Өтемісова гүлмира Жеткергенқызы КӨнерген аталымдар



Pdf көрінісі
бет304/393
Дата14.10.2023
өлшемі2,71 Mb.
#114284
1   ...   300   301   302   303   304   305   306   307   ...   393
Байланысты:
жыр әдеби тил

пари
– 
фея,
ауыспалы мағынасы – «асқан сұлу әйел». Халық аузындағы 
өлеңдерде де «айрықша, өзгеше» деген мағынада айтылады. Бұл біріккен сөз. 
Бірінші сыңары – 
пері,
екінші сыңары –
зат.
 
Соңғы сөз белгілі мағынасында 
(қара: адамзат) жұмсалып тұр 
(І. Кеңесбаев).
Таққа мінген ханша енді Жабысып 
келеді сауырға. Пәк жаралған 
перизат,
«Кірем,− деп,− мұсылман қауымға» 
(Нұртуған).
Қыздар: «Әлі жыныс – мағыл жыныс» деген. Әркім өзінің 
жынысымен болу керек. Сен адамзатсың, біз 
перизатпыз 
(Нұртуған).
Ақындар 
шығармаларында бұл ұғым көбінесе сұлу қыз туралы айтылады. Тіл буынсыз, 
бой – таза гүл, Ақылы артық, ары зор. Ол 
перизат 
өзің біл, Не болады болса 
қор 
(Абай).
Пүшәйман (пұшайман, пүшман)
− 
қайғы, қасірет, мұң, шер, өкініш.
Парсы тілінде 
пашиман
− 
өкіну, 
пашимани
– 
өкініш, қайғы
дегенді білдіреді 


215 
(ПРС., М., 1959, 150).
Өзбек тілінде 
пушайман
– 
өкінген адам, пұшайман жеу.
Сиынып Мәулімнияз әруаққа. Еске алып Едіге мен Мұса ханды, Сиынды өз 
әкесі ер Ораққа. Ісіне өзі қылған 
пүшәйман 
жеп, Келе жатыр көп опынып 
жалғыздыққа 
(Нұртуған).
Халыққа патша болды Ғали Арыстан, Көшкен соң 
бейопадан ғазиз Оспан. Айрықша Ғали Шерді қайғы басты, Марқұмның 
өлгеніне болып 
пүшман!
(Ерімбет). 
Атқа салдым пыстанды, Мен кеткесін 
атажан Ақыры жерсің 
пұшайманды
(«Алпамыс»); 

Пұшайман болды
– 
қапа болды, жасыды; қатты мұңайды, қатты 
өкінді. 
 

Пырақ 
− 
1) діни. Мұхаммедтің түнде жеті ықылымға сапар 
шеккендегі көлігінің аты; 2) ауыс. жүйрік ат.
Қарақалпақ тілінде 
пырақ 
– 
аңызға айналған қанатты ат
деген ұғымды білдіреді 
(КарРС., М., 1958, 541).
Атының өзі келе жатыр Жем жеген жерге 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   300   301   302   303   304   305   306   307   ...   393




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет