Даргаһына бас ұрды
–
құдіретіне табынды.
Аһа дедім құдая
Даргаһына бас ұрдым,
Сөзді сөзге ап келіп Күйгенімнен жапсырдым
(«Қыз
Жібек»).
Дат // Дат тақсыр
−
жоғары мәртебелі ұлықтардан жәрдем тілеп,
әділдік жолын көксегенде, қара бұқараның бас иіп айтатын лаузымды сөзі.
Парсы тілінде
дад
−
әділдік, шындық, есесі, ақысы; әділсіздікке қарсы көмек
тілегенде шығатын үн
(ПРС., М., 1960, 206).
Қырғыз тілінде
кешірім арызды
«даттуу арыз» деп атайды. Көп жиналған азамат, Хисса тыңдап, көңілі шат!
«Нұрадин қайда, не болды? деп, Сұрауға батпай отыр
«дат!»
(Нұртуған).
Дат!
– деді ханның өжет Қарашашы, Немере хан Кененің қарындасы, − Ханыша не
датың
бар, − деді Кене, Аңырып тұрып қалды айналасы
(І. Жансүгіров).
Ашуланба, ей патшам, айтамын
дат
: Алтын қақпа бермеді сізге рұқсат
(Абай).
Б. Қыдырбекұлы:
дат
дегеніміз – атақ, даңқ деп көрсетеді де, «Қобыланды
батыр» жырынан үзінді келтіріп, дәлелдеп кетеді: «Жіңішке жирен аты бар,
аллаға жеткен
даты
бар»
(Қыдырбекұлы Б. ТСТБ. А., 1993, 48).
Дәуір
−
1) айналым, айналыс; 2) кезең; 3) шеңбер; 4) алмасу;
5) кезектесу; 6) алмастыру; 7) сессия; 8) цикл; 9) роль; 10) өлең; 11) ауыс.
бақытты уақыт, бақытты кез, бақыт жұлдызы.
Отырғандар: «Қарасайжан өз
шешімің дұрыс! Ақылға қонымды сөз!» десіп, түгел мақұлдап,
дәуір
айтқызып,
Сұлтанайды хан қойды
(Нұртуған).
Аз жазып хал-жайымды түсіндірдім, Сөз
өріп сегіз салға жапырақтай. Сыйласып бір-біріне жанын беріп, Өтілсе
қызықпенен
Достарыңызбен бөлісу: |