Өтемісова гүлмира Жеткергенқызы КӨнерген аталымдар



Pdf көрінісі
бет110/393
Дата14.10.2023
өлшемі2,71 Mb.
#114284
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   393
Байланысты:
жыр әдеби тил

Тумыштан
 тұлпар туады, жампоздан нар, 
Әр жұрттың өзі таниды диуанасын
[E.К]. 


93 
-Мыш/-міш
түркі тілдерінің ілгергі дәуірінде өткен шақтық есімше 
жасайтын өнімді жұрнақ болғанға ұқсайды. С.Е. Малов бұл қосымшаның көне 
түркі ескерткіштерінде жиі кездесетінін көрсетеді [121, 11-44 бб.]. 
Кейінгі әдеби тілімізде 
-мыш 
жұрнағын атрибуттық қызметте қайта тірілту 
тенденциясы байқалады. Қазіргі тіл қолданысында жүрген 
«аталмыш» 
сөзі 
осыған дәлел. Сонымен -
мыш/мыс
аффиксі жаңа жазба әдеби тіл үшін норма 
болған жоқ, берісі көне әдеби тілден, әрісі түркі әдеби тілінен дәстүр бойынша 
сақталып қалған еді. 
Грамматикалық тұлға-тәсілдердің ішінен Абайда жиі қолданылатын 
тұлғалардың бірі 
-мақ
жұрнағы. Қазіргі тіл қолданысында тұйық етістік 
қызметіндегі 

жұрнағы Нұртуған мен Ерімбет ақын тілінде 
-бек/-мақ 
тұлғасында ғана қолданылған: 
Кім пенде – құдыретке 
көнбек керек, 
Тайсалып қашар жер жоқ түссе салмақ
[Н.К.Іт]. 
Неше алуан өзгеріліп, 
Бір қалыпта 
тұрмақ
 
емес, 
Әр нәрсенің ақырында 
Болмай қалмас бір тоқырау
[Е.К.]. 
Қимыл есімінің осы күнгі норматив 

жұрнақты түрінің актив қолданыла 
бастаған тұсы ХІХ ғасыр деуге болады [77, 185 б.]. 
Сонымен қатар ақындар шығармаларында есімшенің 
тұғын
тұлғасы жиі 
ұшырасады. Қазақ тілінің грамматикасында: «Негізгі және туынды етістіктер 
түбіріне алдымен есімшенің -
а, -е, -й 
жұрнақтары, содан кейін -
тын/-тін
жұрнақтарының қосылуы арқылы ауыспалы осы шақты есімше жасалады. Бұл 
жұрнақтың арғы төркіні – 
тұрған
сөзі, ол ықшамдалып, алғаш 
тұғын
болған, 
әдеби тілде ол -
тын, -тін 
болып қысқарып, жуанды, жіңішкелі фонетикалық 
варианттарға бөлініп қолданылады» [122, 179 б.], − деп түсіндіріледі. 
Біз сөз етіп отырған Нұртуған мен Ерімбет шығармаларының тілінің 
қазіргі әдеби тілден бір ерекшелігі – оларда -
тын/-тін
жұрнақтарымен қатар 
оның ертедегі 
тұғын
вариантының жарыса қолданылуы. 
Тұғын
тұлғасы буын 
талғамай (буынның жуан, жіңішкелігіне қарамай) еркін жазыла да, айтыла да 
береді. 
Аңлағанға алыс жол, 
Жақсы мен жаман арасы. 
Өнетұғын 
миуалап, 
Әр істің ақыл анасы!
[E.К] 
Жүреді Шаһизада ойнап-күлмей, 
Сөйлесіп бір адамның тілін білмей, 
Қаңғырды Мәдинаның шаһарында, 
Күн қайда 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   393




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет