103
Соңғы жылдарда зерттеушілер тіл білімінде метафораны ойлаумен,
таныммен, философиямен, психологиямен, поэтикамен (көркем әдебиетпен),
шешендікпен, лингвистиканың түрлі салаларымен байланыстырып, түрлі
қырынан зерделеп келеді.
Қазақ тіл білімінде метафораны тілдік құбылыс ретінде танымдық
тұрғыдан жеке алып зерттеп, кандидаттық диссертация қорғаған Г.Н. Зайсанбай
болды [136]. Ол метафораның сан қырлы жақтарын когнитивтік аспектіде
қарастырған.
Қазақ тіл біліміндегі күрделі атаулардағы метафора құбылысының негізгі
қызметтеріне ғалым Б. Қасым нақты тұжырымдар жасайды: 1. Метафора –
заттық және құбылыстық ұғымдарға атау беру үшін қызмет атқарады.
2. Метафора арқылы қалыптасқан күрделі атаулар – сапалық өзгеріске түсіп,
ауыс мағынаға көшкен, түптөркіні бұрынғы жалпы халықтық қолданыстағы
байырғы сөздер. 3. Метафора қызметін ұлттық таным болмысымен де
байланыстыра саралау мүмкіндігі мол. [36, 49-53 бб.]. Ғалым пікірін негізге ала
отырып, көнерген аталымдардың жасалуындағы метафоралардың қызметіне
анықтап алған жөн.
Достарыңызбен бөлісу: