Өтемісова гүлмира Жеткергенқызы КӨнерген аталымдар



Pdf көрінісі
бет175/393
Дата14.10.2023
өлшемі2,71 Mb.
#114284
1   ...   171   172   173   174   175   176   177   178   ...   393
Байланысты:
жыр әдеби тил

Ауан, ауан, ауан
су, 
Ауандап
үлкен балық жүзген су 
(«Ер Тарғын»). 
Аужар
– 
ескі салт бойынша ұзатылған қыз туған үйінен аттанарда 
айтылатын айтыс түрінде қалыптасқан жұбату өлеңі.
Аужар
екі түбірден 
құралған біріккен сөз. Бірінші түбір сөз – 
ау
, екіншісі – жұбай, қосақ, жамағат 
мағынасындағы 
жар
. Жігіт: Алып келген базардан қара насыр, жар-жар-ау
Мұнда әкем қалды деп, қам жемеңіз жар-жар-ау, Жақсы болсаң қайын атаң – 
орын басар, жар-жар-ау. Қыз: Есік алды қара су, майдан болсын, жар-жар-ау, 
Ақ жүзімді көргендей айнам болсын жар-жар-ау, Қайын атасы бар дейді осы 
қазақ жар-жар-ау, Айналайын әкемдей қайдан болсын, жар-жар-ау 
(«Қазақ 
әдебиетінің тарихы»).
Ауылнай 

 
1) ескі уақыттағы белгілі бір ауылға билік жүргізетін 
адам; 2) ауылнай басқаратын ауыл, ел.
Ат шана мен түйелер − Көліктің нағыз 
берігі. Соларды іздеп жер-жерден, 
Ауылнай
мен ауданша
 
Тегіс атқа мінеді 
(Нұртуған).
Мықтылау қазақ таласып, Еңбегін алып ақыры Орыспенен келісті. 
Сонан соң орыс сайлады, 
Ауылнай
мен болысты 
(Нұртуған).
Елден алған 
параға болыс, биден бастап, 
ауылнайға
дейін еншілес
(Ғ. Мүсірепов).


141 
Ашна
– 
ғашықтық, құмарлық.
Болмасам 
ашна
мен сізге, Түспес ем 
мұндай бейнетке 
(Абай).
Аяққап
– 
ыдыс-аяқ салатын киізден істелген қапшық.
І Аят 

 
1) белгі; 2) ғажап, тамаша, керемет; 3) діни. Құран 
тарауларының аты, Құран аяты − өлеңі.
Араб тілінде 
аūатун 
– белгі: керемет, 
құранға жазылған өлеңдер дегенді білдіреді 
(АРС., М., 1958, 60).
Әзелден 
асылы һақтың орны мағұлым, Орнына әзәзілдің барып еді. 
Аяттан
оқып көрер 
сенбегендер, Кәламда һақ Расуліге жазып еді 
(Ерімбет).
Ғайсадан бес жүз 
алпыс тоғыз жыл соң, Ақ нәби ұзап кетіп сонда туған. Дүниенің 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   171   172   173   174   175   176   177   178   ...   393




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет