94
Айтыңыз, тауарлықтың қай қаласы?
Әй, аға,
сататұғын
затың қандай?
Еліңде аты шыққан батыр барма-ай?
[Н.К.ІIт].
Қуратып «кеміссің» деп
бермейтұғын,
Ежелден келе жатқан елдің заңы
[Н.К.ІIт].
Жан аяп, бас амандап
кетпейтұғын,
Бәрі де адамдар еді шын қаһарман
[Н.К.ІIт].
Келтірілген үзіндіде
өнетұғын, жүретұғын, қайтатұғын, сататұғын,
бермейтұғын, кетпейтұғын
есімшенің осы шақтық
етістіктің құрамындағы
-тұғын
тұлғасы 10-11 буынды өлең жолдарында ұйқастыру қабілеті белсенді
жұрнақ. Егер аталған етістіктер
өнетін, жүретін, қайтатын, сататын,
бермейтін, кетпейтін
формасында болса, өлең жолының ұйқаспауына әкелер
еді.
Ғалым Р. Сыздықтың айтуына қарағанда, бір тұлғаның екі вариантын
(әңгіме –
тұғын, тын
формалары туралы) пайдалану –
қазақ поэзиясының
тілінде Абайға дейін-ақ қалыптасқан тәсіл... Дегенмен, Абай кезеңінде бұл
тұлғалардың тілдегі, оның ішінде ауызекі сөйлеу тілі мен проза тіліндегі,
нормасы, негізінен, толық түрлері болған [123, 273 б.].
Ғ. Мұсабаев бұл процесті қазақ тіліндегі түбір
сөздің қосымшаға айналу
фактісіне мысал ретінде келтіреді. Сонда, автордың схемасы бойынша,
тұрған>тұғын>тын
болуы керек [124, 19-21 б.], – деген тұжырым жасайды.
Ал Ғ. Қалиев
-тын/-тұғын
жұрнақтары
тұрған
сөзінің ықшамдалуынан туған:
баратын > баратұғын > бара тұрған,
яғни аффиксоид (қосымшаға айналған
сөз (түбір сөз) деп анықтап көрсетеді [125, 43 б.].
Орхон-Енисей жазбаларында, одан кейінгі шағатай әдебиетінде есімшенің
мұндай формасы жоқ.
Тұрған
сөзі – бұларда толық мағыналы сөз. Бірақ
шағатай
тілінің кейінгі дәуірінде бұл сөздің көмекшілік қызметте жұмсала бастағаны
байқалады. Мысалы:
− Атасының келе тұрғанын ешітіб қаршұ чықты
(«Шаджра-и турк»).
Түркі тілдерінің бұдан кейінгі даму тарихында
тұрған
сөзі кейбір тілдерде
(татар, қырғыз) осы тұлғада есімше жасайтын форма ретінде сақталған. Татар
тілінде
тұрған
сөзі
көсемшеден кейін келіп, есімшенің аналитикалық түрі
дегенді жасайтын көрінеді [126, 246 б.]. Басқа тілдерде ол әр түрлі тұлғалық
өзгерістерге ұшыраған. Мәселен, өзбек, ұйғыр тілдерінде ол
диған
(диган)
аффиксіне айналса [127, 238 б.] алтай тілінде -
тан
формасында қалыптасқан.
Тек
қарақалпақ тілінде ғана ол
тұғын
формасына ауысып, қазақ тіліндегідей,
есімшенің ауыспалы осы шағын (хазирги – келер мәхәлин) жасайды
[128, 207 б.].
Жоғарыда айтылған пікірлерден шығатын қорытынды, осы шақтық есімше
жасайтын формалардың
тұрған
варианты – қазақтың
көне жазба әдеби тіліне
тән норма болса,
Достарыңызбен бөлісу: