97
қолданылып келіп, кейінгі кезеңдерде нормадан ығыстырылғаны байқалады.
Мұны сол кезде Алаш ардагерлерінің еңбектерінен анық байқауға болады. Сол
тұста өмір сүрген Нұртуған мен Ерімбет шығармаларында қолданылуының
сыры да осыған байланысты деп ойлаймыз.
Аталған ақын-жыраулардың шығармаларында сөйлем аяғында келіп, сол
өзі жалғанған сөзіне предикаттық мән беретін
-дүр
форманты жиі кездеседі, ол
екі түрлі қызмет атқарады: бірі қазақша
-ды
қосымшасының орнында тұрады
(бара-дүр, айта-дүр),
екіншісі – есім баяндауышқа жалғанатын предикаттық
формант рөлінде келеді (қазақша
еді, -ды -ді
-лердің эквиваленті:
барадүр (бар
еді,
бар-ды)
,
керек-дүр
(керек еді,
керек-ті).
Мысалы, Ерімбет
шығармаларындағы:
Мен айттым: «Халықтың мизамы, әкімісіз», − деп, −
Керек-дүр
болмағыңыз көңіл саптан.
Беріліп мезгілінде мияссар ат,
Емес пе, бұл жүргеніңіз, ғаниматтан?
[E.К] − деген үзіндіде
керек еді
тіркесі −
керек-дүр
тұлғасында берілген. Ал Нұртуған шығармаларының тілінде
дүр
тұлғасына қарағанда
ты/ті/ды/ді
параллелі басымырақ:
Сенің атың
Достарыңызбен бөлісу: