Жасауыл үй тінтпек
қылыштары жарқылдап
(Жамбыл). Руластар сойылмен, найзамен қаруланған
жасауыл жасақтап, оларды берешек адамның руының бір ақсақалының малын
барымталап келуге аттандырады
(М. Елеусізов). Барлық деректерді
қорытындылай келе,
жасауыл сөзінің түп төркіні
«ханның шабарманы» деген
мағынада екенін байқаймыз.
Жатақ −
1) отырықшы, жер кәсібімен шұғылданушы; 2) ауыс. ұя, ін. Көшпелілікті жойып, отырықшыланғандарды қазақтар әдетте
жатақ деп атаған
(М. Елеусізов). Айтып-айтпай немене,
Жатақ болып бөлініп, Мекеніне ел
қонды. Жұртқа аман жеткені, Кеуірден басын сауғалап, Байқастады оң-солды
(Нұртуған). Шекпені бар еді Сыддиқтың, Тіктіріп киген жаңадан. Жыртып
ошал шекпенді, Әр жыланның
жатағын Тығын қылып бекітті, Бір жапырақ
парадан
(Ерімбет). Жауһар (жәуһар, жәуһәр) −
1) істің мәні; 2) зат, нәрсе, материя; 3) қымбаттылар, құндылар; қымбат тастар . Жұмсақ-жұмсақ
жауһар тәніңді,
Аймаласам деп едім. Бал тіліңнен сүймекке, ынтызар бейбақ мен едім
(Нұртуған). Кеңесіме құлақ сал, Ақылды туған, Алашым! Сөзбенен шаштым
дүр,
жауһар Керегін таңдап аласың
(Нұртуған). Сақтаулы алтын қазына
жауһарымын, Аулақ жүр, неге керек кимелеген
(Ақан сері). Жауһар шашып
тастарынан Шаттанған шың Алатауым
(Т. Жароков). Қырық сан Қырым елінде,
Ал асыл
жәуһәр белінде...
(«Ер Тарғын»). Жәуһарыңды мыс қылмай, Сақтауға
керек ми артық. Тыңдашы, ей, даналар. Бұл сөзімді біл артық
(Н. Наушабаев). Тап-таза аппақ қардың мың құбылған
жәуһәрімен алтын күннің шұғыласы
шағылысып, ойнап, неше түрлі от шашты
(С. Сейфуллин). Қырық сан Қырым
елінде Ал асыл