128
оншақты жылқы немесе түйе жетектеп әкеледі, бұл
«аза»
деп аталады
(Ы.
Алтынсарин);
Аза бермеді
–
ешкімге қиянат жасатпады, жәбір, жапа көрсетпеді.
Шекесінде Қамбардың, Бар екен алтын тұлымы, Сұрап алған құдайдан,
Әлімбай ханның құлыны, Ешкімге
аза
бермеді, Қыздан да зият қылығы
(«Қамбар батыр»);
Аза салды
–
өлген үйге аза апарды;
Аза күтті
–
өлген кісіні жоқтады: қаза тапқан кісінің басы-қасында
болды;
Аза тұтты
–
өлген адамға қайғырды.
Күн түнеріп адамзатты мұң басты,
Ызғарлы жел тұла бойды мұздатты. Қала, дала
аза тұтып
күңіренді, Айрылдық
деп ұлы адамнан қымбатты
(С. Машақов);
Аза бойы қаза болды
–
үрейлі болды, қатты қорықты
деген
мағыналарды жұмсалады. Көрсе
қаза болады аза бойы,
Болмады бұған айла
ойламасқа
(Абай);
Аза бойы тік тұрды
–
төбе шашы тік тұрды, қатты үрейленді, зәресі
ұшып кету.
Бұл оңбағандардың бәрі де колхоз жұмыс десе,
аза бойлары тік
тұрады.
Бұларды колхоз қыламыз деп босқа май болып жүреміз
(Ғ. Мүсірепов);
Азалады
–
қайғырды, күйінді, аза тұтты.
Күңіренді, дүние қайғылы күй
тартылды. Адал жандар күйіне,
Достарыңызбен бөлісу: