Алты алаш –
ескі дәуірде күллі қазақ кейде «тұтас қазақ-қырғыз» деген ұғымда қолданылған. Алаша −
ерте кездегі түрлі-түсті жүн жіптен тоқылған тұс киіз, кілем тәрізді қолөнер өнімі. Бұл сөздің түбірі
ала − әртүрлі түс,
-ша жұрнақ.
Алғашқы кезде
алаша зат (ала зат) түрінде айтыла келіп, кейін
алаша сөзі
заттанып кеткен де, дара тұрып айтылатын дәрежеге жеткен. Кәсібі
бабамыздың бірден-бірге Жайылып осылайша жыр боп кеткен. Кемпірі
алаша тоқып, киіз басып, қолына ұршық алып жүнін түткен
(Нұртуған). Тигізбе ақ
шәйнекті жер мен жүнге, Я киіз, я
алаша, кілем-түрге. Тимесін демдеген соң
осыларға, Бұл артық пәм, шайқұмарлар үйренерге
(Ерімбет). Айнала стол
орнатқан үйдің іші тамаша, Айналы ақ диван тұр. Жоқ бұрынғы
алаша (С. Мәуленов). Қазақтың жергілікті тоқыма бұйымдары –
алашалар да Россияға
едәуір мөлшерде жөнелтілетін
(М. Елеусізов). Алашорда – Қазақстанда 1917-1919 жылдарда ұйымдасқан байшыл, ұлтшыл, контрреволюцияшыл ұйымның аты. Алаш және
орда деген екі сөздің
бірігуінен пайда болған ұғым.
Алашорданың күні қараң! Енді өкімет билігі
еңбекші бұқара қолында. Мына Құрышпай сияқты қу-тақыр кедейдің үкіметі
(З. Шашкин). Алашы –
миф. жан алушы періште, жан алғыш. Ойрат тілінде
алдачы /ангел смерти, дух, уносящий душу умершего, дух смерти/
жан алғыш періште, өлген адамның жанын әкететін рух дегенді білдіретін мифологиялық
ұғым