еншіні әке бөлетін еді ғой, үлкен ұлының сыбағасына
еншіге қоса көш бастау тиетін, ортаншылары малдан ғана
енші алатын
(С. Мұқанов). «
Еншісі бөлек, ені басқа» деген фраза осы күнгі тілдерде, көбіне
метафоралық мағынада айтылады
(І. Кеңесбаев); Енші берді − үйленген баласына мал-мүлік бөліп беріп, үй етіп шығарады. Мұсаның бөліп берген
еншісіне Әнжі қайлы болмаған. Сонда
әкесі: «Менің тілімді алмаған біреуің бір себеппен жерге кіресің, өңменіңнен
шөп өтіп өлесің!» деп еді
(Нұртуған). Етінен арылту – жүдету (көбіне малға теліп айтылады). Жорықтан
келген соң, Қарағұлдың атын
етінен арылтып қайтып берген
(Нұртуған). Ж Жабы − жылқының ең нашар тұқымы, қазақы жылқы. Парсы тілінде
йам және
йаме –
почта тартатын жұмыс аты дегенді білдіреді
(ПРС., М., 1960, 602). Дыбыс алмасуының салдарынан
й -дың
ж -ға,
м -ның
б -ға,
е -нің
ы -ға
парсы тіліндегі
йаме қазақ тіліне ауысқанда
жабы болып қалыптасқан.
Жабы емес, шылбырыңды іркетін кез, Жеріңе ойыңа алған жеткізер тез. Бар міні тал
бойында, байқағанға – Ат тепкен сағағыңда үріккен без
(Нұртуған). Дүние сен
тозбайсың жан тозады, Бедеуден күйі түссе,
жабы озады. Ақымақтың ақылына
қарап тұрсаң, Ылдида тұрып өрге қол созады
(Нұртуған). Тұлпар деп
жемдегенім