140
Атшы
–
атқосшы, біреудің жанына ілесіп жүріп оның атын бағушы,
делбе ұстаушы (Болғанбаев Ә. ҚТСС., А., 1975).
Мен
атшыны
шақырып алып,
қатты ұрыстым
(С. Көбеев).
Ат-тон айып // ат-шапан айып
– ескі дәстүр бойынша төленетін үлкен
айыптың бір түрі.
Мінгеніңді қинама, Бай білмейді деп ойлама. Еңбегің
сіңбей, Құбылжан, Мезгілсіз
ат-тон
даулама
(Нұртуған).
Тақсыр-ай, қысымың
– қыс, жарлығың – жаз, Әуелден ат сұраппын ақылым аз.
Ежелден
ат-тон
,
сарпай алмағым жоқ, Көрген соң хан иемді етіппін наз
(Нұртуған).
Менен түйе
ғана үлкен,− деді шал,− босағамды ұлықсатсыз аттағаның үшін
ат-шапан
айыбың бар, атымды әруаққа
кештім шапаным мойныңда, төрге шық
(С.
Мұқанов).
Аттың майы
–
аттың күші.
Кедейлер «көлік майын» түйені, атты,
өгізді пайдаланғаны үшін де
салық төлейді
(М. Елеусізов).
Жауға мінер
жарамды
аты болмай, ол елдегі жирен сақал Қарағұл дегеннің Теңбілкөгін
«майын беремін»
деп сұрап мінген
(Нұртуған);
Аттың майын беру
–
біреудің атын уақытша мініп, аттың күшінің
ақысын беру.
Атымтай жомарт
–
«тай» – араб елінің руы; «һатым» – cол рудан
шыққан (ескі ертегі бойынша) жомарт кісінің есімі.
Айтайын
Атымтайдан
бір хикаят,
Бұл сөзге құлағың сал, көп жамағат! Бұрынғы сахилардан сөз
қозғайын, Жазбасқа тұра алмадым, қылып тағат
(Ерімбет).
Ауан
–
еркін, емін-еркін шалқыған, өз бетімен деген мағынада
қолданылады.
Ауан жүрген мал, ауан балық (Ж. Досқараев).
Достарыңызбен бөлісу: