Өтемісова гүлмира Жеткергенқызы КӨнерген аталымдар



Pdf көрінісі
бет222/393
Дата14.10.2023
өлшемі2,71 Mb.
#114284
1   ...   218   219   220   221   222   223   224   225   ...   393
Байланысты:
жыр әдеби тил

жамиғасы. 
Байлар да қазынасы көп бұл гауһарды, Алмады пұл жеткізіп 
ешбір ісі 
(Тұрмағамбет). 
Атамыз алыс болғанмен, 
Жамиғы 
қазақ бір туған. Бір 
бәлеге жолығар, Есебін таппай сөз қуған 
(«Үлкен советтік энциклопедия»). 
Зорлық қарадәуге әлі жетпейтін болған соң, әуелі алла тағала, екінші 
жамиғи
пайғамбарларға шапиғи келтіріп, әулиелерден медет сұрайды 
(«Бейбітшілік 
жасасын»).
 
Жампоз
– 1) 
қыран, бүркіт, батыр; 2) астаубас, аруана; екі өркешті 
күйіс қайтаратын ірі мал
. Қырғыз тілінде 
жампоз 
– 
бүркіттің бір түрі
деген 
сөз 
(КирРС., М., 1940, 157).
Жампоз
деген сөзге Сағатбек Медеубекұлы 
(«Арғымақтан туған қазанат...» немесе Махамбет жырларындағы атаулар 
астары) мақаласында жампозға былайша сипаттама береді: 
Жампоз
 
– бекпатша 
нардың таза бурасын қолбапша нардың ұрғашысына шағылыстырудан пайда 
болған тұқым. «Саны жуан, денесі жатаған, әрі сүтті, әрі күшті, суық пен 
ыстыққа шыдамды. Ешуақытта бақырып, жын төкпейді. Өркештері биік 
болмайды. Кеуде жағының екі тұлымы бар. Жүні тығыз, бұйра, түсі боз» 
(Парасат. – 2003 ж. №7. 2-4).
Малдың жайын ойласаң, Қыс қонысты көңге 
сал! Нар қорқады 
жампоздан
, Қысылсаң жүкті жөңге сал! 
(Ерімбет). 
Бұл арада 
батыр жүдесе, одан алым-салық алынбайды, жүк көтере алмайды дегенді 
айтқалы отыр: Ерден туған 
жампозға,
Арыса кірей сала алмас 
(Шернияз).
Жану
– 
үйкеу, сүйкеу.
Сөздің қымбат-арзанын Өзіңдей жігіт айырды. 
Қойып едім, шырағым Қағазға қалам 
жануды
(Нұртуған). 
Жарақ 
− қару, құрал. 
Н.А.Баскаков «
джар
– рубить, рассекать, джар-
акь оружие» − деп көрсетеді 
(Баскаков Н. А. Кар. яз. ч. І, М., 1952, 102). 
Көк 
сүңгі көксегенмен табыла ма, Тар жерде қолда қамшы – ол да 
жарақ.
Мен емес, 
ағайынға сен қорған едің, Жүлде алып, өз тайпаңнан озған саңлақ 
(Нұртуған).


168 
Жарғақ 
− құлынның, тайдың немесе ешкінің терісінен жүнін сыртына 
қаратып жасаған киім. 
Келген соң тыр жалаңаш біраз жүріп, Сонан соң мал 
терісінен 
жарғақ 
киген. Отты ойлап ең әуелі тапқанынша, Қамырды суға илеп 
шикі жеген 
(Нұртуған).
Ешкі сойғанның екі малы бар: мүйізі пышағына сап, 
терісі баласына 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   218   219   220   221   222   223   224   225   ...   393




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет