жаппар
құдайым, Жөнімді
кімнен сұраймын?
(Алмажан).
Әр қазына басында бір-бір ие, жаратқан бек
ғажайып қадыр
жаппар
...
(Ысқақ).
Жапбар
ием, маған ақ өлімін қимаған екен,
енді қазамды өзім күттім осы жерде
(«Қазақ әдебиеті»).
Жад етті
−
әруаққа жалынды, жалбарынды, сиынды, еске ұстады.
Араб тілінде
жадда,; жаддун
–
күш салу, ынта-жігермен қызмет істеу, еңбек
ету
дегенді білдіреді
(АРС., М., 1958, 145).
Парсы тілінде
джадд
–
ата-бабаны
еске алу
деген де мағынаны білдіреді
(ПРС., М., 1959,210).
Жад ету
– бұл
етістік жалпы біреуді ненемесе бір нәрсені еске алу емес, тек қана
жалбарынатын иені – құдайды (алланы, тәңіріні), әулие-әнбиелерді, бабалар
мен пірлерді еске алу, жай ғана еске алмай, оларға құлшылық етіп, бір тілекпен
жалбарына еске алу мағынасында қалыптасқан
(Сыздықова Р. Сөз. сөй. А.,
2004).
Жалбарындым
жад етіп
, Болар ма қабыл қол жайған Біздей ғаріп
дұғасы?!
(Нұртуған).
Өлімді бес уақыт
жад етіңіз,
Қай жақта отыз үш мың
сахабалар? «Кәрі өліп, жас қалады» дей көрмеңіз, Жер, Көкте жанды мақұлық
бәрін де алар
(Ерімбет).
Суырады сонда Ғали зұлпұқарын,
Жад қылып
құдай
менен пайғамбарын. «Әй, кәпір! Мұсылманмын, қырамын!» деп, Төгеді
падишаға бар қаһарын
(Ерімбет).
Ертелі-кеш әр уақытта
Жад етемін
пірімді,
Шошыдым ғой, Төлеген көргеннен соң түріңді
(«Қыз Жібек»).
Жақы
– құлынның, тайдың терісінен жасалған тон.
Қазақ халқы мал
терісін шаруашылықтың әр саласына қолдана білген. Жылқы терісінен
жақы
деп аталатын тон тігіп, оны
құлын жақы, тай жақы
деп атаған
. Жақы
тіктіру
үшін жылқы ішінен қара, қоңыр (жылқы атауында торы) түсті мал таңдап
алынады да, арнаулы күтімде ұсталып түгі әбден жетіліп жылтырағаннан кейін
сойып, терісін еппен сыпырып алып, илейді. Жылы болу үшін оған арасына
жұқа мата салып астарлайды.
Жақы
сәндікке де, жылылыққа да киіледі. Ол
қазір ел арасында кездесе бермейді. Алаш көсемі, ардагер ақын, қайраткер
М.Дулатов киген
тай жақы
қазір Торғай қаласындағы А. Байтұрсынұлы мен
М.Дулатов атындағы әдебиет мұражайында сақталып тұр. «Көшті тартып
отыр,− деп, Белгілеп күннің шығысын!» Құлдарға жылқы айдатты, Кигізіп
құлын
Достарыңызбен бөлісу: |