(А.Махмұтов). Мін ұрлама дос-жолдастан жасырып, Ер жігітке жарамайды
асылық (Халық өлеңдері). Ер Қамбар сонда сөйлейді: Қатарыңа қарасаң, Мен
емес таңдап тиерің: Іздегенің
асылық («Қамбар батыр»). Атаңа лағнет! // атаңа нәлет! // атаңа лағнет жауғыр! −
Атаң қайғы- қасірет тартсын, азап шексін деген мәндегі қарғыс. Араб тілінде
лауғатүн –
азап, қайғы дегенді білдіреді
(АРС., М., 1958, 938). Шыбын жаным сау күнде
Бермес пе едім жазасын?!
Атаңа лағнет заңғардың, Жеткізбес пе едім қазасын
(Нұртуған). «Таңертең
атаңа лағнет жауғыр малайларға бір түйе байлап
қалыңдар десем, күнде түйелерге ере алмай, шаңдақта жататын мына жаман
түйені алып қалып, маған ұят келтіргендерін қарашы?!»
(Нұртуған). Атаңа нәлет Жәңгір хан көзінен тізіп айдады-ау, Орынбор деген қалаға Қазақтың қара
баласын...
(Махамбет). − Өй,
атаңа нәлет! Өй ернің аққа тимегір! Өй, мал
көрмеген көргенсіз! – деді Судыр Ахмет
(Ә. Нұрпейісов). Атау –
кішкене арал, су ішіндегі құры жер. Аралда бірнеше
атаулар бар. Теңіздің ішіндегі кішірек құры жерді
атау деп те, арал деп те атайды.
Аралдың кейбір заводы
атауда тұрады
(Досқараев Ж. ҚТЖЕ., А., 1955, 15).
139
Атау сөзі қарақалпақ, ноғай тілдерінде осы мағынада қолданылады
(Баскаков Н. А. Кар. яз. ч. І, М., 1952). Атаукере –
адамның өлер алдындағы ең соңғы ішіп-жейтін тамағы (ТС., Іт., А., 1959, 54). Ат байлар –
күйеудің атын байлағандығы үшін қалыңдықтың апа- сіңлілерінің күйеуден алатын сыйлығы. Ол жақсы ішік немесе кілем болады (И. Ибрагимов). Атқосшы − біреудің қасына еріп жүретін атын күтуші, атшы, жәрдемші. Бес қаруын сайланып, қажетінше қол алып аттанған бұларға
Ысмайыл