Өтемісова гүлмира Жеткергенқызы КӨнерген аталымдар



Pdf көрінісі
бет132/393
Дата14.10.2023
өлшемі2,71 Mb.
#114284
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   393
Байланысты:
жыр әдеби тил

алашым!
 
[Н.К.Іт]. 
Саған 
Алашта 
көрінгеннің бәрі көмек, 
Болмаса, Жүсіпке не, айтып қорғаш?!
[Е.К]. 
Сондай-ақ, қазіргі қазақ тіліндегі 
алты алаш
тіркесі 
бүкіл халық, көпшілік 
қауым
деген мағынаны білдіреді. Бұл Нұртуған ақын шығармаларында 
былайша сипат алады: 
Жариялап бұл күндегі 
алты Алашқа. 
Шақырып патша алдырды айналасын, 
Қолына жілік беріп жариялап, 
Мінгізіп алма сағақ, хан Қарасын
[Н.К.Іт]

Алғашқы кезде 
алаш
сөзі жағымды ұғым болмаған. «Мавренахрды 
билеуші Махмудтың інісі Ахмед монғолша киініп, монғолша қаруланатын өте 
қатал адам болыпты. Ол ұрыстарда қалмақтарға бірнеше рет өлтіре соққы 
береді, жеңілген қарсы жақты қатты қырғынға ұшыратады, сондықтан 
қалмақтар оған 
«алаш!» 
− 
қан құйлы, бас кесер, жауыз
деген жаман атақ 
тағады» [13, 76 б.]. 
Бұл тарихи деректі қазақ халқының ұлы ақыны, ойшыл демократы Абай 


113 
Құнанбаев та өзінің «Біраз сөз қазақтың қайдан шыққаны туралы» деген 
еңбегінде сөз еткен: «Ахмет хан қалмақты көп шауыпты, көп қырыпты. Қалмақ 
рақымсыздығына қарай, мынау бір алашы болды ғой» депті, жан алушы 
дегеннің орнына, сонан соң сол хан, бұл атты қалмақ қорыққаннан қойды ғой, 
енді сіздер шапқан уақытта 
«алашы, алашы»
деп «ұран-сүрен» салыңыз деп 
бұйырып, бұларға айқай салғанда, көп жанның айқайымен 
«алаш-алаш»
деп 
кетіпті. Сондықтан алаш болғанда, Алашы хан болғанда, қалмаққа не қылмап 
едік» деп 
алаш ұранды қазақ атанған
себебі сол екен [142, 405 б.]. 
Монғол тілінде 
алаач 
– 
кісі өлтіруші, жендет, жанкешті
деген мағынада 
қолданылады [83, 19 б.]. Бұл фактілер қазақ тіліндегі алаш сөзінің тарихи мәнін 
толық ашып беретін тәрізді. 
Қалмақтар мен түркі тұқымдас халықтардың соғысы кезінде жеңілген 
жақтың жеңушілерге айтатын лағынет, қарғыс сөзі келе-келе жауынгершілік 
ұранға айналған. Жауға шапқанда түріктер үрей туғызу үшін алаштап ұран 
көтерген. Бертін келе бір елдің жағымсыз мағынасында қолданылған алаш сөзі 
басқа бір елдер үшін (соның бірі қазақ) жеңістің кілті, елдіктің ұйытқысы 
батырдың нышаны сияқты болып көрінген. 
Алаш 
сөзі қазақ тіліне осындай 
жолдармен келіп кіргенге ұқсайды. 
Осы ұғымнан 1917-1919 жылдары Қазақстанда ұйымдастырылған Кеңес 
үкіметі үшін байшыл, ұлтшыл контрреволюцияшыл болып есептелген ұйым 
аты 
«Алашорда»
болып аталғаны белгілі. 
Алашордашылардың
іс-әрекеті сол кезде саясатқа жат қылық, халық 
мүддесін сатқандық болып көрінуіне байланысты екіжүзділігі әшкереленгеннен 
кейін, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   393




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет