Пайтағын билеп Балыхтың [Н.К.ІІт], − десе, мұндағы
пайтақ сөзінің
семантикасы бөлекше, яғни
Балых елінің жеріне үстемдік ету. Байтақ бұрын
қазақ тілінде зат есім мағынасында қолданылып, «белгілі жұрт, халық
тұтастығы» («этникалық-территориялық бірлік»), яғни «ел, жұрт» деген
ұғымды білдірген. Екінші бір мағынасында мынадай жолдар кездеседі:
Мұнысы Әміршінің дұрыс емес, Есітсе ертең халық бұл шешімін, Қалайша пайтағынан ұшырмайды?! [Н.К.ІІт].
Бағында сайрар бұлбұл, көлде бақа, Мінбесе, кірмес күші, хан пайтағын [E.К].
Жайсында жай жүргенде адам қатар, Патшаның күші болады пайтағында [E.К].
Мұндағы
«пайтақ» –
белгілі бір мекендегі белгілі бір ел, яғни кішігірім хандық. Бұл сөз қазірде қолданылатын
байтақ ел, байтақ жұрт деген тұрақты
тіркестердің қалыптасуына себепкер болған.
Байтақ сөзінің алғашқы мағынасы
келе-келе күңгірттеніп,
«кең, ұшы-қиыры жоқ » деген мәнге ие болып қалған:
байтақ дала – кең дала,
байтақ өлке – кең өлке, ұлан байтақ.
Метафора арқылы қалыптасқан ақындар тіліндегі көнерген аталымдар –
сапалық өзгеріске түсіп, ауыс мағынаға көшкен, түптөркіні бұрынғы жалпы
халықтық қолданыстағы көнерген аталымдар. Олар көркемдік және бейнелік
қызметте қолдану нәтижесінде, қазақ тіліндегі көптеген көнерген аталымдар
өзінің нақтылы заттық, атауыштық қасиетке ие болған.
Ақындар шығармаларында
дүние, әлем дегенді
«шартарап» деп атау,
өмірді «жалғаншы» деп метафоралық тәсілдермен қолдану жиі ұшырасады.
Мысалы,
Жазылып біткеннен соң Орақ – Мамай, Лезде тарап кетті