- реторттар;
- сағат шынылары;
- воронкалар;
- шыны таяқшалар;
- спиртовкалар.
13
Химиялық реактивтер:
- тұздар;
- фитогормондар.
- витаминдер; - көмірсулар:
- амин қышқылдары;
- агар.
Залалсыздандырғыш заттар:
- этил спирті;
- хлорамин;
- сутегінің асқын тотығы;
- бром суы; - фенол;
- натрий гипохлориті;
- кальций гипохлориті;
- екіхлорлы сынап (сулема).
Жұмыс барысында жоғарыдағылардан
басқа қосымша заттар
қажет болады: сүзгі қағаз (фильтр), аспаптарды орау үшін пергамент;
жіп-шпагат, мақта, дәке (марля), алюминий жұкалтыры (фольга),
парафильм, шыны бетіне жазу үшін маркерлер немесе шыны
қарындаштары.
1.1.
Ыдыстар мен аспаптарды жұмысқа дайындау
және оларды сақтау
Қоректік орталарды дайындауға, оларды
сақтауға және өсімдік
материалдарын өсіруге арналған ыдыстар аса ұқыптылықпен
жуылады.
Химиялық ыдыстарды тазалаудың сенімді әдістерінің бірі оларды
күкірт қышыкылы мен калий бихроматының қоспасымен (хромпик)
жуу болып табылады (қосымшаны қара).
Сонан кейін хромпиктен
тазарту үшін ыдысты ағынды сумен 10 рет және сонан соң 5 рет
дистильденген сумен шаю керек.
Жуу үшін дүкендерде сатылатын жуғыш қосылыстар
пайдаланылған жағдайда ыдысты крандағы ағынды сумен 10 рет,
сонан соң 3 рет дистильденген сумен шаяды.
14
Өсімдік ұлпаларын өсіру жұмыстарындағы
негізгі талапқа
стерильділік жағдайларды камтамасыз сту болып табылады.
Сондықтан мұндай жұмыстар үшін кептіргіш шкафтарда алдын ала
кептірілген,
яғни,
стерильденген
ыдыстар
мен
аспаптар
пайдаланылады.
Кептіргіш
шкафтардан
басқа
аспаптарды
автоклавтарда стерильдеуге болады.
Қағазға оралып стерильденген ыдыстар
мен аспаптарды жабык
шкафта сақтау керек, Жұмыс басталар алдында аспаптарды 96%-тік
этил спиртіне батырып алады да, спиртовка жалынында өртейді.
Е с к е р т у
: темірден жасалган аспаптар таттанбас үшін оларды
тек кептіргіш шкафтарда гана кептіруге болады.
Достарыңызбен бөлісу: