алдиярлап бас иіп, тізе бүгеді
(«Қырық өтірік»). Өрісі қатты тарылды, Ер қорғайтын ерлердің, Алдына барып бас иіп,
Алдиярлап жалынды
(Жамбыл). Алдынан шығар – күйеу қалыңдық ауылына ұрын келгенде, аулындағы әйелдер /тек қалыңдық, қалыңдықтың туған апа-сіңлісі, шешесінен басқалары/ құрт, май, бауырсақ алып, күйеудің алдынан шығады. Бұл әдет «алдынан шығар» деп аталған (Ибрагимов И.И. ЭОКН., М., 1872, 135). Алдыразы//алдыразы болсын! –
діни. Тәңір жарылқасын, рақмет деген мағынадағы алғыс (ТС., Іт., А., 1959, 33). Алқау –
қоштау, жарылқау, демеу, мақтау. Түркі тілдерінің сөздігінде
алқішті –
жақсылады, мақтады, алғыс айтты дегенді білдіреді
(Қашқари М. Дев. луғ. турк., І т., Т., 1960, 240). Қазақ тіліндегі
алқау да осы сөзбен түбірлес
болу керек. Ор қазып байқайды туа жат емеске, Анттасын
алқайды сен тентек
демеске
(Абай). Қарғағанын жер қылмақ,
Алқағанын зор қылмақ
(Абай). Алмас (алмаз) −
1) шыны кесетін өткір құрал; 2) ауыс. қылыш. Қазына
жүкті тайлаған. Едіге оқшау келатыр, Бидай өңді нұр жүзді, Беліне
алмас байлаған
(Нұртуған). Садағын сала байлап, асынып
алмас, Жолыққан ешбір
дұшпан тірі қалмас!
(Ерімбет). Алмастың жауы – қорғасын
(Мақал). Қалған
екен ақ
алмасым шаң басып, Соны сүртіп саған маза бермедім. Тентек жүзің
кеңірдекке жармасып Кісі түгіл құс өлтіріп көрмедім
(Р. Ғамзатов). Жалынмын
жанып тұрған нөсерге өшпес, Болатпын екі жүзді,