Өтемісова гүлмира Жеткергенқызы КӨнерген аталымдар



Pdf көрінісі
бет296/393
Дата14.10.2023
өлшемі2,71 Mb.
#114284
1   ...   292   293   294   295   296   297   298   299   ...   393
Байланысты:
жыр әдеби тил

Он сан ноғай
түгел» дейді, Айтады көп деп таусылмас. 
Едігеден ері бар, Мұса ханмен ұрандас 
(Нұртуған). 
Орда 
− 
1) патша тұратын қала; 2) сәулетті үй.
Көне түркі тілдерінің 
ескерткіштерінде 
орду
 
– 
шах тұратын шаһар, орда (Қашқари М. Дев. луғ. турк 
Іт. Т., 1060, 145). 
Талма-талтүс болғанда, 
Ордасын 
ханның көреді. Аттарынан 
түсіп байлады, Ордадан қашық жерге кеп. Қауіптері де жоқ емес, Босанып аттар 
кетер деп 
(Нұртуған).
Ауыш бар ауылыңда бір мектептік, Соларды оқыт, қиын 
болса қарап жатпақ! 
Ордаға 
алыстағы ат шапқанша, Сен бақсайшы Сүйіндік 
пен Шегебайды-ақ 
(Ерімбет).
Жиренбай: Мынау-ау-у тұрған биік төбенің 
басына шықсаң, аржағында 
ордасы
көрініп тұр. Кеше жақында Сәтемір деген 
Ноғайдың елін шауып, алты мың жылқысын, Қағаз деген қызын алып келді. 
Сол қызбен екеуі 
орданың
ішінде жатыр» деп масаттана күлді 
(Нұртуған).
Сәскелік жерде 
орданың 
көрініп тұрғаны рас екен. Едіге жаяу жүріп отырып, 
ордаға
сәскеде жетті 
(Нұртуған).
Отызыңда 
орда
бұзбасаң, қырқыңда қырып 
келдім дегенге ешкім сенбейді 
(Мақал). 
Назым 
орданы
тегіс жинады, «Түс 
қайтуға жеткізбей, Бір ұршықтай жібекті Иіріп бер! − деп қинады 
(«Қамбар 
батыр»). 
От аға (отаға) 
− үй иесі, жанұя басы, түтін түтететін шаңырақтың 
қожасы, иесі. 
Аға сөзінің бір кездегі «бас, басшы» деген ауыспалы мағынасы 
ертеректе қалыптасқан ел ағасы, 
от ағасы
(қазірде біріккен сөз ретінде бірігіп 
отағасы болып жазылады) деген тіркестің бар екендігімен де дәлелдене түседі:
иесі, ел ағасы – белгілі бір қауымның (айталық, ауылдың, рудың, атаның т.б.) 
басшы адамы, 
от ағасы
– бір шаңырақтың басты адамы, иесі. Кейін 
отағасы 
сөзінің мағынасы жалпыланып, «жасы үлкен ер адам, сыйлы адам» дегенді 
білдіруге жұмсалып кеткені және көбінесе қаратпа сөз ретінде жұмсалатын 
болғаны байқалады 
(Сыздықова Р. Сөз. сөй. А., 2004, 17).
Алтайлықтар мен 
телеуттер сияқты қазақтар да ертеде отты әулие, ана деп есептеген. Оған «От 
ана, май ана, жарылқа!» немесе «от әулие, май әулие!» деп сиынатын. Бұрын 
отаға да осындай қасиетті ұғым болса керек. Кейін бұл екі сөз бірігіп, 
мағыналық өзгеріске түскен. Енді отаға әулие емес от жағатын, түтін түтететін 
семьяның басы, қожасы дегенге ауысты 
(Оңдасынов Н. Д. АҚТС. І т., А., 1984).
Әкесі бұл баланың ер Исатай, Көп жанға болып кеткен 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   292   293   294   295   296   297   298   299   ...   393




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет