Өтемісова гүлмира Жеткергенқызы КӨнерген аталымдар



Pdf көрінісі
бет223/393
Дата14.10.2023
өлшемі2,71 Mb.
#114284
1   ...   219   220   221   222   223   224   225   226   ...   393
Байланысты:
жыр әдеби тил

жарғақ
(Мақал).
Жаршы 
− хабар таратушы, жар салушы
адам (ТС., Іт., А., 1959, 219). 
Бұл құдайдың бізге жіберіп тұрған нәубет 
жаршысы 
шығар. Бұған қарсы 
болмайық. Үшеуміз қалауға түсейік 
(Нұртуған).
І Жасақ 
− 
1) әскер, қару жарақтанған бір топ жауынгер; 2) ерте 
кездегі мал басынан алынатын салықтың бір түрі. 
Біржола жауды қумаққа, 
Мұқият, мықтап ойланды. Мақұл көрді бәрі де, 
Жасақ 
санын көбейтіп, Межелі 
күні жиғанды 
(Нұртуған).
Қарасай өз 
жасағымен,
Айсаның ұлы Ахмет өз 
әскерімен топ-топ болып жүрді 
(Нұртуған).
Құрыш ер, құрыш табан, Болат 
білек 
жасақтар 
(
Т. Жароков). 
«Жасақ,
дулыға т.б. сол сияқты сөздер ескі типті 
соғыс лексикасын ескертеді. Қазіргі қазақ тілі лексикасында олар архаизм 
болып есептеледі (Ғ. 
Мұсабаев); 
ІІ Жасақ 

 
ерте кездегі мал басынан алынатын салықтың бір түрі.
Мал басынан төленетін 
жасақ 
салығы үй салығына қарағанда заңдылығы 
жөнінен салық салудың дұрыс түрі болады. 
Жасақ
әрбір түліктің (түйені 
қоспағанда) бір проценті мөлшерінде алынады. Алғашында заттай алынатын 
бұл салық кейіннен ақшаға ауыстырылды 
(М. Елеусізов).
 

Жасамыс
– 
кәрі, қартаң, жасы келген, мосқал тартқан.
Жасамыс
бие, 
сақа айғыр, Алдын орап тайлардың, Кісінеп келіп шұбырды, Тарауынан 
сайлардың 
(Нұртуған). 
Жасауыл 

 
1) патша үкіметі кезіндегі қазақтың офицерлік шені (ТС., 
А., 1959, 221); 2) ауыс. қарулы топ, шапқыншы.
Қалипа Мүсілімді «бері шық» 
деп ордадан шығарып алды. Ордадан шығарып алып: «Бұған өкпелейтін 
орнымыз жоқ еді. Ашуы басылсын деп босқа өкпелеп отыр едім. Сен енді мына 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   219   220   221   222   223   224   225   226   ...   393




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет