мақал-мәтелдер,
пайғамбар
хадистерінен үзінділер, дәйектемелер қолданылады.
Нұртуған шығармаларында
мақал-мәтелдер
мен образды тіркестер
молынан ұшырасады. Нұртуған «Заманнан сөйлеп барамын» деген арнауында:
Бұрынғы шайыр сөйлеген
Ойланбай-ақ алыстан.
Мазмұны терең мақалы
Өлең сөзбен жарысқан
Жарысқаны емей немене, − деп шайырлардың өлеңді мақал-мәтелдермен
жарыстыра айтқанын көрсетеді:
«Талғамай жесең тамақты, Жүрекке дақтар
қонысқан», «Көп ұйқыдан пайда жоқ, Қан дұрыс жүрмей ұйысқан», «Кезеген
өркеш, астау бас Артқан жүкке мұқалмас, Өйткені артық туыстан»,
«Көнергенді күндейді Атасы бір туысқан», «Жаманнан алсаң бір тиын,
Кетіреді мазаңды Секілденіп сауысқан», «Жарасына жабықпас, Артық туған
арыстан», «Күдері желке, бөкен сан Шаршамайды шабыстан», «Ақиық, алғыр
мұзбалақ, Тоқсанда желге қарысқан», «Жапалақ ықтап бұтаны, Шөп түбіне
жабысқан», «Балдағы алтын айболат Күш түссе ғана майысқан», «Халықтың
қамын ойлайды, Ақылы зирек данышпан», «Асыл жібек сиымды, Бүктесең
шықпайды уыстан», «Жақсы қайда асыл тек, Жақсылармен жұғысқан?!»,
«Жаман адам көп сөйлеп, Қалдырады жұмыстан», «Ұрыс-жанжал шығады,
Жаман көрші-қоныстан», «Жарамайды жүзіқараға Жаны ашып, болысқан»,
«Тура биде туған жоқ, Туғанды биде иман жоқ – Дегенді қазақ түсінбей, Өзді-
өздері ұрысқан», «Өтірік, ұрлық келтірер Адамдыққа бір нұсқан», «Залал
қылсаң жандыға, Күндердің күні болғанда, Әр жерде алдың бір тосқан»,
«Киімнің кеңі тозбайды», «Бақ сынайды таланды», «Қос табар керек кісі»,
«Сиыр саусаң, күнде айран», «Ойлассыз істің түбі − ойран», «Азаптың ақыры
– абад», «Дән ұшықсыз, ел бұзықсыз болмайды»
т.б.
мақал-мәтелдердің
барлығы дерлік мағынасы кең, философиялық тұрғыдан ой салатын дүниелер.
Нұртуған Кенжеғұлұлы мен Ерімбет Көлдейбекұлы өмір сүрген тұста, яғни
ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басындағы әдеби үлгілердің тілінде
көнерген аталымдардың сақталуына бірнеше жағдай себеп болған.
Достарыңызбен бөлісу: |