Өтемісова гүлмира Жеткергенқызы КӨнерген аталымдар


алва (подать)  алым, берілетін нәрсе (Малов С. Е. Яз. жел. уйгур. А., 1957, 14),  ұйғыр тілінде  алван



Pdf көрінісі
бет163/393
Дата14.10.2023
өлшемі2,71 Mb.
#114284
1   ...   159   160   161   162   163   164   165   166   ...   393
Байланысты:
жыр әдеби тил

алва
(подать) 
алым, берілетін нәрсе
(Малов С. Е. Яз. жел. уйгур. А., 1957, 14), 
ұйғыр тілінде 
алван
(налог, подать) 
алым-салық, шығын
тәрізді ұғымды білдіреді 
(УйРС., А., 
1960,15). 
Қазақ тіліндегі 
алапа
да осы сөздермен түбірлес болу керек.

 
Аларман 
– 
алғыш кісі, алушы
.
Аларманға
алтау аз, Берерменге бесеу 
көп 
(мақал).
Сөздің түбірі 
ал 
/етістік/ 
-ар
есімшенің жұрнағы, 
-ман
есім 
тудыратын көне жұрнақ. Қазіргі қазақ тілінде 
аларман, берермен
сөздері 
осындай мақалда кездеспесе, дербес тұрып басқа сөздермен тіркесе бермейді 
(Махмұтов А. КСЛ, 1963, 10)
.
 
Алаш 
− 
1) қалың көпшілік, ел, жұрт, қауым; 2) қазақ елі, қазақ қауымы.
Қазіргі қазақ тіліндегі 
алты алаш
тіркесі 
бүкіл халық, көпшілік қауым
деген 
мағынаны білдіреді. Жариялап бұл күндегі 
алты Алашқа.
Шақырып патша 
алдырды айналасын, Қолына жілік беріп жариялап, Мінгізіп алма сағақ, хан 
қарасын 
(Нұртуған).
Саған
 Алашта
көрінгеннің бәрі көмек, Болмаса, Жүсіпке 
не, айтып қорғаш?! «Бұл отты сөндірсін» деп сөз жазады, Ол мені көрген де 
жоқ, болмақ түгіл, сендей жолдас 
(Ерімбет).
Алғашқы кезде 
алаш
сөзі 
жағымды ұғым болмаған. «Мавренахрді билеуші Махмудтың інісі Ахмед 
монғолша киініп, монғолша қаруланатын өте қатал адам болыпты. Ол 
ұрыстарда қалмақтарға бірнеше рет өлтіре соққы береді, жеңілген қарсы жақты 
қатты қырғынға ұшыратады, сондықтан қалмақтар оған 
«алаш!» 
− қан құйды, 
бас кесер, жауыз деген жаман атақ тағады» 
(Бартольд В. В. Очерк ист. Сем., 
Ф., 1943,76)
. Бұл тарихи деректі қазақ халқының ұлы ақыны, ойшыл демократы 
Абай Құнанбаев та өзінің «Біраз сөз қазақтың қайдан шыққаны туралы» деген 
еңбегінде сөз еткен. «Ахмет хан қалмақты көп шауыпты, көп қырыпты. Қалмақ 
рақымсыздығына қарай, мынау бір алашы болды ғой» депті, жан алушы 
дегеннің орнына, сонан соң сол хан, бұл атты қалмақ қорыққаннан қойды ғой, 
енді сіздер шапқан уақытта «алашы, алашы» деп «ұран-сүрен» салыңыздар деп 
бұйырып, бұларға айқай салғанда, көп жанның айқайымен «алаш-алаш!» деп 
кетіпті. Сондықтан алаш болғанда, Алашы хан болғанда, қалмаққа не қылмап 
едік» деп алаш ұранды қазақ атанған себебі сол екен

Қазақ тіліндегі 
алаш
сөзінің де алғашқы кезде жан алғыш, кісі өлтіргіш, ел талағыш деген тұрпайы 
мағынасы болған 
(Құнанбаев А., Шығ. тол. жин., А., 1945, 405).
Монғол тілінде 
алаач
– кісі өлтіруші, жендет, жанкешті деген мағынада қолданылады 
(МҚС., 


134 
У., 1954, 19). 
Ойрат тілінде 
алдачы 
– жан алғыш (қазақша алашы). Бұл фактілер 
қазақ тіліндегі алаш сөзінің тарихи мәнін толық ашып беретін тәрізді


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   159   160   161   162   163   164   165   166   ...   393




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет