Дүлдүл
−
1)
діни. аңыздағы шашасына шаң жұқпас жүйрік тұлпардың
аты (Әзірет Әлі пайғамбардың жауға мінетін ерекше қасиеті бар жүйрік
аты, тұлпары); 2) ауыс. шешен, атақты білгір кісі.
Ерлердің есігінде бір наз
бедеу, Ойнатар дарын құрып шарбағында. Ғаламнан Ғали мінген
дүлдүл
озған,
Жүйріктер одан соңғы өз табында
(Ерімбет).
Шақырып
дүлдүліне
қылды
ишарат, «Қылма, − деп қойған сыртқа, − дұшпанға мат!»
(Ерімбет).
Ғали
мінген
дүлдүлдей
Тұлпарменен жарысты. Үш күн, үш түн атысып, Біреуін
қоймай тауысты
(«Қамбар батыр»).
Ақыл – дария, көңіл –
дүлдүл
(Мақал).
Менің атым сұрасаң Ақан серің, Қазірет Ғали
дүлдүлі
тұлпар керім, Дүниеде
оған жетер ат бар ма еді, Өлді ғой мен қайтейін Құлагерім
(Ақан сері)
. Ту ұстап,
дүлдүл
мініп топты бастап, Елге жол өмірді алға кім нұсқаған. Ол – батыр,
халық ұлы Аманкелді, Бастаған тар күндері қалың елді
(О. Шипин).
Осы жалған
дүниеден шешен де өткен не бұлбұл, Көсем де өткен не
дүлдүл
(Абай).
Дүр
−
1) інжу (омыртқасыз, жұмсақ денелі сауытты жәндік денесінде
пайда болатын көбінше ақ не ақ сары түсті қатты зат; маржан; қымбат; 2)
ауыс. зор, ірі, атақты, әйгілі; 3) ауыс. асыл; 4) кісінің атындағы қосымша
(Дүрдана, Дүржан);
5) -ды (-ді) қосышасының көне түрі (формасы).
Араб
тілінде
дарриун
–
інжу; айқын, жарқылдаған
дегенді білдіреді
(АРС., М., 1958,
314-315).
Моңғол тілінде
дүр
–
ерік, тілек, ынтықтық; бейімділік, махаббат,
ұнату
дегенді білдіреді
(Монг.РС., М., 1957, 159).
Кеңесіме құлақ сал, Ақылды
туған, Алашым! Сөзбенен шаштым
Достарыңызбен бөлісу: |