Өтемісова гүлмира Жеткергенқызы КӨнерген аталымдар


ағзам болмақ!  (Ерімбет). 25 үйінде патша  ағзамның



Pdf көрінісі
бет149/393
Дата14.10.2023
өлшемі2,71 Mb.
#114284
1   ...   145   146   147   148   149   150   151   152   ...   393
Байланысты:
жыр әдеби тил

ағзам
болмақ! 
(Ерімбет).
25 үйінде патша 
ағзамның
жарлығы бойынша қазақ халқының 19 бен 31 жастың арасындағы 
еркегі әскерлік жұмысқа алынады... деп, Ақмола губернаторының жария 
қылған жарнама бұйрығы екен 
(С. Сейфуллин).
Я пірім, ғайып иран 
қаусыл 
ағзам
! Шадияр масайықтар, имам 
ағзам! 
– деп шуласты мүридтер 
(С. 
Торайғыров). 
Жас ақын оқуынан қашты аулына, Еткен ол мектебінде талай 
күнә. Бас имей патша 
ағызамның
суретіне, Бағынбай басшылықтың жарлығын 
(Ә. Тәжібаев). 
Ассалаумағалайкүм, молда, тақсыр! Ауырып қалыпсың-ау 
жолда, тақсыр! Шайтаны дәретіңнің күшті болса, Дұға оқы, істе 
ағызам,
тұмар 
жапсыр, − деді Шошқа Молдаға 
(І. Жансүгіров);
 
Патша ағзам 
– елді басқаратын, халқына сөзі жүретін адам. Жер тәңірі 
патша ағзамды,
үш жүз жылғы Романды, Бақ тағынан бір-ақ күнде ұшарады 
деп кім ойлаған-ды 
(С. Дөнентаев).
І Ада 
– 
ата, ата тек. 
Батыс Қазақстан облысындағы қазақтар ата, ата-
тек, аталас дегендерді қолдана отырып, көне түркі тілінде кездесетін, қазірде 
әзербайжан әдеби тілі нормасы болып кеткен 
ада
дегеннен 
аданас
деп те айта 
береді 
(Ғ. Мұсабаев); 
Аданас
– 
аталас, тума-туыс
. Санабай мен Сағындық 
аданас
(Ж. 
Досқараев).
Аданастар
келіңіз, демалайық! 
(Бейсинұлы И. ДЖҚ.1914). 
Көне 
түрік тілінің ескерткіштерінде 
ата
деген сөз, кейде 
ада 
түрінде кездеседі 
(Досқараев Ж. ҚТЖЕ., А., 1955, 7) 
Ада болды//ада қылды
– 
тауысты, бітірді, түгін қалдырмады. 
– Сен 
жігітім, кемпірге қарама, бұл осы самауырды 
ада қылмай
тынбайды 
(М. 
Иманжанов).
Сөзге, жазуға келгенде ешкімнен сорлы емеспін дейтін Сағит 
біржолата түгесіліп 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   145   146   147   148   149   150   151   152   ...   393




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет