсенді гормон),гидрокортизон және кортикостерон(белсенділігі төмендеу) жатады.Кортизон молекуласының C17 бөлігінде окситобы болғандықтан оларды 17 –оксикортикостероидтар деп те атайды.
Глюкокортикостероидтардың физиологиялық әсері.
1.ГКС зат алмасуының барлық түріне ықпалын тигізеді,әсіресе катоболизмдік (диссимиляция)үрдістері күшейтеді.Мұндай жағдайда терінің,бауырдың,еттің,майдың,дәнекер және лимфа тіндерінің жасушалары нысана жасуша ретінде болады.Тіндерде ГКС дың әсерінен бірқатар ферменттердің (трансаминаза,оксидаза,гидролаза т.б)белсенділігі күшейтеді.
ГКС дың белоктар алмасуынада әсер етеді.
2.ГКСдың майдың алмасуына әсерінен тіндегі липолиз артады,яғни май ыдырап қышқылдары бауырға өтеді.
3.ГКС көмірсулар алмасуына әсер етеді.Олар бауырдағы глюконеогенезді күшейтеді,сондықтан гипергликемия,тіпті глюкозурия пайда болуы мүмкін,гликоген азаймайды.
4.ГКС дың әсерінен бауырдан басқа барлық ағзалардың мембраналарының глюкозаны өткізу қабілеті төмендейді.Ал бауырда глюкоза мен аминқышқылдарына жасушалардың өткізгіштігі аздап артады.
5.ГКС дың қабынуға,аллергияға қарсы тұру қабілеттерін арттыру,иммунодепрессивтік әсерінің маңызы ерекше.Олардың мұндай қабілеттері мембрананың өткізгіштігін төмендетуіне,жасушалардан және басқа құрылымдардан гистаминнің босауын азайтуға,антитәндердің түзілуін төмендтуге,антиген мен антитән әсрленісін тежеуіне,дәнекер тіндерде

3. Ұйқы безінің ішкі секрециясы. Гормондар, олардың физиологиялық рөлі.


Ұйкы безі әрі экнокриндік, әрі эндокриндік қызмет атқарады. Ішкі секрециялық қызметгі Лангерганс аралшықтары атқарады. Аралшықтар альфа-, бета және дельта торшалардан қүралады. Альфа-торшалар глюкагон гормонын, бета-торшалар - инсулин гормонын, ая делъта-торшала - соматостатин гормонын бөледі.
Инсулин гормонын алғаш рет канада ғалымдары Бантинг және Бест анықтаған. Инсулин торша мембранасының глюкозага деген өтімділігін жоғарылатады, глюкозаның торшаға өтуін жандандырады, гликогеннің түзілуін күшейтіп, оның бауырда ыдырауын бәсендетеді, май қышқылдарының тотығуын, кетонды денелердің түзілуін тежейді майдың қорға жиналуын жақсартады, белок биосинтезін арттырады.
Бета-торшалар қызметі күшейіп, инсулин көп бөлінсе қан құрамында глюкозаның мөлшері азаяды. Гипогликемия жағдайында тыныс жиілеп, ОНЖ-ның қозғыш тығы жоғарылайды, дене дірілдеп, оны тер басады, бұлшық ет босаңсып, температура төмендейді, инсулиндік немесе гапогликемиялық шок (талықсу) байқалады.
Инсулин жетіспеген жағдайда гипергликемия, глюкозурия орын алып, қан құрамында кетоңды заттар мөлшері артады, организм диа-бет ауруына шалдығады. Диабет ауруы зәрдің көп бөлінуімен (поли-урия), судың көп ішілуімен (сусамыр - полидипсия) сипагталады.
Глюкагон - инсулиннің антагонисі. Ол гликогеннің глюкозаға айналуын шапшандататын фосфорилаза ферментін белсендіріп, қандағы глюкоза мөлшерін көбейтеді, май қышқыддарының тотығуын жандандырып, кетонды затгардың түзілуін күшейтеді, май ұлпаларынан глицерин мен май қышқылдарының босануын шапшандатады. Глюкагонның бір түрі ащы ішектің эндокриндік бездерінде де түзіледі. Ол аралшық без глюкагонынан құрылысы мен қасиеттері жағынан ерекшеленеді. Бұл гормон ішек қуысындағы глюкозаның әсерімен бөлінеді де, қанға сіңгеннен кейін инсулиннің бөлінуін күшейтеді.
Соматостатин гормоны тек түзілген жеріңде ғана әсер етеді, оған паракриңдік эффект тән. Бұл гормон инсулин мен глюкагонның бөлінуін тежейді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет