196
алып қал, Деп келдім тұтылайын босағаңнан
(Нұртуған).
Құй
балта қыл,
құй
қылыш, Яки қанжар қыл пышақ. Сұғар қоңыр таппенен Осқылар болса жаяның,
Төгінді қара тұзбенен
(Ерімбет)
.
Құл, қыл, хілл
−
1) рұқсат етілген, ерік берілген; 2) заңды әрекет,
қимыл, жүріс.
Бұл сөз
бақұл, дақыл
сияқты сөздерде кездеседі.
Бахілл
арабтың
хілл
сөзі мен парсының
бә
демеулігінің қосылуынан пайда болған
(Л. Будагов).
«Қара көз, қызыл түкті жүз нар берсін, Бермесе Атымтайды деймін
бақыл!
Бұлайша ақыл таптым» дейді-дағы, Елшіден нама жазып қылды
дақыл
(Ерімбет).
«Сүйікті сұрағанға сөйлемеген,− Хадисте деп айтады
бақұл
болмас!» Ереке, егес сөзге қойма қадам, Тұтылып тұзағына, мысалы, ханнас!
(Ерімбет).
Құл-құтан
−
құл мен қотан (қора) маңындағы жұмыста жүретін
жарлы жақыбайлар. Құл
–
басында еркі жоқ, біреу үшін қызмет істейтін
басыбайлы ер адам.
Қырғыз тілінде
қутан –
жалшы дегенді білдіреді.
(КирРС.,
М., 1940, 404).
Қотан −
көптеген түрлі тілдерде қора, мал жататын орын
дегенді білдіреді.
Осы сөз өзбек тілінде
қутон
– бір қора қой, қой жататын
қоршалған ашық қора дегенді білдіреді
(УзРС., М., 1959, 638).
Еріксіз
жорғалайды тіл мен жағым. Сендерді бұрынғыдай күйде көрсем, Бір сергіп
қалар еді шыбын-жаным. Досың кім, дұшпаның кім жазбай танып, Қорғайық
құл-құтанның
келген бағын!
(Нұртуған).
Құл-құтан
мен кедейдің,
Арылмаған қашанда Маңдайына біткен сор, қайғы. Байлардан тепкі көрген соң,
Аштықтан өле берген соң, Барымта, ұрлық зорайды. Қашып шыққан шаруалар,
Құл-құтан
мен қаралар, Аулаққа салды кетегін
(Нұртуған).
Орынбор деген
қалаға. Жеті күннің ішінде, Сырға хандық құрмаққа Алып келді қағазын
Осындай бір жобада. Бай менен хан үлгіріп,
Құл-құтан
жүрді тобада
(Нұртуған).
Етікші, үйші, темірші, Заводшы, жалшы, көмірші. Жарлы-жалшы,
Достарыңызбен бөлісу: