170
тастап,
кептіргеннен
кейін,
отқа
салып
қарап
отырып соғыс, жорық нәтижесін болжап, оған қарсы айла жасап отырған.
Едіге баласына қарға бұтты Қаразбанды берді. Қасына қырық кісі ертті. Басшы
қылып
жауырыншы
Ақпан дегенді қосты
(Нұртуған).
Жаһаннам
−
діни. тамұқ, тозақ (діншілердің түсінігінше о дүниеде
күнәкарларды азаптайтын орын).
Араб тілінде
жаһаннаму
–
тозақ, тамұқ
деген сөз
(АРС., М., 1958,180).
Ысырат
жаһаннамда
көріп қатты, Зар жылап
тартар пенде аһінағын. Үстінен қылыштың тез жүргізеді, Айтады: «Асты от –
деп,− алаулаған!»
(Ерімбет).
Мен көрдім соқыр ағаш басын иген,
Жаһаннамға
кетеді оған тиген... Зәһәр деп, жас алманы дұшпан тұтып, Мисыздар уды ұжмақ
деп барып сүйген
(С. Торайғыров).
– Орын бар ма дүние үшін дінім сатар, бізге
аударар күнәң жоқ, атын атар. Бұл мінезден қайтпасаң, шал Қареке, Осы тәнің
тозақтың дәмін тартар! Бетін топырақ басты деп жалған айтсаң,
Жаһаннам
деген тозаққа жанып жатар
(«Қозы Көрпеш–Баян сұлу»).
Жаһат (жәһад, жәһәд, жиһат)
−
1) тырысу, күш салу; 2) еңбек
(Л. Будагов
джәһдтің
жоғарыды айтылған арабша мағыналарын беріп, одан
кейін оны қазақтар тез, жылдам, шапшаң, епті
деп айтады дейді). Парсы тілінде
Достарыңызбен бөлісу: